logo
Қз

Абайлаңыз: алаяқтар сыйақыға банктік шоттар ашуды ұсынады

Еуразиялық банк Қазақстанда “жеңіл табыс” түрінде таралып жатқан жаңа алаяқтық схема туралы ескертеді. Қаскүнемдер азаматтарға ақшалай сыйақы — шамамен 100 долларға банктерде бірнеше дебеттік шоттар ресімдеуді ұсынады. Іс жүзінде  — бұл ауыр қаржылық және қылмыстық салдарға әкелуі мүмкін.

 

Схема қалай жұмыс істейді
Атыңызға үш-төрт банктік шот ашуды сұрайтын белгісіз жіберушінің жеке хабарламасы арқылы ықтимал “жұмыспен” сізді қызықтыруы мүмкін. Бұл ретте шоттарды кем дегенде үш ай бойы жабуға болмайды, ал әңгімелесуші адамның операцияны жүргізу үшін кафеде кездесу жайлы қолқа салуының өзі күдік туындауына негіз болып табылады.



Алаяқтарға бұл не үшін қажет

Мұндай әрекеттер дропперлік схеманың бір бөлігі. Қаскүнемдер заңсыз жолмен, соның ішінде фишингтік шабуылдар, картамен алаяқтық жасау және бөгденің шоттарынан ұрлау арқылы алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін бөтен біреудің шоттарын пайдаланады. Тергеу жүргізілген жағдайда сіз тіпті үшінші тұлғалардың қылмыстық мақсаттары туралы білмесеңіз де өзіңіз ашқан шотта болатын барлық нәрсеге заңды түрде сіз жауап бересіз.

 

Бұл неге әкелуі мүмкін
• Қаржылық жауапкершілік. Тергеу жағдайында шоттағы барлық әрекеттер үшін иесі жауапты болады.

• Қылмыстық жауапкершілік. Ақшаның ізін жасыру схемаларында шотты пайдалану ҚР ҚК-нің бабына әкеп соғуы мүмкін.
• Кредит тарихына байланысты туындайтын қиындықтар. Мұндай әрекеттер сіздің қарыз алушы және клиент ретіндегі беделіңізге нұқсан келтіруі мүмкін.

 

Өзіңізді қалай қорғауға болады
• Ешқашан үшінші тұлғалардың өтініші бойынша шот ашпаңыз.
• Жеке деректеріңізді бөгде адамдарға бермеңіз.
• Осындай ұсыныстар туралы полицияға немесе банктің қолдау қызметіне хабарлаңыз.
• Күмән туындаған кезде ресми дереккөздерді тексеріп, банк қызметкерлерімен кеңесіңіз.

 

Қаржылық қауіпсіздік саналы мінез-құлықтан басталады. Еуразиялық банк барлық қазақстандықтарды сақ болуға және оңай табыс табу туралы уәделерге сенбеуге шақырады.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.