Eurasian Bank — қазақстандық коммерциялық қаржы институты. 2019 жылы біздің құрылғанымызға 25 жыл толады.Осы уақыт ішінде банк танымал брендке айналып, бәсекелестігі жоғары қаржылық қызметтер нарығында өз орнын қалыптастырды.
Біз — жеке тұлғаларға қызмет көрсетуге негізделген, сонымен қатар шағын, орта және корпоративті бизнестерге банктік қызметтер көрсететін әмбебап қаржы институтымыз.
Eurasian Bank-інің ел аумағы бойынша 17 филиалы және 114 бөлімшесі бар. Біздің командамыздағы 5 000 астам мамандар күн сайын тауарлар мен қызметтерді дамытумен қатар, тұтынушыларға қызмет көрсетуді жақсарту бойынша алға қойылған мақсаттарға жетуде.
2019 жылғы қыркүйек айында Moody’s банкке ұлттық және шетел валютасындағы ұзақ мерзімді депозиттер бойынша S&P және Fitch агенттіктерінің В рейтингіне ұқсас B2 деңгейіндегі рейтингті берді.
2017-2022 стратегиясы
Тұтынушылар үшін ең ыңғайлы банкке айналу
Үздік жұмыс берушіге айналу
Акционерлер мен инвесторлар үшін кірісті банк атану
Мүмкіндіктер
Smartbank-те ақшаңызды басқарыңыз.
Ақшаңызды әлемдегі кез келген банкоматтан комиссиясыз шешіп алыңыз.