2021 жылғы 23 маусымда басқарма мүшесі, банк басқарма Төрағасының орынбасары болып сайланды.
Халықаралық қатынастар, қарыз міндеттері мен акционерлік капиталды шығару мәселелері, сондай-ақ кастодиандық операциялармен қоса, қазынашылық операциялар блогының қызметтерін басқарады.
Мансабын 2005 жылы банк секторында бастады. Осы уақыт ішінде бөлшек бизнес, ШОБ, кепілмен қамтамасыз етуді бағалауды қосқанда, банк ісінің түрлі салаларында ауқымды жұмыс тәжірибесін жинақтады. Соңғы 10 жыл бірқатар қазақстандық банктердің қазынашылық бөлімшесін басқарды.
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеттің «Қаржы және банк ісі» мамандығының түлегі.