Common Reporting Standard (бұдан әрі – CRS), ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және дамыту ұйымы) әзірлеген стандарт, ол оффшорлық юрисдикцияларды қолдана отырып, жаһандық салық төлеуден жалтарудың алдын алуға және ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.
2018ж. 6 маусымда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – ҚР МКК) төрағасы Қаржы шоттары туралы ақпаратпен құзырлы органдардың автоматты түрде алмасуы туралы көпжақты келісімге қол қойды (Көпжақты Келісім).
Көпжақты келісім Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 267-V ҚРЗ Заңымен ратификацияланған, Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияның (бұдан әрі – Конвенция) (бұдан әрі – Страсбург Конвенциясы) 6- бабына негізделеді, және Дүние жүзі бойынша қаржылық ұйымдарда орналасқан ЭЫДҰ елдерінің тізіміне кіретін салық төлеушілердің қаржы шоттары бойынша ақпаратпен автоматты түрде алмасудың (CRS) бірыңғай стандартын енгізуді қарастырады.
CRS мақсаты үшін Банк Сіздің «салық резиденті» болып табылатыныңызды анықтауы тиіс (әдетте, қандай да бір елдің/юрисдикцияның салық резиденті болып сол елде/юрисдикцияда кірісіне немесе пайдасына салық төлеуге міндетті тұлғасы табылады). Біз Сіздің «салық резиденті» мәртебеңізді бізде бар ақпараттың негізінде анықтаймыз, сондай-ақ Сізден қосымша ақпарат сұрауымыз мүмкін.
Сізге не істеу қажет?
CRS мақсаты үшін Сіздің мәртебеңізді растау үшін тиісті нысанды толтыру және толтырылған нысанды Банктің кез келген Бөлімшесіне/Филиалына ұсыну қажет.
Назар аударыңыз, егер Сіз бізбен әртүрлі бағыттар бойынша ынтымақтастықта болсаңыз, ақпарат беру туралы бірнеше сұрау алуыңызға болады.
Сұрақтарыңыз бар ма?
Егер сұрақтарыңыз болса, Сізден Екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиандардың, орталық депозитарийлердің, бағалы қағаздарды номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдерімен танысуыңызды өтінеміз. Құжат, басқа материалдар ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында орналасқан http://kgd.gov.kz/ru/content/pravila-i-forma-otchetnosti-1
Банк өз клиенттеріне CRS талаптарына сәйкес салық резиденттігін анықтау мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсетпейді. Осы мәселе бойынша салық кеңесшісіне хабарлассаңыз болады немесе әр түрлі мемлекеттер үшін салық резиденттігі туралы ақпаратпен Экономикалық ынтымақтастық және дамыту ұйымының порталынан танысуыңызға болады http://www.oecd.org/tax/automatic-exchange/crs-implementation-and-assistance/tax-residency/#d.en.347760