Банктің комплаенс қызметінің ресми парақшасына қош келдіңіздер!
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес банкте комплаенс-тәуекелдерді басқару функциясы енгізілген.
Комплаенс қызметі банк пен оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының азаматтық, салықтық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, бағалы қағаздар нарығы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының, банктің қызмет көрсету және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру тәртібін регламенттейтін банктің ішкі құжаттарының, сондай-ақ банк қызметіне ықпал ететін шет мемлекеттердің заңнамасының талаптарын сақтауын бақылайды.
Банктің комплаенс қызметі өз жұмысында “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы” Қазақстан Республикасының Заңын, “Екінші деңгейдегі банктер үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы №188 қаулысын, Қазақстан Республикасының банктің қызмет көрсетуін және қаржы нарығында операциялар жүргізуін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ банктің ішкі нормативтік құжаттарын басшылыққа алады.
Банк сондай-ақ өз қызметін “Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы” 2009 жылғы 28 тамыздағы № 191-IV ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңының, “Шетелдік шоттарға салық салу туралы” АҚШ Заңының (FATCA), сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 267-V ҚРЗ Заңымен ратификацияланған, Конвенцияның салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек көрсету туралы 6-бабына негізделген, бүкіл әлем бойынша қаржы ұйымдарында орналасқан ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) тізіміне кіретін елдердің салық төлеушілерінің қаржылық шоттары бойынша автоматты түрде ақпарат алмасудың бірыңғай стандартына бағытталған Көпжақты келісім шеңберінде жүзеге асырады.
Егер Сіз “Еуразиялық банк” АҚ қызметінің барысында банк қызметкерлерінің ҚР заңнамасын, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ “Еуразиялық банк” АҚ ішкі нормативтік құжаттарын, этикалық нормаларды бұзғанын байқасаңыз, Сіз төменде келтірілген нысанды толтыра отырып, банктің Комплаенс қызметіне тікелей авторизацияланған хабарламаны жолдау арқылы жүгіне аласыз.
Егер Сіздің қаржылық қызметтердің тұтынушысы ретіндегі құқықтарыңыз бұзылған болса, банктің комплаенс қызметі дереу жедел әрекет ету шараларын қабылдайды.