Қазақстанда цифрлық алаяқтық жаңа деңгейге шығып келеді – қаскүнемдер фишинг пен жалған сайттарды ғана пайдаланып қоймай, олардың нұсқауларын мүлтіксіз орындап, ақшасын өз еркімен бере салатын бүтіндей сценарий ойластырады.
Схемалар қалай жұмыс істейді.
Осындай жағдайлардың біріне Петропавл қаласының тұрғыны өзінің қаржы жағдайын келістіріп алғысы келіп, “биржа ойындарына” қатысамын деп шешеді.
Алғашында бәрі шынайы көрінген: оған “инвестициялық менеджер” байланысқа шығып, платформаға тіркелуге көмектеседі, мұнда жеке кабинетінде өсіп келе жатқан доллар сомасы көрінген. “Кірістің” өсіп келе жатқанына көз жеткізгеннен кейін, 19 миллион теңгені аударып жібереді. Алайда ол ақшаны шығаратын кезде “инвесторлар” жоғалып кеткен.
Тағы сондай схемалардың біріне Алматы қаласының тұрғыны тап болады. Бәрі сол зиянсыз телефон қоңырауынан басталған: оған SIM-картасының мерзімін ұзарту қажеттігін хабарлап, SIM-код жіберіп, оны дауыстап айтып беруін сұрайды. Артынша “банк қызметкерімін”, “Ұлттық Банк қызметкерімін”, “киберқауіпсіздік бөлімінен” деп таныстыратын телефон қоңыраулары түседі. Әйел кісіге оның атынан кредит ресімделгенін және жүйе екеуінің де күшін жою үшін шұғыл түрде “қарсы өтінім” беру қажеттігін хабарлайды. Ол қарыз ресімдеп, ақшаны шешіп алады да, өз қаражатын қорғап жатырмын деген нық сеніммен оны нұсқау бойынша көрсеткен шотқа аударады.
Күні бойы оған “алаяқтар қолжетімділік алады” деп нандырып, телефон тұтқасын қоюға болмайтынын айтады. Соңында осының бәрі жете пысықталған алаяқтық схемасы екендігі анықталды. Нәтижесінде 7 миллион теңгедей қарызбен қалып, тергеу көмегіне үмітті болған.
Ақмола облысында ер адаммен де осындай жағдай орын алған. Ер адамға алдымен шетелдік нөмірден хабарласады, ХҚКО қызметкерімін деп таныстырып, оның атына маңызды құжаттардың түскенін хабарлайды. Оларға қол жеткізу үшін қаскүнем SMS кодын дауыстап айтуын сұрайды. Содан кейін оған “Банктен”, артынша “полицияданмын” деген қоңыраулар түсе бастайды. Олар оның атына кредит ресімделгенін және сегіз банк қосымшасын орнату арқылы “өтінім күшін жою” қажеттігі туралы сендіреді. Соңынан бейне қоңырау арқылы бір адам байланысқа шығып, оның нұсқауларын қатаң орындауын талап еткен. Нәтижесінде ер кісі өз қаражатын алаяқтардан қорғадым деп ойлап, 9 миллион теңгесін аударып жібереді.
Осы жағдайлардың бәрі зардап шеккен адамдардың мұқиятсыздығын немесе сенгіштігін білдіреді. Керісінше олар өз қаражаттарын, шоттарын қорғап қалу, “ресми органдардың” нұсқауларын орындауға тырысып бақты.
Жаңа қауіп деген осы, яғни алаяқтар психологиялық қысым көрсете отырып, шындыққа жанасатын аңыз ойлап тауып, шұғыл әрекет етіп, өз істерін ресмилік және қауіпсіздікпен бүркемелейді.
Еуразиялық банк белгісіз нөмірлерден жасалынған телефон қоңырауларына сенім артпауды, асығыс шешім қабылдамауды және ақпаратты ресми арналар арқылы тексеруді ескертеді.
Мұқият болыңыз, осы ақпаратпен өз жақындарыңызбен бөлісіп, жасалған қысымға бой ұрып, қаржыға қатысты шешім қабылдамаңыз.