logo
Қз

Алаяқтар "сөзге тарту" арқылы деректерді ұрлап, зиянды БЖ арқылы ақша ұрлайды

Еуразиялық банк ескертеді: алаяқтар күн сайын күрделі алдау тәсілдерін меңгеріп келеді.  Тіпті әдеттегі “сұхбаттасу” немесе жүктелген қосымшаның сілтемесі де елеулі қаржы шығындарына әкелуі мүмкін. Біз жинаған ақшаңызды қалай сақтау керектігі туралы өзекті схемалар мен ұсыныстарды жинадық.

 

Деректерді ұрлайтын “онлайн-сұхбаттасу”.

 

Қаскүнемдер өздерін  HR-менеджерлері ретінде таныстыра бастады.  Сұхбаттасуға шақыру мессенджерлер немесе әлеуметтік желілерге келеді.  форматы – Google Meet арқылы бейне кездесу. Алайда сілтемесі Google-аккаунттың логині мен құпия сөзін енгізуді сұрайтын жалған сайтқа әкеледі.
Нәтижесінде алаяқтар сіздің поштаңызға, бұлтыңыз бен банктерден келген хабарламалар мен басқа жеке ақпаратыңызға қол жеткізеді.

 

Не істеу керек:

  • сыртқы сілтемелер бойынша өзіңіздің логиніңіз бен құпия сөзіңізді ешқашан енгізбеңіз
  • сайт мекенжайын үнемі тексеріңіз (ол https://meet.google.com-нан басталуы тиіс)
  • екі факторлы аутентификацияны пайдаланыңыз – бұл сіздің құпия сөзіңіз белгілі болса да, деректеріңізге қол жеткізу мүмкіндігін қиындатады.

 

SuperCard — СМС пен қоңыраусыз  ақша ұрлау

 

SuperCard жаңа зиянды қосымшасы пайдалы сервис, соның ішінде “банктік” сервис ретінде тарайды.  Іс жүзінде ол жанасусыз NFC арқылы төлем жасағанда деректерді сіздің картаңыздан ұрлап алады.  Нәтижесінде алаяқтар қаражатты сіздің барлық шоттарыңыздан есептен шығарып алады.


Схеманың ерекшелігі – қосымшаның бөгде сайттар мен Telegram арналары арқылы APK файл пішімінде таратылады, яғни пайдаланушының өзі зиянды бағдарламаны орнатады.

 

Қалай қорғану керек:

  • Қосымшаларды тек ресми дүкендерден ғана орнатыңыз (Google Play, App Store).
  • Күмәнді бағдарламаларға NFC-қызметтерінің қолжетімділігін бермеңіз.
  • Қосымша сұратқан рұқсаттарды тексеріңіз.
  • NFC-ті тұрақты негізде қолданбасаңыз, оны өшіріп тастаңыз.

 

Алаяқтар сенімге кіріп алады, сондықтан кез келген ойланбаған әрекет қымбатқа соғуы мүмкін.

 

Еуразиялық банк мұқият болып, цифрлық тазалықты сақтауға шақырады.  Жеке ақпарат пен қаржылық деректерге ұқыпты қарау — интернеттегі қауіпсіздік кепілі.

 

Сақ болыңыз-алаяқтарға бірде бір мүмкіндік бермеңіз.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.