logo
Қз

Алаяқтар сіздің қатысуыңызсыз сіздің атыңыздан кредитті қалай ресімдейді?

Кибералаяқтық барған сайын күрделене түсуде және ең қауіпті схемалардың бірі – біреудің атына жалған кредит ресімдеу. Қазақстандықтар ешқашан ресімделмеген қарыз туралы естіп-білу жағдайына жиі-жиі тап болуда. Бұл қалай іске асады, азаматтардың деректері қалайша алаяқтардың қолына түседі, ең бастысы – өзіңізді қалай қорғауға болады?

 

Қаскөйлер сіздің деректеріңізді ұрлайды

 

Біреудің атына кредитті небәрі бірнеше минут ішінде ресімдеуге  болады – ол үшін аз ғана ақпарат жеткілікті екен. Жеке куәліктердің көшірмелері, ЖСН, телефон нөмірлері  қолданылады екен.

 

Олар әртүрлі тәсілдермен алынады:

  • Жалған сайттар мен қосымшалар. Пайдаланушылар жеке деректерін онлайн-банкингке немесе мемлекеттік қызметтер сервистеріне ұқсас жалған сайттарға енгізеді, яғни олардың ақпараты алаяқтардың қолына түскенінен бейхабар болады.
  • Кездейсоқ таралуы. Автокөлікті сату, тұрғын үйді жалға алу немесе күмәнді сауалнамаларды толтыру кезінде адамдардың өздері құжаттарының фотосуретін орналастырады. Бұл деректер қара нарыққа шығып кетуі мүмкін.

 

Кредит қалай рәсімделеді?

 

1. МҚҰ-дағы онлайн-қарыздар

Көптеген микроқаржы ұйымдары қарыз алушыны куәліктегі фотосурет арқылы тексере отырып, оған қашықтан кредит береді. Заманауи технологиялар мұндай суреттерді жалған жасауға немесе deepfake көмегімен жалған тұлғаны жасауға мүмкіндік береді.

 

2. Мобильді нөмірді бұзу

Егер алаяқтар  SIM картаның телнұсқасын шығара алса, олар сіздің банктік SMS-ке қол жеткізе алады және сіздің атыңыздан операцияларды растай алады.

 

Жалған кредиттің құрбаны болмау үшін не істеу керек:

  • Ешқашан құжаттардың көшірмелерін мессенджерлер мен әлеуметтік желілерге салмаңыз.
  • Онлайн тіркелулерден сақ болыңыз. Күмәнді сайттарға жеке деректерді енгізбеңіз.
  • Банк пен кредиттік бюролардың хабарламаларын қосыңыз. Егер сіздің атыңызға кредит алуға әрекет жасалса, сіз бірден біле қоясыз.
  • kz арқылы кредитке тыйым салу – бұл кредиттерге байланысты алаяқтықтан қорғайды.
  • Бірінші кредиттік бюро арқылы кредиттік тарихты оқтын-оқтын тексеріп отырыңыз.

 

Егер сіздің атыңызға кредит рәсімделсе, не істеу керек?

 

1. Барлық дәлелдерді (SMS, қоңыраулар, хаттар, скриншоттар) сақтаңыз және полицияға арыз жазыңыз. Арызда сізге берілген кредит туралы бүкіл ақпаратты егжей-тегжейлі сипаттаңыз.

2. Банкке немесе микроқаржы ұйымына кредиттің сіздің атыңызға алаяқтық жолмен рәсімделгені туралы өтінішпен жүгініңіз.

 

Сіздің тарапыңыздан болған шұғыл және дұрыс әрекеттер сізге жағдайды шешуге көмектеседі.

 

Өзіңізді және қаржыңызды қорғаңыз!

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.