logo

Apple Pay Еуразиялық банктің Visa карталарын ұстаушыларға қолжетімді болуда

Оңай, қауіпсіз және жеке төлем құралы

2020 жылғы 15 қыркүйек, Алматы
Бүгіннен бастап Еуразиялық банк шығарған Visa карталарын ұстаушылар жылдамдық пен ыңғайлылықты ұсына отырып, мобильді төлемдер саласын толығымен өзгертетін оңай, қауіпсіз және жеке төлем құралы – Apple Pay-ды пайдалануға мүмкіндік алды. IPhone, Apple Watch, iPad және Mac пайдаланушылары енді Apple Pay-дың арқасында дүкендерде де, қосымшаларда да немесе сайттарда да сатып ала алады.

 

Қауіпсіздік пен құпиялылық Apple Pay-ге негізделген.  Apple Pay-ге картаны қосқан кезде, карта нөмірі құрылғыда да, Apple серверлерінде де сақталмайды.  Оның орнына құрылғының бірегей есептік жазба нөмірі беріледі, ол шифрланады және құрылғының “Қауіпсіз Элементі” чипінде қауіпсіз түрде сақталады.  Әрбір транзакция динамикалық түрде берілетін бірегей бір реттік құпия кодтың арқасында авторланады.

 

Apple Pay-ды күйге келтіру өте оңай*, бұл ретте клиенттер жанасусыз төлемдер үшін Еуразиялық банктің 1% бонустарын алады.

 

Apple Pay сізге дүкен кассаларында, сондай-ақ iPhone және Apple Watch көмегімен қосымшалар мен сайттарда сатып алуды өте оңай жасауға мүмкіндік береді.  Apple Pay арқылы қосымшаларда немесе Safari-де сатып алуларды төлеген кезде, енді байланыс деректері бар ауқымды құжаттарды қолмен толтырудың немесе жеткізу және шот-фактура ұсыну туралы деректерді қайта енгізудің қажеті жоқ.  Apple Pay арқылы әрбір сатып алу Touch ID-ге саусағыңызды бір рет тигізу немесе Face ID арқылы операцияны растау үшін iPhone экранына қарау немесе құрылғыдағы код-құпия сөзді  енгізу арқылы расталады.

 

Apple Pay туралы егжей-тегжейін apple.com/ru/apple-pay/-дан оқыңыз

 

“Еуразиялық банк” АҚ PR-қызметі
+7 (727) 259-95-99,  ішкі: 4401
press@eubank.kz
eubank.kz

 

* Картаны Apple Pay-ге қосу үшін Apple құрылғысынан Wallet қосымшасын ашып, «+» белгісін басу керек, төлем картасын қосу үшін картаны сканерден өткізу немесе оның нөмірін қолмен енгізу қажет.  Бұдан кейін картаның деректері — CVV, қолданылу мерзімі және SMS -тен келген бір реттік құпия сөз енгізіледі.  Осы сәттен бастап тауарлар мен қызметтер үшін пластикалық карталарсыз есеп айырысуға болады.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.