logo
Қз

AsiaCredit Bank салымдары, шоттары мен карточкалары бойынша төлем сомасын тексеріңіз.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Астана Банкі» АҚ пен «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ

салымшыларының назарына!

 

«Астана Банкі» АҚ пен «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ салымшыларын өтем алу жөніндегі өтінішті онлайн беру мүмкіндігімен қамтамасыз ету үшін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры төлемдердің электрондық порталын іске қосу бойынша техникалық жұмыстарды жүргізіп жатқандығын хабарлаймыз. Осыған байланысты 2021 жылдың 7 желтоқсанынан бастап, «Еуразиялық банк» АҚ бөлімшелері арқылы «Астана Банкі» АҚ пен «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ салымшыларынан кепілдік берілген өтемді төлеуге жазбаша өтініштер қабылдау уақытша тоқтатылады.

 

Өтініштерді қабылдауды қайта бастау күні туралы қосымша ақпарат беріледі.

 

«Еуразиялық банк» АҚ бөлімшелеріне бармас бұрын, банктің байланыс орталығының +7 (727) 332-77-22 (E-mail: contactcenter@eubank.kz.) телефон нөмірі  және Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының 1460 (E-mail: kdif@kdif.kz) телефон нөмірі бойынша өтініш қабылдауды қайта жалғастыру уақытын алдын ала нақтылауға кеңес береміз.

Құрметті клиент

AsiaCredit Банк салымдары, шоттары мен карточкалары бойынша төлем сомасын тексеріңіз

Маңызды! Егер ЖСН бойынша көрсетілген телефон нөмірі болмаса, ақпарат берілмейді.


AsiaCredit Банк-пен жасалған шартта көрсетілген телефон нөмірін енгізіңіз.


Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Банк өтемақыны 2021 жылғы 24 ақпанда төлей бастайды. Төлемдер 2022 жылдың 1 мамырына дейін жалғасады.

Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер AsiaCredit Bank-те ашылған депозиттерде, ағымдағы шоттарда және төлем карточкаларында орналастырылған ақшаны кепілдікті өтем арқылы алуға құқылы.

Кепілдікті өтем AsiaCredit Bank-те ашылған депозиттер, ағымдағы шоттар және төлем карточкалары бойынша төленеді.

Кепілдік берілген өтемді төлеу ең жоғары кепілдік берілген сома мен кредиттік міндеттемелерді ескере отырып, “ AsiaCredit Bank ” АҚ тарату комиссиясы ұсынған кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді есептей отырып, депозиторлар тізімінде көрсетілген мөлшерде жүзеге асырылады.

 

Түрі мен валютасына байланысты кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілдік өтемі:

– ұлттық валютадағы жинақтау салымы  (депозит) бойынша  20 миллион теңгеден аспайды;

–  ұлттық валютадағы басқа  салымдар бойынша (ағымдағы шоттар мен төлем карточкалары) 10 миллион теңгеден аспайды;

– шетел валютасындағы депозиттер бойынша (ағымдағы шоттар мен төлем карточкалары) 5 миллион теңгеден аспайды.

 

Бұл ретте егер сіздің әр түрлі валюта мен түрлері бойынша  бірнеше салымдарыңыз болса, онда депозиттің  әрбір түрі бойынша белгіленген лимиттерді ескере отырып, олар бойынша кепілдік өтем жиынтығында 20 миллион теңгеден аспауға тиіс.

 

ҚДКБҚ ақшаны банкті лицензиядан айыру күніне есептелген сыйақымен бірге төлейді. ҚДКБҚ шетел валютасындағы салымдар бойынша өтемді банк лицензиясынан айырылған күнгі айырбас бағамы бойынша теңгемен есептейді және төлейді.

Кепілдікті өтем тек ұлттық валютада төленеді. Шетел валютасындағы салымдар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2021 жылғы 12 ақпандағы бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі:

USD — 417,6 KZT.
EUR — 506,47 KZT.
RUB — 5,66 KZT.
GBP — 577,71 KZT.

AED — 113,7 KZT.

CHF —  469,27 KZT.

“Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қоры” АҚ арнайы қордың қаражаттары есебінен AsiaCredit Bank-тің салымшыларына өтемді төлеу үшін Еуразиялық банкті ақшалай қаражаттармен толық көлемде қамтамасыз етеді.

Өтемді төлеу 5 тәсілмен жүзеге асырылады:

  • Еуразиялық банктің жаңа картасына аударыммен.
  • Еуразиялық банкте депозит, ағымдағы немесе карточкалық шот ашылған болса, соларға аударыммен.
  • Еуразиялық банктағы жаңа депозитке немесе ағымдағы шотқа аударыммен.
  • Кассадан қолма-қол ақшамен.
  • Басқа банкке аударыммен.

Маңызды! Сіздің қауіпсіздігіңіз бен денсаулығыңызды сақтау үшін Еуразиялық банк өтемді қашықтықтан картаға алу тәсілін таңдауды ұсынады. Төлемді eubank.kz сайтында біздің картамызға онлайн тапсырыс беріп, тікелей үйден алуға болады. Ақша картаны алғаннан кейін және қажетті құжаттарға, оның ішінде шабарман арқылы жаңа картамен бірге жолданатын Кепілдікті өтемді төлеу туралы және ұлттық валютадағы ақша аударымына өтініштерге қол қойылғаннан кейін 5 күн ішінде түседі.

Назар аударыңыз!

Өтемді ішінара алуға болмайды (мысалы, бір бөлігін депозитке, бір бөлігін қолма-қол ақшамен немесе картаға), тек толық сома алынады. Алғаннан кейін қаражатты сіз өз қалауыңыз бойынша бөле аласыз.

Кепілдік өтемақыны қолма-қол ақшамен алу кезінде, Еуразиялық банктегі ағымдағы немесе жаңа депозиттік шотқа аудару арқылы комиссия алынбайды.

Еуразиялық банктегі ағымдағы немесе жаңа картадан кепілдік өтемақыны алу кезінде, сондай-ақ аудару кезінде Еуразиялық банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес комиссия алынады. Толығырақ «Тарифтер».

Басқа банктегі шотқа аудару кезінде Еуразиялық банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес комиссия алынады. Толығырақ «Тарифтер».

  1. ЖСН бар жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы.
  2. Сондай-ақ, “Еуразиялық банк” АҚ-қа жүгінген кезде сізге кепілдікті өтемді төлеуге өтініш берілетін болады, оны өз қолыңызбен толтыруыңыз қажет. Қажеттілік туындаған болса, банк қосымша құжаттарды сұрайтын болады*.

Егер сіз сенім білдірілген тұлға болсаңыз, өтемді алу үшін сізге:
1. Сенім білдірілген тұлғаның ЖСН-і бар жеке басын куәландыратын құжатының түпнұсқасы.
2. “AsiaCredit Bank” АҚ-та ашылған салымдар бойынша “Еуразиялық банк” АҚ-та кепілдікті өтемді алу құқығына сенімхаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған сенімхат.
3. Сондай-ақ, “Еуразиялық банк” АҚ-қа жүгінген кезде сізге кепілдікті өтемді төлеуге өтініш берілетін болады, оны өз қолыңызбен толтыруыңыз қажет. Қажеттілік туындаған болса, банк қосымша құжаттарды сұрайтын болады*.

Егер сізге өтем мұра берілсе, сізге келесілер қажет:
1. 1. Мұрагердің ЖСН-і бар жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы.
2. Мұраға құқық туралы куәлік (немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі) немесе оның заңды күшіне енгені туралы белгісі бар сот шешімі.
3. Депозитордың қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі және заңнамада және “Еуразиялық банк” АҚ ішкі құжаттарымен қарастырылған өзге де құжаттар.
4. Сондай-ақ, “Еуразиялық банк” АҚ-қа жүгінген кезде сізге кепілдікті өтемді төлеуге өтініш берілетін болады, оны өз қолыңызбен толтыруыңыз қажет. Қажеттілік туындаған болса, банк қосымша құжаттарды сұрайтын болады*.

Егер тегіңізді, атыңызды немесе әкеңіздің атын өзгерткен болсаңыз, келесі құжаттар қажет болады:
1. Жеке тұлғаны куәландыратын құжат (ЖСН көрсетілген) түпнұсқасы;
2. Азаматтық хал актілерін тіркейтін органдар берген неке қию туралы куәлік немесе тегін, атын және әкесінің атын (бар болса) ауыстыру туралы куәлік.

3. Сондай-ақ, “Еуразиялық банк” АҚ-қа жүгінген кезде сізге кепілдікті өтемді төлеуге өтініш берілетін болады, оны өз қолыңызбен толтыруыңыз қажет. Қажеттілік туындаған болса, банк қосымша құжаттарды сұрайтын болады*.

Егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз (шаруа немесе фермер қожалығының субъектісі, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат немесе кәсіби медиатор-Қазақстан Республикасының резиденті), сізге келесілер қажет:
1. ЖСН-і бар жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы.
2. Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, шаруа (фермер) қожалығын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе нотариалдықық/адвокаттық қызметті немесе жеке сот орындаушысының қызметін жүзеге асыруға лицензия.
3. Сондай-ақ, “Еуразиялық банк” АҚ-қа жүгінген кезде сізге кепілдікті өтемді төлеуге өтініш берілетін болады, оны өз қолыңызбен толтыруыңыз қажет. Қажет болған жағдайда банк қосымша құжаттарды сұрата алады*.
* Қосымша құжаттардың тізімі
Сенім білдірілген тұлға өтініш білдірген жағдайда: сәйкестендіру құжаттарында депозитордың жеке басын куәландыратын деректер болмаса, депозитордың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (ЖСН-і бар).

Егер өтініш берушінің өкілеттігі нотариалды куәландырған сенімхатпен расталса, онда сенімхаттың:

Депозитордың, мұрагердің өкілі немесе шетелдік азамат болып табылатын өзге де өтініш беруші өтініш жасаған жағдайда, оларға нотариалды куәландырған сенімхат беріледі. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда сенімхатқа апостиль қойылуы немесе консулдық заңдастырылуы қажет. Егер сенімхат жасалып, апостиль шет тілінде ресімделген болса, депозитордың немесе өтініш берушінің өкілі мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аудармасы белгіленген тәртіппен нотариалды куәландырылған, апостиль қойылған сенімхат ұсынады.
Құжаттар тізімін жүктеу.
“AsiaCredit Bank” АҚ-ғы шот нөмірі белгісіз жағдайлар үшін сенімхат үлгісін жүктеу.

“AsiaCredit Bank”АҚ-ғы шот нөмірі белгілі болған жағдайлар үшін сенімхат үлгісін жүктеу.

Ата-ананың келісімінің ұсынылатын нысаны.

Ақшалар жүгінген кезде берілетін болады. Сенімді тұлғаларға, мұрагерлерге, жеке кәсіпкерлерге, кәмелетке толмағандарға, аты-жөнін өзгерткен депозиторларға ақша беру заңи қорытынды жасау қажеттілігіне байланысты кепілдікті өтемді төлеу құқығын растайтын барлық қажетті құжаттарды ұсынған күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі

Депозит кепілді өтеуді төлеу құқығын растайтын барлық қажетті құжаттарды ұсынған жағдайда, өтінім жасалған күні ашылады.

Ақша жаңа депозит ашылған немесе ағымдағы депозитке аударылған күні түседі.

Атаулы емес карта кепілдікті өтемді төлеу құқығын растайтын барлық қажетті құжаттар ұсынылған жағдайда өтініш жасалған күні шығарылады.

Ақша кепілдікті өтем ағымдағы картаға аударылған күні есептеледі.

Ақша картаны алғаннан кейін және қажетті құжаттарға, оның ішінде шабарман арқылы жаңа картамен бірге жолданатын Кепілдікті өтемді төлеу туралы және ұлттық валютадағы ақша аударымына өтініштерге қол қойылғаннан кейін 5 күн ішінде түседі.

Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары бойынша жеткізу — 3 жұмыс күніне дейін, басқа өңірлер бойынша 5 жұмыс күніне дейін.

Карта төлем сомасын көрсетілетін төлем туралы өтінішпен бірге жеткізіледі.

Аударым келесі банктік жұмыс күні жүзеге асырылады.

Банкаралық аударымдар, сондай-ақ бюджетке төлемдер 15:50-ден кейін және/немесе демалыс/мереке күндері жасалған кезде қаражатты аудару күні келесі банктік жұмыс күні болып есептеледі.

Жеке тұлғаларға қызмет көрсететін банктің кез келген бөлімшесіне жүгінуге болады.

Бөлімшелердің жұмыс кестесі мен мекенжайларын eubank.kz-те  Бөлімшелер мен терминалдарбөлімінен қараңыз.

Нұр-Сұлтандағы екі бөлімше (Момышұлы к-сі 4; Кенесары д-лы 44), Атырау (Баймұқанов к-сі 60а), Павлодар (Камзина к-сі 168) “AsiaCredit Bank” АҚ бойынша кепілдікті өтемді алудың тек 4 қолма-қол ақшасыз тәсілін ұсынады:

  1. “Еуразиялық банк” АҚ жаңа картасына аударым.
  2. “Еуразиялық банк” АҚ-ғы депозитке, ағымдағы немесе карточкалық шотқа аударыммен, егер осындайлар ашылған болса.
  3. “Еуразиялық банк” АҚ-ғы жаңа депозитке немесе ағымдағы шотқа аударым.
  4. Басқа банкке аударым.

Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты банкке барар алдында бөлімшелердің жұмыс кестесін тексеруге кеңес береміз.

Егер сіздің жеке басты куәландыратын құжатыңызда ЖСН болмаса:
1) уәкілетті органнан ЖСН алу қажет.
2) ЖСН алғаннан кейін кепілдікті өтем бойынша тізімге өзгерістер енгізу үшін AsiaCredit Bank тарату комиссиясына жүгінуге құқылы.
3) ЖСН алғаннан кейін және AsiaCredit Bank тарату комиссиясына жүгінгеннен кейін кепілдікті өтемді алу үшін Еуразиялық банкке келу қажет.

AsiaCredit Bank-тің тарату комиссиясына, сондай-ақ Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына жүгініңіз.

Көрсетілген берешектер болған жағдайда өтемді қолма-қол ақшамен ғана алуға болады. Заң бойынша банктер салық берешегі бар клиенттер үшін кез-келген шоттар ашуға құқылы емес. Өтемді алу кезінде мәселелер туындамау үшін kgd.gov.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында берешектің бар-жоғын тексеруді ұсынамыз, егер қарыз болса, оны жабыңыз.

Төлеуге жататын кепілдікті өтем клиенттің AsiaCredit Bank алдындағы қолданыстағы міндеттемелерін ескере отырып есептеледі. Осылайша, берешек төлемге дейін төленетін сомадан алынады.

Өтем жөніндегі сұрақтармен Сіз Еуразиялық банктің байланыс орталығына төмендегі телефондар арқылы хабарласа аласыз.
* Қалалық: +7 (727) 332-77-22.•
Beeline: +7 (771) 000-77-22.•
Tele2/Altel: +7 (700) 000-77-22.•
Kcell: +7 (702) 010-77-22.

Facebook: facebook.com/eurasianbank
Instagram: instagram.com/eurasianbank

Құрметті «AsiaCredit Bank» АҚ салымшылары!

Кепілдікті өтемді төлеу бойынша сұрақтар туындаған жағдайда сіз Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына және «Asia Credit Bank» АҚ тарату комиссиясына төменде келтірілген байланыс деректері бойынша хабарласа аласыз.

Филиалдары жоқ қалаларда «AsiaCredit Bank» АҚ салымшылары Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің аумақтық тиесілігі бойынша өңірлік өкілдер басқармаларына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына жүгіне алады.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры

  • Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат
  • Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе
  • Call-орталығы: 1460
  • kdif.kz.

 

«AsiaCredit Bank» АҚ тарату комиссиясы Байланыс орталығының телефондары:

Алматы қаласы, Төлебаев көшесі 38/61, “Жетісу” БО ішкі ауласы, 3 қабат

Байланыс орталығының телефондары:

+7(727)327-88-18

+7(778)426-36-90

cc@asiacreditbank.kz

ҚДКБҚ кепілдік берген сомадан артық қалдықты алу үшін салымшылар банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін  «AsiaCredit Bank» АҚ тарату комиссиясына жүгінуге құқылы.

Депозиттер

“Turbo Deposit”

(Мерзімді депозит)

  • жылдық 13,5% дейін
  • 1 000 ₸-ден бастап минималды сома
  • толықтыру және ішінара алу

“Turbo Deposit Жинақтаушы”

(Жинақ салым депозит)

  • жылдық 14,6% дейін
  • 15 000 ₸ дейін минималды сома
  • ақшаны ішінара алу мүмкіндігісіз​

Онлайн очередь в отделениях

Время обновления информации 18:15
Город № Отдел. Адрес филиала Очередь Время ожидания, мин.
Алматы Отделение №613 г.Алматы, ТРК “Maxima” пр. Райымбека, 239 “Г” 7 0.1

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.