Еуразиялық банк клиенттерді интернет-алаяқтығының жаңа схемалары туралы ескертіп, қаржы операцияларын жасаған кезде жоғары сақтық шараларын сақтауға шақырады.
Ең кең таралған схемалар — “қате жасалған” аударымдар
Бұл схемада қаскүнемдер сіздің шотыңызға әдейі ақша аударып, артынша қоңырау шалу арқылы немесе жазу арқылы өзін ақша жіберуші ретінде таныстырып, аударылған соманы үшінші тұлға шотына қайтаруды талап етеді. Алаяқтардың мақсаты – сізді алдап соғып, сіздің шотыңызды қолма-қол ақшаға айналдыру немесе қылмыстық жолмен алынған бөтеннің қаражатын аудару үшін пайдаланады. Бұл ретте олар психологиялық қысым жасап, сотпен қорқытуы немесе жедел қажеттіліктерге, мысалы баланың емі сияқты қажеттіліктерге сілтеме жасауы мүмкін. Тіпті сіз “адал ниетпен” әрекет етсеңіз де, сіз заңсыз операцияға еріксіз қатысқан болып табыласыз.
Өзіңді қорғау үшін:
- Үшінші тұлға шоттарына аударым жасамаңыз
- Қайтару рәсімін нақтылау үшін банкпен хабарласып, қажет болған жағдайда банк бөлімшесіне немесе құқық қорғау органдарына барыңыз.
Сондай-ақ соңғы кезде автокөлік сатып алу және жоғары табысты жобаларды инвестициялауға байланысты алаяқтық схемалары тіркелген. Астанада зардап шеккендер үлкен сомаларын Оңтүстік Кореядан әкелінген көліктер үшін толық алдын ала төлеген “арзан” машиналарды сатып алу схемасы ашылды.
Алматыда трейлерді көргенде табыс түсетінін уәде еткен қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы сотталды. Аталған схеманы ілгерілету үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлер пайдаланылған. Алаяқтар чат құрып, USDT криптовалютасында жылдам табыс пен сыйақы уәде етіп, оқыту шараларын жүргізген, нұсқаулықтар мен бейне роликтерді таратқан.
Бұл жағдайлар кез келген қаржы операциялары мен инвестициялау кезінде ұқыптылық таныту қажеттілігін көрсетеді. Еуразиялық банк кез келген заңды операциялардың әрдайым ашық құжаттамамен жүретінін, ал қысқа уақыт ішінде жоғары кірісті күмәнді ұсыныстар көбінесе алаяқтық болып табылатынын ескертеді.