Еуразиялық банк клиенттер назарын Threads әлеуметтік желісіндегі алаяқтық схемалардың белең алуына назар аударады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәліметінше соңғы уақытта танысу мен «шынайы қарым-қатынастарды табуды» желеу еткен алаяқтардың желі пайдаланушылардан ірі көлемдегі ақшаны суыртпақтап, алып алу оқиғалары көбейген.
Бұл схема қалай жасалады
Онлайн танысумен байланысты алаяқтық бірнеше кезеңнен тұрады:
- Сенімге кіру
Тартымды ер-азаматтар мен қыз-келіншектердің суреттерін пайдаланып, аккаунт ашқан алаяқтар белсенді түрде хат алмаса бастайды, ал әңгіме тез арада эмоционалды реңге көшеді.
- Бауыр басу сезімін қалыптастыру
Алаяқтар «жеке сырларымен» бөліскендей түр танытады, кездесу немесе келешекте бірге болуға уәде береді, осылайша адамдар арасында жақын қарым-қатынас пайда болғандай болады.
- Қаржы сұрау.
Сенімге кіргеннен кейін дертке шалыну, жедел шешуді талап ететін шығындар, құжаттармен тап болған қиындықтар секілді күрделі жағдайлар жайлы әңгіме басталады немесе «тиімді инвестициялар» туралы ұсыныс түседі.
- Қаражатты аудару
Зардап шегушіге ақшаны шетелдік шоттар, криптоәмияндарға немесе үшінші тұлғалар арқылы аударуды өтінеді. Қаражат түскеннен кейін әңгімелесу де тоқтайды.
Секем алуға себепкер белгілер
Интернеттегі танысыңыз
- ақша аударуыңызды немесе қаржылай көмек көрсетуіңізді өтінген,
- видеоқоңыраулар мен жеке кездесулерден қашқалақтаған,
- қаражатты жедел аударуды сұраған жағдайда
құқық қорғау органдары аса мұқият болуға кеңес береді.
Еуразиялық банк ұсынатын кеңестер
Еуразиялық банк клиенттерді:
- қандай жағдай болмасын интернеттегі таныстарға ақша аудармауға;
- жеке және банктік деректерді бермеуге;
- күмәнді сілтемелерге өтпеуге;
- әлеуметтік желі арқылы ұсынылған инвестициялық ұсыныстарға қатысты «салқынқандылық» танытуға;
- болмашы күдік тудырғанда сөйлесуді тоқтатуға кеңес береді.
Егер сіз алаяқтық әрекеттерге тап болсаңыз дереу құқық қорғау органдарына хабарласуыңыз қажет.
Қаперіңізде болсын
Осыған дейін ҚР ІІМ онлайн таныстық арқылы алаяқтардың Қазақстан азаматтарынан миллиондаған қаржы ұрлаған нақты оқиғалары жайлы хабарлаған болатын. Бұл мұндай схемалар бірлі-жарым еместігін, керісінше жиі кездесетін кибералаяқтық түрі екенін дәлелдейді.