Құрметті клиенттер!
Кепілді автомобильді үшінші тұлғалар жүргізген кезде банктен рұқсат алу қажет екенін естеріңізге саламыз. Банк кепіл ұстаушы болып табылады.
КАСКО сақтандыру шартына үшінші тұлғаларды қосуға анықтама алу үшін:
1. Жеке куәлігіңіз бен техникалық паспортыңызды алып, өз қалаңыздағы Еуразиялық банктің филиалына барыңыз. Сонымен қатар жеке куәліктерінің түпнұсқаларымен бірге үшінші тұлғалардың болуы шарт
2. Өтінішті толтырып, оны банк қызметкеріне беріңіз.
3 Әкімшілік полиция органдары мен сақтандыру компаниясы үшін автомобиліңізді үшінші тұлғалардың жүргізуіне рұқсат беру анықтамасын алыңыз. Бұл құжаттарды банк тегін береді.
Аталған анықтама болмаса сақтандыру жағдайы орын алғанда сақтандыру төлемдері сізге төленбейді.