logo

Баспасөз релизі

Еуразиялық банктегі бизнеске арналған автокредит International Finance бағалауынша үздік өнім деп танылды

2021 жылғы 28 қыркүйек

Алматы

Еуразиялық банк International Finance журналының “Шағын және орта бизнеске арналған үздік автокредит” халықаралық марапатына ие болды.

 

International Finance Banking Awards инновация, инфрақұрылымды дамыту және клиентке көңіл аудару саласында көшбасшы болып табылатын банктердің салалық жетістіктерін марапаттап отырады. Жеңімпаздарды үміткерлердің бағдарламаларын қарап, талқылау арқылы әртүрлі елдердің осы саладағы сарапшыларынан құралған зерттеу тобы анықтайды. Марапаттау 2013 жылдан бері жыл сайын өткізіледі.

 

“Шағын және орта бизнес үшін автокредит беру біздің Банктің ең көп сұранысқа ие  бағдарламаларының бірі болып табылады. Біз кәсіпкерлерге өз бизнесін шын мәнінде ілгері жылжытуға көмектесетін пайдалы және бірегей өнім жасауға тырыстық. Марапат біз үшін жағымды тосын сый болды десек болады. Халықаралық сарапшылардың назары біздің кредиттік бағдарламаға ауғанына  қуаныштымыз. Коронавирус пандемиясы кезеңінде оның маңызы бұрынғыдан бетер арта түсті, өйткені бизнес ерекше қолдауды қажет етеді”, – деді өз әсерімен бөліскен Басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Сатиева.

 

Бизнес үшін көлік сатып алуға кредит беру бағдарламасы 2019 жылғы наурызда басталып, бүгінгі күні оның банк ШОБ портфеліндегі үлесі 21%-ды құрайды. Кредит мемлекеттік қолдау бағдарламалары шеңберінде де, Еуразиялық банктің өз талаптарымен де берілуі мүмкін.

 

ШОБ үшін көлік ұсыну өнімі процестерді автоматтандырудың оң әсерінің көрнекі мысалы болып табылады. Бұл жағдайда кредиттік өтінім жеңілдетілген және жеделдетілген түрде қаралады. Жалпы алғанда алу рәсімі 30 минуттан аспайды.

 

Бүкіл банк саласы үшін ШОБ үшін автокредит беру әлеуеті өте жоғары екені даусыз және Еуразиялық банк осы банк қызметін одан әрі дамытудың жолын бастап көрсетті.

 

Қосымша ақпарат алу үшін 

Еуразиялық банктің баспасөз қызметіне 

press@eubank.kz эл.мекенжайына хабарласыңыз

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.