logo
Қз

Қазақстандағы алаяқтардың 2025 жылдағы Топ-10 схемасы

Дипфейктерді қолданатын алаяқтардың орны қылмыстық кәнігіліктің ең биігінде болғанмен олардың схемалары жалғыз емес. Қазақстандағы алдаудың ең әккі әдістері мыналар.

 

Жалған интернет-дүкендер

Қазақстандық әйел өз дүкенін Instagram-да жалға беретін болып шешім қабылдайды. Клиентін – 90 мың жазылушысы бар табысты дүкен иесін де тез тапты. Мәміледен кейін ол ақшасын алады, ал алаяқ аккаунтқа қол жеткізеді. Бірақ көп ұзамай Kaspi-ден дүкеннің бұғатталғаны, ал сатып алушылар тауардың жоқтығына шағымданып жатқаны туралы хабарлама алады. 6,5 миллион теңге тапқан алаяқ жоғалып кетті, полиция қауқарсыз болып шықты.

 

Көмек орнына — автокөлікті ұрлау

Спорт журналисі Назерке Султанбек Алматыдан Астанаға көлікті айдауға көмек іздейді. Барлығы жоспар бойынша өтті, бірақ көп ұзамай делдал машинаның бұзылғанын , содан кейін оның ұрланғанын хабарлап, қайтару үшін 2 миллион теңге талап етеді. Құжаттар жалған болғандықтан полиция көмектесе алмады.

 

Көзді тешгін тексеру — массаждық жамылғылармен алдау

Егде жастағы павлодарлықтарға көз дәрігерімен тегін тексеру ұсынылады, бірақ оның орнына оларды мейрамханаға апарып, ол жерде “дәрігерлер” 1,4 млн теңгеге массаж жамылғыларын сатуға тырысқан. Алаяқтардың операцияны аяқтап үлгермеді, өйткені іске полиция араласты.

 

Интерполдың жалған фотосуреттері

Қазақстандықтарға Президент Тоқаевтың БҰҰ Бас хатшысымен түскен суреті және алаяқтардың құрбандары өз ақшаларын қайтарып алатыны туралы жазба көрсетілді. Алайда, бұл 2019 жылы БҰҰ сессиясында түсірілген фотосуретке жасалған жалған хабарландыру еді.

 

Лүпіл басқаны үшін жалақы — айла-тәсілдермен

Мессенджерде лүпіл басып, пікір жазғаны үшін ақы төлеуге уәде беретін жалған рекрутерден ұсыныс келеді. Бірақ содан кейін тапсырмалар күрделене түседі де, сіз алаяқтардың шотына ақша жіберуіңіз керек болады. Уәде етілген өтемақы түспейді және жоғалған қаражат қайтарылмайды.

 

Үндістанға жалған визалар

Алаяқтар Үндістанға жалған онлайн-визалар сатуда. Шынайы болып көрінетін сайттар адамдарды алдап ақша алғанмен, виза бермейді Ресми елшілікке жүгіну ең дұрыс шешім.

 

Қантпен жасалған алаяқтық

2022 жылы қант тапшылығына ұшыраймыз деген дүрбелең кезінде Шахтинск қаласының тұрғыны 400 мың теңгені алаяққа төлегеннен кейін, ол төлеген адамды бұғаттап тастаған. Ол бірден полицияға жүгінді, бірақ тауарды қайта ала алмады.

 

SIM-картамен алаяқтық

Қаскүнемдер өздерін ұялы байланыс операторларының қызметкерлері ретінде таныстырып, ақша алу және байланған сервистерге қол жеткізу үшін сим-картаның жарамдылық мерзімін ұзарту қажеттілігі туралы ескертумен хабарласады. Мұндай алмасуды тек оператордың кеңсесінде жасауға болады.

 

Күдікті сілтемелері бар тұзақ

Алаяқтар адамдарды әлеуметтік желілердегі пікірлеріне жауап ретінде орналастырылған сілтемеге көшуге итермелейді. Мұндай сілтемені басқан кезде қаскүнемдер жеке ақпаратқа қол жеткізе алады.

 

Телефонға алма айырбастау

Жамбыл облысында қарт ер адам бес жасар қыздың құны 132 мың теңге болатын iPhone-ын кәдімгі алмаға айырбастаған. Көп ұзамай алаяқ табылып, телефонды қайтарып берді.

 

Ақпарат көзі: https://digitalbusiness.kz/2025-01-08/ulovkimoshennikovvkazakhstane/

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.