logo

Банк алаяқтың қолынан зардап шеккен салымшыларға ақшасын пайызбен қайтарып берді

Алматы, 2021 ж. 27 қаңтар

2021 жылғы 26 қаңтарда Еуразиялық банктің талабы бойынша Жітіқара қаласының қалалық соты бұрынғы бөлімше бастығы М.М. Шалбаевтың ақша қаражатын жымқыруы туралы істі қарауды бастады. Ол банкке қаржылық залалды өтеумен қатар қылмыстық жауапкершілік көтереді. Шалбаевтың іс-әрекетінен зардап шеккен салымшыларға жымқыру анықталған кезде банк дереу ақша жинақтарын пайыздармен өтеді.

 

Салымшылар сотқа банкке наразылықтары жоқ екенін және мұнда өз қаражатын сақтауды жалғастыратынын хабарлады.

 

Банк мұндай оқиғаның себебін адам факторында көріп отыр. Ұзақ уақыт бойы М.М. Шалбаевтың беделі күмән тудырмай жүрді. Қаржы институтының қызметкері үшін қолайсыз бейімділігін – құмар ойындарға деген құштарлығын – ол жасырып жүрді.

 

Зардап шеккен үш адамның арасында Smartbank мобильді қосымшасын пайдаланбайтын егде адамдар болған, осы жәйтті бұрынғы менеджер пайдасына айналдырды. Сенімге кіріп, ол оларды мобильді банкингте өздігінен тіркеп, қаражатты басқаруға қол жеткізіп жүрген.

 

Банктің қауіпсіздік қызметінің кәсіби іс-қимылдары мен полицияның жедел жәрдемдесуінің арқасында қаскүнем 2019 жылғы 21 қарашада ұсталған болатын, ал ұрланған қаражат алынған болатын.

 

Алдын алу шарасы ретінде банк ақпараттық жүйелерге қосымша теңшелімдер енгізді, адам факторының тәуекелін барынша азайтуға мүмкіндік беретін шаралар кешені қабылданды.

 

Еуразиялық банк өз салымшыларының жинақ ақшаларының толық көлемде сақталуына және қайтарылуына кепілдік бере отырып, клиенттердің қаражатына және банк объектілеріне кез келген қылмыстық қол сұғушылықты ашық әрі қатаң тоқтатуға ниетті.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо