Жазғы демалыс кезінде балалар әлеуметтік желілерде көбірек уақыт өткізеді, сондықтан ата-аналарға ғаламторда алаяқтардың құрбаны болудың мүмкіндігін ескертуді ұсынамыз.
Алаяқтар келесі схема бойынша әрекет етеді:
баланың немесе жасөспірімнің атынан әлеуметтік желілерде тіркелгі ашып, ықтимал жәбірленушімен хат жазысады. Сенімге кіре отырып, әртүрлі сылтаулармен карта деректерін — шот нөмірін, картаның артындағы үш таңбалы кодты және т. б. сұрата бастайды.
Алаяқтың қысымына көніп, бала өзінің жеке банктік деректерін жіберуі мүмкін. Балаңызға желідегі бейтаныс адамның күдікті әрекеттерін немесе өтініштерін байқай бастағанда, кез келген байланысты тоқтатып, дереу ата-анасына, қамқоршысына немесе банкке хабарлау керектігін түсіндіріңіз.
Егер балаға бейне арқылы ақпаратты ұғыну оңай болса, онда төмендегі сілтеме арқылы бөлісіңіз — https://www.youtube.com/watch?v=cAcM_OClyBA
Естеріңізге сала кетейік, Еуразиялық Банктің клиенттері алаяқтық фактілеріне тап болса, олар үшін тәулік бойы байланыс орталығының нөмірлері қолжетімді:
+7 (771) 000-77-22 — Beeline;
+7 (700) 000-77-22 — Tele/Altel;
+7 (702) 010-77-22 — Kcell/activ.