Цифрлық технологиялар қарқынмен дамып келе жатқан бүгінгі таңда киберқылмыс барған сайын күрделене түсуде.
Қазақстанда азаматтарды алдауға бақытталған жаңа алаяқтық түрі тіркелді.
Еуразиялық банк барлығын аса мұқият болып, өздерін киберқылмыскерлердің ықтимал шабуылдарынан қорғауға шақырады.
ЖК және ЖШС арқылы алаяқтық әрекеттер
Жаңа алдау түрлерінің бірі заңды бизнес көрінісін қалыптасрыу үшін қазақстандық ЖК мен ЖШС пайдалану болып табылады. Алматының киберполициясы алаяқтардың қазақстандықтарға компанияны өз атына тіркеп, айтарлықтай сыйақы беретінін уәде беріп, оны жалға беруді ұсынған жағдайларды тіркеді. Алайда мұндай схемалар көбінесе ЖК немесе ЖШС иелері үшін қылмыстық жауапкершілікке әкеледі, өйткені олардың компаниялары қылмыстық мақсатта пайдаланылуы мүмкін.
Кеңес: ешқашан өз бизнесіңізді үшінші тұлғаларға жалға бермеңіз. Бұл заңды салдарға, сондай-ақ материалдық шығындарға әкелуі мүмкін. Егер сіз осындай әрекеттің куәсі болсаңыз, бұл туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.
Автотұрақтардағы жалған QR-кодтар
Басқа алаяқтық түрі Астана мен Алматыдағы автотұрақтарда тіркелген. Қаскүнемдер жалған QR кодтарын жалған банктік шоттарға апаратын тұрақ платформаларына орналастырады. Жүргізуші мұндай кодты сканерлеп, тұрақ ақысын төлегенде, ақша алаяқтарға кетеді, ал автотұрақ төленбей қалады да бұл айыппұл төлеуге әкеледі.
Қалай алданбауға болады: әрқашан автотұрақтардағы QR кодтарының тұтастығын тексеріңіз. Егер жапсырма іздерін немесе зақымданғанын байқасаңыз, кодты сканерлемей, осы жайлы қолдау қызметіне хабарлаңыз. Тұрақ төлемін төлеу үшін сенімді қосымшалар мен ресми сайттарды ғана пайдаланыңыз.
Кіреберістердегі QR-кодтары: сіздің деректеріңізге төнген қауіп
Тұрғын үйлердің кіреберістерінде жалған QR кодтарды орналастыратын алаяқтардан тағы бір қауіп туындайды. Мұндай кодтар адамдарды мессенджерлердегі жалған топтарға бағыттайды. Өз деректерін енгізу арқылы жәбірленушілер қылмыскерлерге өз шоттарына қолжетімділік береді, бұл жеке деректердің бұзылып, қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін.
Ұсыныстар: қоғамдық орындарда QR кодтарды сканерлеген кезде абай болыңыз. Тек тексерілген сканерлеу қосымшаларын ғана пайдаланыңыз және URL мекенжайы әрқашан https-тен басталатынын тексеріңіз, бұл сайттың қауіпсіздігін көрсетеді. Мессенджерлердегі екі факторлы аутентификацияны қосыңыз және сілтемені басқаннан кейін жеке деректерді енгізуден аулақ болыңыз. Бағдарламалық жасақтаманы үнемі жаңартып отырыңыз және антивирустық бағдарламаларды қолданыңыз.
Бұл кеңестер сізге жағымсыз жағдайлардан аулақ болуға және жеке деректеріңіз бен құралдарыңыздың қауіпсіздігін сақтауға көмектеседі деп үміттенеміз.
Сақ болыңыз, цифрлық қауіп әлеміндегі өзгерістерді қадағалаңыз және сіздің қауіпсіздігіңіз-өзіңіздің қолыңызда екенін есіңізде ұстаңыз.