Шот деректемелері шұғыл қажет пе? “Есеп айырысу шотын резервтеу” қызметін пайдаланыңыз.
“Есеп айырысу шотын резервтеу” Қазақстан Республикасының Салық комитетінде мәліметтері бар ҚР резиденттері – заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге беріледі.
Шотты резервтеу
Қызмет банктің жаңа клиенттері үшін ғана қолжетімді.
Резервтеу мерзімі ішінде (5 жұмыс күні) бір клиент бір қала шегінде 4 есеп айырысу шотына дейін (валюталық шотты қоса алғанда) резервтеуге бір ғана өтінім бере алады. Басқа қалаларда шоттарды резервтеуге өтінімдер беруге жол беріледі.
Резервтелген шот резервтелген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтініште көрсетілген қала бойынша банктің кез келген бөлімшесінде есеп айырысу шотын ашу үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсыну арқылы ашылуы тиіс. Резервтеу мерзімі ішінде есеп айырысу шоты ашылмаған жағдайда резервтелген шот нөмірі мұрағатталады және оны қалпына келтіру үшін қайтадан өтініш беру талап етіледі.
Резервтелген есеп айырысу шотының нөмірі ақпараттық сипатқа ие болады. Резервтеу мерзімі ішінде (белгіленген тәртіппен шот ашылған сәтке дейін) банк резервтелген шотқа кейіннен есептеу үшін ақша қаражатын қабылдамайды, сондай-ақ осы шот бойынша өзге де операциялар мен мәмілелер жасамайды.
Банк резервтелген шотты ашуға кепілдік бермейді және клиенттің шоттары бойынша операцияларды тоқтата тұру туралы салық/кеден/сот органының қолданыстағы шешімі болған кезде және/немесе қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру мақсатында операцияларды жүргізу туралы банкте ақпарат болған кезде клиентке шот ашудан бас тартуға құқылы.
Есеп айырысу шотын ашу үшін комиссия банктің қолданыстағы тарифтері бойынша алынады.
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.