logo
Қз

Банктік шоттар

«Еуразиялық банк» АҚ заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, шаруа қожалықтарына, жеке сот орындаушыларына, жеке нотариустар мен адвокаттарға келесі шот түрлерін ұсынады:

 

  • Ұлттық валютадағы ағымдағы шот – Қазақстан Республикасы аумағындағы Сіздің серіктестеріңізбен есеп айырысуға, сондай-ақ салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге арналған.

 

  • Шетелдік валютадағы ағымдағы шот – Қазақстан Республикасы аумағында, сондай-ақ одан тысқары жерде де ҚР заңнамасына сәйкес есеп айырысуға арналған. Банк валюталық бақылау қызметтерін де көрсетеді, соның қатарында валюталық заңнама мәселелері бойынша кеңес беру қызметтерін көрсету, мәмілелер паспорттарын жасау және т.б.

 

  • Транзиттік режимдегі ағымдағы шот – ақшаны шоғырландыруға және одан әрі Сіздің ағымдағы шотыңызға аударуға арналған. Бұл қызмет Қазақстан аумағында кеңейтілген филиалдар мен өкілдіктер желісі бар клиенттер үшін қолайлы.

 

  • Эскроу шот – ақша басқа тұлғаның атына тараптар белгілеген талаптар орындалған соң ғана берілетіндей талаппен ақша сомасын банктік шотта депозитке салуға арналған.

 

  • Жинақ шот – теңгеде және шетелдік валютадағы бос ақша қаражатын орналастыруға арналған. Банк валюта түріне, салымды сақтау сомасы мен мерзімдеріне байланысты депозиттер бойынша икемді пайыздық сыйақы мөлшерлемелер жүйесін белгілеген.

 

  • Лимиттелген (шектелген) режимдегі ағымдағы шот. Банк ағымдағы шоттар мен оның бөлімшелерінің жай-күйіне клиент белгілеген сметаға сәйкес мониторинг және бақылау жүргізу бойынша агенттік қызметтер көрсетеді. Филиал шотынан жүзеге асырылатын төлемдер клиент бөлген және бекіткен айлық бюджетке сәйкес лимиттелген тәртіпте жүргізіледі. Айлық бюджет факсимильді байланыс немесе “Client`s Bank” ҚБК қашықтықтан қолжеткізу жүйесі арқылы ұсынылуы мүмкін.

«Еуразиялық банк» АҚ-да ағымдағы шот ашып, Сіз келесі операция түрлерін жүргізу мүмкіндігіне ие боласыз:

  • ұлттық валютадағы аударым операциялары;
  • шетелдік валютадағы аударым операциялары;
  • салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлеу;
  • зейнеткерлік және әлеуметтік төлемдерді төлеу;
  • кассалық операциялар;
  • айырбастау операциялары;
  • “Client`s Bank” қашықтықтан банктік қызмет көрсету жүйесі бойынша банктік шоттарды қосу және қашықтықтан жүргізу;
  • және Банк ұсынатын көптеген басқа да қызметтер.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.