logo
Қз

Кассалық есеп-айырысу қызметір

Сіздің бизнесіңіздің қажеттіліктері мен бағыттарына байланысты шот ашу мүмкіндігі

Қашықтан қызмет көрсету арнасы арқылы есептік жазбаны басқару

Жоғары сапалы сервис

Төлемдер мен аударымдарды жылдам өңдеу

Банктік шоттар

«Еуразиялық банк» АҚ заңды тұлғаларғакелесі шот түрлерін ұсынады:

  • Ұлттық және Шетелдік валютадағы ағымдағы шот – Қазақстан Республикасы аумағындағы Сіздің серіктестеріңізбен есеп айырысуға, сондай-ақ салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге арналған.
  • Транзиттік режимдегі ағымдағы шот - ақшаны шоғырландыруға және одан әрі Сіздің ағымдағы шотыңызға аударуға арналған. Бұл қызмет Қазақстан аумағында кеңейтілген филиалдар мен өкілдіктер желісі бар клиенттер үшін қолайлы.
  • Эскроу шот - ақша басқа тұлғаның атына тараптар белгілеген талаптар орындалған соң ғана берілетіндей талаппен ақша сомасын банктік шотта депозитке салуға арналған.
  • Лимиттелген (шектелген) режимдегі ағымдағы шот - Банк ағымдағы шоттар мен оның бөлімшелерінің жай-күйіне клиент белгілеген сметаға сәйкес мониторинг және бақылау жүргізу бойынша агенттік қызметтер көрсетеді. Филиал шотынан жүзеге асырылатын төлемдер клиент бөлген және бекіткен айлық бюджетке сәйкес лимиттелген тәртіпте жүргізіледі. Айлық бюджет факсимильді байланыс немесе “Client`s Bank” ҚБК қашықтықтан қолжеткізу жүйесі арқылы ұсынылуы мүмкін.

Валюталық бақылау

Біз сыртқы экономикалық қызметке және корпоративтік клиенттердің: резиденттер мен резидент еместердің операцияларына валюталық бақылауға байланысты қызметтердің толық спектрін ұсынамыз:

  • мәміле паспортын немесе мәміле паспортына қосымша парақты рәсімдеу;
  • мәміле паспортын немесе мәміле паспортына қосымша парақты жедел тәртіпте рәсімдеу (Банктің техникалық мүмкіндігі болған жағдайда);
  • Клиенттің сұранымымен мәмілелер паспорттары және/немесе сыртқы экономикалық келісімшарттар бойынша анықтамалар, хабарлама хаттар беру.

Аударым операциялары

«Еуразиялық банк» АҚ Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығының мүшесі, сондай-ақ SWIFT халықаралық есеп айырысу ұйымының мүшесі. Сіздерге келесі аударым операциялары түрлерін ұсынуға қуанышты:

Ұлттық валютадағы аударым операциялары:

  • басқа банктердің клиенттерінің атына ұлттық валютада төлемдер жүргізу (төлем ағымдағы операциялық күні немесе болашақ валюталандыру күнінде жүргізілуі мүмкін)
  • «Еуразиялық банк» АҚ бүкіл желісі бойынша ұлттық валютадағы аударымдар комиссия ұсталмай жүргізіледі
  • жинақтаушы зейнетақы қорларына зейнетақы жарналарын, міндетті әлеуметтік сақтандыру қорларына әлеуметтік төлемдерді төлеу
  • салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлеу
  • жалақы төлемдері

Сондай-ақ Банк көрсететін басқа да қызметтер.

  • Шетелдік валютадағы аударым операциялары:
  • кепілдендірілген төлемдер жүргізу (GBEN);
  • төлемдер жүргізу (OUR, SHA, BEN);
  • төлемдер АҚШ долларында, Еурода, Ресей рублінде, Қытай юанінде, Фунт стерлингте және т.б.жүргізіледі*;
  • ақша аударымдары алушыға 1 күннен 3 күнге дейінгі кезеңде түседі, бірақ әлемнің жетекші банктерінің бірінде корреспонденттік шот болған жағдайда түсу мерзімі бірнеше сағатқа дейін қысқартылуы мүмкін.

Кассалық операциялар

«Еуразиялық банк» АҚ Сіздерге келесі қолма-қол қаражатпен жүргізілетін операция түрлерін ұсынуға қуанышты:

  • банктік шоттарға ұлттық валютада, сондай-ақ шетелдік валютада қолма-қол қаражат қабылдау;
  • банктік шоттардан ұлттық валютада, сондай-ақ шетелдік валютада қолма-қол қаражат беру (алдын ала өтінім бойынша төмендетілген комиссиямен қолма-қол қаражатты беру);
  • қолма-қол ақшаны қолма-қол ақшасыз баламада сату;
  • құны бірдей банкноттарды басқаларына ауыстыру.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.