1) Қаржылық агенттің кепілдіктері тек Банк жаңа Жобаларды жүзеге асыру үшін беретін жаңа кредиттер бойынша, сондай-ақ Жобалардың жүргізілуі бойынша өндірісті инвестицияландыруға, жаңартуға және кеңейтуге беріледі. Ертеректе алынған кредиттерді қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер бойынша кепілдік беруге рұқсат етілмейді.
2) Кепілдік беру тек төменде көрсетілгендерден басқа, айналым қаражатын толықтырылуға берілетін кредиттер бойынша жүргізілмейді,
– Жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін 20,0 млн. теңгеден артық емес мөлшердегі ЖКС кредиттері бойынша кепілдік беру талаптарында, 60,0 млн. теңгеден артық емес алмаған мөлшердегі ЖКС кредиттері бойынша кепілдік беру талаптарында көрсетілгендер;
– айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдардың инвестициясына және/немесе сатып алуға және/ немесе жаңартуға кредит шеңберінде жүргізілген жағдайлардан басқа, бірақ кредиттің жалпы сомасынан 30%-дан асырылмайды. Сонымен бірге айналым қаражаттарын толықтыруға 100 % -ға бағытталған мөлшерде кредитке кепілдік беруге рұқсат етіледі (өтініш берушінің негізгі қызметін жүргізумен байланысты емес Лизинг шарттарына немесе қарыздарға немесе басқа мақсаттарға қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуге, жалақы, салық және өзге міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу жүргізуден басқа).