Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақтар мен жауаптар
logo

Құжаттамалық аккредитивтер

Құжаттамалық аккредитив негізінде аккредитивтің талаптарына сәйкес құжаттар уақтылы ұсынылған кезде бенефициарға келісілген валютада белгілі бір соманы төлеу бойынша банктің өз міндеттемесі болып табылады.
Банктің бұл міндеттемесі сатушы мен сатып алушының бір біріне деген наразылықтарына қатыссыз (мысалы ешқандай ерікті түрде талапты есепке жатқызу). Егер сатушы аккредитив талаптарына сәйкес құжаттарды банкке ұсынса, банк оған сатып алушыдан осыған келісімін тағы да сұрамастан төлеуге міндетті.

Клиенттер үшін есеп айырысудың аккредитивті әдісін пайдаланудың негізгі артықшылықтары:

  • Банк тауарды жөнелтуді растайтын құжаттарды алмайынша және құжаттар аккредитивтің талаптары мен мерзімдеріне қатаң сәйкес түрде ұсынылғанына көз жеткізбейінше төлемді өз есебінен орындамайтыны туралы Импортаушыда кепілдік бар. Соның ішінде құжаттарда жөнелту және жүк түсірудің және т.б. шекті мерзімдері мен орындары көрсетілуі мүмкін. Егер тауар бойынша құжаттар аккредитив талаптарына сәйкес болмаса, Банктер бұл арқылы импортаушының мүддесін қорғай отырып құжаттарға импортаушының есебінен төлеуден бас тартады.
  • Экспортшы бұдан кейін сатып алушының төлем қабілеттілігі мен оның төлеуге дайындығынан тәуелсіз, тауардың сатып алушының мекенжайына жөнелтілгенін растайтын құжаттарды банкке ұсыну және бұл құжаттардың аккредитив талаптарына қатаң сәйкес сәйкестігіне қарсы ол тауарды жөнелтілгеннен кейін іле-шала төлемді ала алады.
  • Икемді есеп айырысу құралы.
  • Пайдалану ережесі беделді халықаралық ұйыммен белгіленген және бүкіл әлемде мойындалатын жоғары құықтық сенімділік.

Парижде Халықаралық Сауда Палатасы Құжаттамалық аккредитивтерге арналған бірізді ережелер мен ғұрыптар (UCP 600, 2007 ж. басылым) тараптардың құжаттамалық аккредитивтері бойынша өзара қарым-қатынастарын реттейтін негізге алынатын құжат болып табылады.

Аккредитивтермен жұмыс істейтін Банктің негізгі ұстанымдары:

«Банктер тауарлармен, қызметтермен немесе құжаттар жатуы мүмкін міндеттемелерді орындаудың өзге түрлерімен емес құжаттармен жұмыс жасайды» (5-баб UCP600).

Егер Сіз импортшы болсаңыз «Еуразиялық банк» АҚ-та аккредитив ашу үшін Сізге келесілер қажет:

  • Мәміле паспортын ресімдеу.
  • Белгіленген үлгідегі аккредитивті ашу өтінішін толтыру.
  • Банкпен Аккредитив шығару шартын жасау.
  • Банктегі өзінің шотында аккредитив бойынша өтелу сомасын, сондай-ақ комиссия сомасын қамтамасыз ету немесе банкпен кредит желісін ашу туралы бөлек келісім жасау. Кредит желісі бар болғанда Сатып алушының ақшаны резервтеуі талап етілмейді.
Келісімшарт жасалған кезде экспортаушы мен импортаушы онда есеп айырысудың аккредитивті нысанын келісімдеуі қажет.
Аккредитивті ашу әдетте 1-ден 3 операциялық күнге созылады, мерзім аккредитив нысаны мен операцияларды жүргізуге қатысатын банктерге байланысты.
Аккредитив мәтінін алғаннан кейін Сатушы өнімді тиеп, өз банкіне сәйкес құжаттарды ұсынады, бұдан соң «Еуразиялық банк» АҚ сатушыға тиесілі соманы Сатып алушыға ұсынылған қаражат есебінен төлейді (яғни аккредитивті өтелу шотынан есептен шығару немесе кредит желісі бойынша қаражат ұсыну).
Ақпарат 10.10.2011 ж. жаңартылған

Келісімшарт жасау бойынша ұсынымдар

Аккредитив тек қана қайтарылмайтын, «бөлінетін» немесе «бөлінбейтін» болады (сәйкесінше ішінара жөнелтімдер мен төлемдердің рұқсат етілгенін немесе рұқсат етілмегенін білдіреді).
Бұдан басқа, трансферабельдік (аударма) аккредитив ашылуы мүмкін.
Аккредитивтің «жаңартпалық» нысанын көрсету міндеттеменің жалпы сомасына қамтамасыз ету ұсынуды талап етеді.

Егер жеткізілетін тауардың 100% төлеу аккредитив бойынша жүзеге асырылса, онда келісімшартта «келісімшарт сомасында» көрсетіледі.
Егер аккредитив тауар құнының бөлігіне ашылса аккредитив бойынша төленетін оның жалпы құнынан сәйкес пайызы көрсетіледі, соманы пайыздардағы шегімен (ұйғарынды ауытқушылықпен) көрсетуге болады.

Аккредитивтің әрекет ету мерзімі жөнелтудің жоспарлы мерзімі мен құжаттарды дайындау және Банкке беру үшін қажетті уақытқа қарай анықталады.

Біздің клиенттер-импортаушылар үшін – «Еуразиялық банк» АҚ.

Орындаушы банк құжаттарды аккредитив талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыруға және оларды төлеу немесе төлемеу туралы шешім қабылдауға. Орыс тілінде ғана жасалуы мүмкін құжаттарды (теміржол жүкқұжаттары, кедендік құжаттар) берген жағдайда батыс немесе американдық банкті орындаушы банк ретінде тағайындамау қажет. Орындаушы банк ретінде танымал емес банктерді тағайындамаған дұрыс, өйткені қажеттілік туындаған жағдайда олармен құжаттар мен төлемнің тағдыры туралы келіссөздер жүргізу іс жүзінде мүмкін емес.

«Еуразиялық банк» АҚ-пен келісімделуі қажет растаушы банкті таңдау кезінде келесілерді ескеру керек:
  • растаушы банк сонымен қатар аккредитивті орындауға (яғни құжаттарды тексеруге және төлеуге) уәкілетті болуы керек;
  • растаушы банктің қаржылық жағдайы банк-эмитентке қарағанда жақсы немесе сатушының елінде орналасуы қажет;
  • басқа банктегі аккредитивті растау қосымша шығыстардың туындауына әкеледі (растағаны үшін комиссия, құжаттарды тексергені, төлемді жүргізгені үшін комиссиялар қосымша есептеледі).

Аккредитивтің растауын қамтамасыз ету әдісін анықтау банк-эмитент пен растаушы банктің айрықша құзыреті болып табылады.

Сәйкестендіру ережелері аккредитивтік операциялар жүргізу бойынша бірыңғай халықаралық стандарт болып табылады(UCP600), алайда аккредитивтік операциялардың қатысушыларында ішінде жалпы түсініктер мен стандарттар баяндалған UCP600 ерекшеленетін талаптарды ескеру құқығы болады.

Бенефициардың аккредитив бойынша ұсынатын құжаттар тізімі келісімшарт жасау кезеңінде ескерілуі қажет айрықша маңызды сәт болып табылады.
Ұсынылған кезде аккредитив бойынша төлем жүргізілетін құжаттар тізбесі олардың көмегімен бақылауды талап етілетін шарттың қандай талаптарын орындау қажеттілігіне қарай жасалуы тиіс.
Құжаттар тізімі мүмкіндігінше ықшамдалуы қажет.
Құжаттардың ең аз жиыны шот пен көлік құжатынан немесе қабылдау-тапсыру актісінен тұруы мүмкін.

Келісімшарт талаптарын орындалуын растайтын стандартты құжаттар әдетте келесілерден тұрады:
  • жөнелту бойынша – коносамент, теміржол жүкқұжатының телнұсқасы, авиажүкқұжаты, автожол жүкқұжаты (CMR);
  • сақтандыру бойынша – сақтандыру полисі/сертификаты;
  • сапасы бойынша – сапа сертификаты;
  • шығу тегі бойынша – шығу тегі сертификаты;
  • импортқа шығаруға тазарту бойынша – кеден мағлұмдамасы;
  • тауар саны бойынша – салмақ немесе санының сертификаты.
Құжатты толық және нақты көрсету үшін келісімшартта келесілерді келісімдеуге болады:
  • құжат атауы;
  • кім шығаруы немесе куәландыруы тиіс;
  • талап етілетін мазмұны немесе ерекше маңызды бөлшектері;
  • тілі (ағылшын, орыс және т.б.);
  • дана саны.
Аккредитивтер бойынша банктік шығыстар мен комиссиялар келісімшарт тараптарының арасында әділетті түрде бөлінуі қажет.

Әдетте , аккредитив бойынша банктік шығыстар сатушы мен сатып алушы арасында төмендегі әдістердің бірімен бөлінеді:
  • барлық шығыстар сатып алушының есебінен төленеді;
  • барлық шығыстар сатушының есебінен төленеді;
  • Қазақстан аумағындағы барлық шығыстар — сатып алушының есебінен, Қазақстан аумағынан тыс жерде — сатушының есебінен;
  • Қазақстан аумағындағы барлық шығыстар мен растаушы банктің растағаны үшін комиссиясы — сатып алушының есебінен, қалған барлығы — сатушының есебінен.
Шығыстарды бөлудің соңғы екі әдісі жиі қолданылады, бұл ретте комиссиялық шығыстар қандай да бір түрде келісімшарт тараптарының арасында теңдей бөлінеді. Шетел банктерінің өз клиенттеріне арналған тарифтер шетел компанияларына арналған тарифтерге қарағанда едеуір аз болуы мүмкін, шетел банктерінің комиссия сомасын аккредитив ашу кезеңінде бағалау қиын.
Егер шетел сатушысы аккредитивті растауға қатысуды немесе оның банкі қосымша қызметтер көрсетуді талап ететін болса, осы қызметтерді сатушының төлегенін талап еткен дұрыс.

Есеп айырысуы құжаттамалы аккредитив нысанында болатын келісімшарт талаптарының мысалы

1. 1.000.000,00 (бір миллион) АҚШ доллары мөлшеріндегі сома немесе Келісімшарттың 100% сомасын Сатып алушы құжаттамалық, қайтарылмайтын, Бірінші класты Еуропалық банктермен расталған аккредитивті беру арқылы төлейді (бұдан әрі Шарт мәтіні бойынша – «Аккредитив»).

2. Аккредитив бойынша Растаушы банк Орындаушы банк болып табылады.

3. Аккредитив «Аккредитив бойынша сәйкестендіру ережелері мен ғұрыптарға» бағынуы тиіс, 2007 ж. редакция, басылым ICC № 600.

4. Аккредитив бойынша төлем орындаушы банк келесі құжаттарды ұсынғанда жүзеге асырылады:

  • Шот-фактура – 1 түпнұсқа мен 2 көшірме.
  • Теміржол жүкқұжатының телнұсқасы – 1 түпнұсқа мен 1 көшірме.
  • Сапа сертификаты – 1 түпнұсқа мен 1 көшірме.
  • Шығу тегі бойынша – 1 түпнұсқа мен 1 көшірме.

5. Ішінара жөнелтуге рұқсат етілген. Шамадан артық тиеуге рұқсат етілмеген.
6. Құжаттар банкке аккредитив мерзімінің шегінде жөнелту құжаттарын берген күннен бастап 21 күн ішінде.
7. Аккредитивті ашу, аккредитив бойынша растау және есеп айырысуды жүргізу бойынша барлық банктік шығыстар Сатып алушының есебінен, Сатушының банкінде – Сатушының есебінен жүргізіледі. Аккредитив талаптарын өзгерту бастамашы тараптың есебінен жүргізіледі.
8. Аккредитивтің әрекет ету мерзімі – 120 күн. Жеткізуші өнімді аккредитивтің әрекет ету мерзімі ішінде жеткізуге міндеттенеді.
9. Авизолаушы банк – Nordea Bank, SWIFT: NDEAFIHH.

Кеңес алу қажет пе?

Beeline

+7 (776) 217 1111

Tele2-Altel

+7 (747) 217 1111

ActivKcell

+7 (778) 217 1111

Smartbank
оңтайлы қосымшасы

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Заказать обратный звонок


Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время.

Хорошо

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо