Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақтар мен жауаптар
logo

Сауда операцияларын қаржыландыру

Сыртқы сауда операцияларын қаржыландыру әдеттегі кредиттерден өзгеше. Сауда қаржыландыру құралдарын пайдаланудың негізгі мақсаты тек қана кредит ресурстарын беру ғана емес, сондай-ақ сауда мәмілесіне қатысушы тараптардың тәуекелін азайту болып табылады.
Сатып алушы аккредитив талаптарын оңтайлы тұжырымдаған кезде, өнімдерді төлеу оларды жеткізген соң (егер келісімшартта аванстық төлемдер қарастырылмаса) және егер, шарттың талаптары сақталған жағдайда ғана жүргізілетініне сенімді болады.
Халықараралық практикада сауда қаржыландыру құралдарының көпшілікке танымал болуы, олардың компанияларға меншігіндегі қаражатты пайдалану тиімділігін, ресурстарды өзінің айналым капиталынан алмастан, арттыруға мүмкіндік беретіндігінде.

Аккредитивтерді постқаржыландыру

Еуразиялық банк сыртқы сауда келісімшарттары бойынша есеп айырысумен өзінің клиент-импортерлері үшін қаржыландыруды құжаттамалық бекітілген аккредитивтер арқылы ұйымдастырады. Қаржыландыру аккредитивтің толық сомасына немесе оның бөлігіне беріледі. Бұл ретте клиенттің шығындарын азайту мақсатында Банк шетел банктерінің барынша арзан қаржы ресурстарын пайдаланады.
Аталған сызбада төлемді аккредитив шеңберінде, сондай-ақ төмендетілген мөлшерлеме бойынша ұзартуға болады.

Шетел банктерінің қаржыларын тарта отырып, аккредитивті нысанда есеп айырысудың артықшылықтары:

  • Аккредитивтер бойынша кредит желісін қолданған кезде растаушы шетел банкінің кредит ресурстары пайдаланылады, растаушы батыс банкінің кредиттік мөлшерлемесі Қазақстандағыдан төмен.
  • мөлшерлеме бойынша аванстық төлем жүргізуге болады.
  • Еуразиялық банк клиентіне осындай схема бойынша кредит беру мерзімі түрленуі мүмкін.
  • Клиент аккредитив ашу мезетінде қаражатты айналымнан алмауы қажет.
  • Батыстық жеткізуші аккредитив бойынша қаражатты құжаттар растаушы құжаттарға берілгеннен кейін дереу алады, бұл ретте біздің клиенттің аккредитив бойынша қаражатын Еуразиялық банк постқаржыландыру мерзімі аяқталғаннан кейін ғана есептен шығарады.

Шетел банктерінің қаржыландыруларын тартумен расталған аккредитивтер бойынша жұмыс схемасы:

  1. Қазақстандық клиент-импортаушы мен шетелдік жеткізуші өнімді жеткізуге келісімшарт жасайды.
  2. Қазақстандық клиент-импортаушы Еуразиялық банкке шетел банкінің қаржыландыруын тартумен аккредитив ашуға өтініш береді.
  3. Еуразиялық банк аккредитив ашады, растауға және өтелуді аудармастан қаржыландыруға өтініммен бірге оны шетел банкіне береді.
  4. Шетел банкі өз растауын қоса отырып жеткізушіге аккредитивті авиозолайды.
  5. Жеткізуші тауарды жөнелтеді.
  6. Жеткізуші растаушы банкке жөнелту құжаттарын ұсынады.
  7. Растаушы банк жөнелту құжаттарына өз қаражатынан төлейді.
  8. Қаржыландыру мерзімі аяқталғаннан кейін Еуразиялық банк растаушы банкке қаржыландыу сомасы мен ол бойынша пайыздарды төлейді.
  9. Клиент-импортаушы Еуразиялық банкке қаржыландыру сомасы мен пайыздарды өтейді.

Ақпарат 10.10.2011ж. жаңартылған

Кеңес алу қажет пе?

Beeline

+7 (776) 217 1111

Tele2-Altel

+7 (747) 217 1111

ActivKcell

+7 (778) 217 1111

Smartbank
оңтайлы қосымшасы

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо