logo

CapitalBank салымдары, шоттары мен карточкалары бойынша төлем сомасын тексеріңіз.

Құрметті клиент

Вы можете самостоятельно проверить информацию о сумме возмещения по CapitalBank

Маңызды! Егер ЖСН бойынша көрсетілген телефон нөмірі болмаса, ақпарат берілмейді.


Введите номер телефона, который вы указывали в договоре по своим счетам в CapitalBank.


Подать заявку на получение своих денег по выплате вкладчикам Capital Bank Kazakhstan можно:

 

В отделениях Евразийского банка.

В сети магазинов Technodom.

 

Для этого вам необходимо обратиться к менеджеру Евразийского банка в точках продаж сети магазинов Technodom. При подаче заявки на выплату вы можете воспользоваться специальными условиями на приобретение товаров в рассрочку на 12 месяцев.

 

Со списком магазинов можно ознакомиться на сайте technodom.kz.

 

Дистанционно на новую карту Евразийского банка.

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

“Еуразиялық банк” АҚ арқылы кепіл өтеу 2021жылғы 03 шілдеден басталып, 2022жылдың 03  шілдесіне дейін  созылады.  Көрсетілген мерзім өткеннен кейін, “Capital Bank Kazakhstan” АҚ клиенттері талап етпеген кепілдік берілген өтем сомалары олардың ерікті зейнетақы жарналары ретінде “Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарына аударылатын болады.

Жеке тұлға, оның ішінде «Capital Bank  Kazakhstan»-мен банктік шот және/немесе салым шартын  жасаған жеке кәсіпкер немесе “Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерде орналастырылған міндетті кепілдендірілген депозиттер туралы” 2006 жылғы 07 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңымен (бұдан әрі – Заң) және кепілдендірілген депозиттер бойынша депозит тізіміндегі жөніндегі мәліметтер мен 2019жылғы 25 желтоқсандағы бүкіл банк операцияларды жүргізу лицензиясынан айырылған міндетті кепілдендірілген депозиттер жүйесінің қатысушы-банкі депозиторларына кепілдікті өтеу ережелерімен белгіленген тіртіпте және көлемде кепілдікті өтемді алу құқығы бар, пайдасына депозит енгізілген жеке тұлға.

“Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры” АҚ кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі аяқталғанға дейін 30 жұмыс күні бұрын БАҚ-та және өз сайтында төлемдердің аяқталу күні және “Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ-ға 1 жыл ішінде талап етілмеген кепілдік берілген өтем сомасын аудару туралы ақпаратты жариялайды.

Төлем мерзімі аяқталғаннан кейін “Capital Bank Kazakhstan” АҚ клиенттері “Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры” АҚ-ға кепілдік берілген өтемді төлеуге өтініш беруге заңда көзделген, кепілдік берілген өтемді төлеуге өтініш беруге кедергі болған жағдайлардың бірі болған жағдайда, растайтын құжаттарды қоса бере отырып, қағаз тасымалдағышта өтініш бере алады.

Кепілдік өтем “Capital Bank Kazakhstan”АҚ-да ашылған жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің депозиттері, ағымдағы шоттары мен төлем карточкалары бойынша төленеді.

Кепілдік берілген өтемді төлеу ең жоғары кепілдік берілген сома мен кредиттік міндеттемелерді ескере отырып, “Capital Bank Kazakhstan” АҚ уақытша әкімшілігі ұсынған кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді есептей отырып, депозиторлар тізімінде көрсетілген мөлшерде жүзеге асырылады.

 

Түрі мен валютасына байланысты кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілдік өтемі:

ұлттық валютадағы жинақтау салымы  (депозит) бойынша  15 миллион теңгеден аспайды;

–  ұлттық валютадағы басқа  салымдар бойынша (ағымдағы шоттар мен төлем карточкалары) 10 миллион теңгеден аспайды;

шетел валютасындағы депозиттер бойынша (ағымдағы шоттар мен төлем карточкалары) 5 миллион теңгеден аспайды.

 

Бұл ретте егер сіздің әр түрлі валюта мен түрлері бойынша  бірнеше салымдарыңыз болса, онда депозиттің  әрбір түрі бойынша белгіленген лимиттерді ескере отырып, олар бойынша кепілдік өтем жиынтығында 15 миллион теңгеден аспауға тиіс.

 

Мысал: бір клиенттің жалпы 12 миллион теңге сомасында 2 салымы және 8 миллион теңге шетел валютасында 3 салымы бар.  Теңгедегі 2 салым бойынша кепілдік өтемі 10 миллион теңгені, шетел валютасындағы 3 салым бойынша — 5 миллион теңгені құрайды. Осылайша клиент жиынтығында 15 миллион теңге алады.

Кепілдік өтемі ұлттық валютада ғана төленеді.  Шетел валютасындағы салымдар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2021 жылғы 25 маусымдағы бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі (барлық банк операцияларын жүргізуге “Capital Bank Kazakhstan” ақ лицензиясынан айырылған күні):

  • USD — 427.01 KZT;
  • EUR — 509.94 KZT;
  • RUB — 5.91 KZT;
  • GBP — 596.15 KZT.

Кепілдік өтемі  Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры қалыптастыратын және кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған арнайы резервтен төленеді.

Өтеу жолдары 5 тәсіл арқылы төленеді:

  • “Еуразиялық банк” АҚ жаңа картасына аудару;  ақша жаңа карталарға картаны алғаннан кейін және қажетті құжаттарға, оның ішінде кепілдік өтемін төлеу туралы өтінішке қол қойылғаннан кейін, 5 күн ішінде түседі, олар жаңа картамен бірге шабарман арқылы жіберіледі.
  • “Еуразиялық банк” АҚ-дағы депозитке, ағымдағы немесе карточкалық шотқа аудару арқылы жүзеге асырылады.
  • “Еуразиялық банк”АҚ-дағы жаңа депозитіне немесе ағымдағы шотқа аудару арқылы.
  • Кассадағы қолма-қол ақша.
  • Басқа банкке аудару арқылы

Маңызды! Сіздің қауіпсіздігіңіз бен денсаулығыңызды сақтау үшін “Еуразиялық банк” АҚ картаға өтем алудың қашықтан тәсілін таңдауды ұсынады. Төлемді біздің картамызға eubank.kz. сайтынан онлайн тапсырыс беріп, тікелей үйден  алуға болады.  Ақша картаны алғаннан кейін және қажетті құжаттарға, оның ішінде кепілдік  өтемін төлеу туралы өтінішке және жаңа картамен бірге шабарман арқылы жіберілетін ұлттық валютадағы ақшаны аудару өтінішіне қол қойылғаннан кейін, 5 күн ішінде түседі.

Назар аударыңыз!

Төлемді ішінара емес, тек толық сомасын ғана алуға болады (мысалы, депозиттің бір бөлігі, қолма-қол ақшаның бір бөлігі немесе картаға).  Алғаннан кейін Сіз қаражатыңызды өзіңіздің қалауыңыз бойынша үлестіруіңізге болады.

Кепілдік берілген өтемді қолма-қол ақшамен Еуразиялық банк” АҚ-ның ағымдағы немесе жаңа депозиттік шотына аударған кезде комиссия алынбайды.

 

Өтемді “Еуразиялық банк” АҚ-ның ағымдағы немесе жаңа картасынан алған кезде, сондай-ақ басқа ЕДБ карталарына аударған кезде “Еуразиялық банк”АҚ-ның қолданыстағы тарифтеріне сәйкес комиссия алынады. “Тарифтер” туралы толығырақ.

 

Басқа банк шотына аударған кезде, “Еуразиялық банк” АҚ қолданыстағы тарифтеріне сәйкес комиссия алынады.   “Тарифтер”  туралы толығырақ.

Ақшалар жүгінген кезде берілетін болады. Сенімді тұлғаларға, мұрагерлерге, жеке кәсіпкерлерге, кәмелетке толмағандарға, аты-жөнін өзгерткен депозиторларға ақша беру заңи қорытынды жасау қажеттілігіне байланысты кепілдікті өтемді төлеу құқығын растайтын барлық қажетті құжаттарды ұсынған күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі

Депозит кепілді өтеуді төлеу құқығын растайтын барлық қажетті құжаттарды ұсынған жағдайда, өтінім жасалған күні ашылады.

Ақша жаңа депозит ашылған немесе ағымдағы депозитке аударылған күні түседі.

Атаулы емес карта кепілдікті өтемді төлеу құқығын растайтын барлық қажетті құжаттар ұсынылған жағдайда өтініш жасалған күні шығарылады.

Ақша кепілдік берілген өтемді ағымдағы картаға аударған күні есептеледі.

Ақша картаны алғаннан кейін және қажетті құжаттарға, оның ішінде кепілдік  өтемін төлеу туралы өтінішке және жаңа картамен бірге шабарман арқылы жіберілетін ұлттық валютадағы ақшаны аудару өтінішіне қол қойылғаннан кейін, 5 күн ішінде түседі.

Төлемді біздің картамызға eubank.kz. сайтынан онлайн тапсырыс беріп, тікелей үйден  алуға болатынын ескертеміз .

Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары бойынша жеткізу — 3 жұмыс күніне дейін, басқа өңірлер бойынша 5 жұмыс күніне дейін.

Карта төлем сомасын көрсетілетін төлем туралы өтінішпен бірге жеткізіледі.

Аударым келесі банктік жұмыс күні жүзеге асырылады.

Банкаралық аударымдар, сондай-ақ бюджетке төлемдер 15:50-ден кейін және/немесе демалыс/мереке күндері жасалған кезде қаражатты аудару күні келесі банктік жұмыс күні болып есептеледі.

Жеке тұлғаларға қызмет көрсететін кез келген бөлімшеге жүгінгуге болады.

Бөлімшелердің жұмыс кестесі  мен мекенжайларын “Бөлімшелер мен терминалдар” бөлімінде, eubank.kz сайтынан көруге болады.

№ 312 бөлімшесі Ақтөбе облысы Ойыл ауылы Жолмырзаев ксі, 18 мекенжайы бойынша орналасқан.

№509 бөлімшесі Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы Б.Момышұлы даңғ., 4 мекенжайы бойынша орналасқан.

№ 510 бөлімшесі Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданы Кенесары к-сі, 44 мекенжайы бойынша орналасқан.

№ 804 бөлімшесі  Атырау қ., М.Баймұханов к-сі, № 60А құрылысында орналасқан.

№ 1206 бөлімшесі Павлодар қ., Камзин к-сі, 168 мекенжайы бойынша орналасқан

№ 1208 бөлімше Ақсу қаласы М.О.Әуезов к-сі, 44 мекенжайында орналасқан

Шымкент қаласы Ж.Ташенов к-сі,  № 4Г ғимаратында орналасқан № 1509  бөлімше «Capital Bank Kazakhstan»АҚ бойынша кепілді өтемді  4 қолма-қол ақшасыз алу тәсілін ғана ұсынады:

  1. “Еуразиялық банк” АҚ жаңа картасына аудару;
  2. “Еуразиялық банк” АҚ-ның депозит, ағымдағы немесе карточкалық шотына (егер ашылған болса) аудару;
  3. “Еуразиялық банк” АҚ-ның жаңа депозит пен ағымдағы шотына аудару;
  4. Басқа банкіге аудару.

 

Егер бөлімше кассасы жұмыс істемейтін болса (сайттағы өзекті ақпарат), “Capital Bank Kazakhstan”АҚ бойынша кепілдік берілген өтемді  қолма-қол ақшасыз алудың тек 4 тәсілі ғана ұсынылатын болады.

 

 

Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты “Еуразиялық банк” АҚ-ға барар алдында бөлімшелердің жұмыс кестесін тексеруді ұсынамыз.

Егер сіздің жеке бас куәлігіңізде ЖСН болмаса, онда:

1) ЖСН-ды ХҚКО-дан алу;
2) ЖСН-ды алғаннан кейін
кепілдікті өтеу тізіміне  өзгерістер енгізу үшін «Capital Bank Kazakhstan» АҚ уақытша әкімшілігіне жүгіну керек.

3) ЖСН-ды алғаннан кейін және  «Capital Bank Kazakhstan»  АҚ уақытша әкімшілігіне жүгінгеннен кейін Еуразиялық банкіге кепілдікті өтемді алу үшін келу керек.

Кепілдікті өтеу сомасымен келіспеген клиенттердің «Capital Bank Kazakhstan» АҚ уақытша әкімшілігі/тарату комиссиясына өтініш беру құқығы бар.

 

Тарату комиссиясына өтініш (талап) беру мерзімі – «Capital Bank Kazakhstan» АҚ мәжбүрлі тарату туралы хабарландыру жарияланған күннен басталады және кемінде 2 айды құрайды.   Өтініштер (талаптар) келесі деректер мен деректемелер көрсете отырып, “Capital Bank Kazakhstan” АҚ тарату комиссия Төрағасының атына еркін нысанда жазбаша түрде беріледі :

  • өтініш иесі-жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), ЖСН (жеке куәлік құжатының көшірмесі тіркеледі).
  • банктік шот нөмірі (ЖСК немесе банктік шот шартының нөмірі (банктік салым).
  • Банктің кредитор алдындағы орындалмаған міндеттемелерінің сомасы (негізгі борыш пен сыйақының (тұрақсыздық айыбы және өзге де айыппұл санкциялары, залалдар)мөлшері жеке көрсетіледі),
  • ақша аударуға арналған төлем деректемелері,
  • тарату комиссиясының кредитор өтінішін қарау нәтижелері туралы  жауабын алу үшін пошта деректемелері (индекс, мекенжай).

 

Өтінішке талаптың негіздемесі мен сомасын растайтын құжаттардың көшірмелерін (мысалы, банк шотының үзінді көшірмесін, банк шотының немесе банк салымының шартын, заңды күшіне енген сот шешімдерін немесе банкке талап ету құқығын растайтын басқа да құжаттарды) қоса беру қажет. Тарату комиссиясына ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін нотариалды куәландыру талап етілмейді.

 

Тарату комиссиясының кредиторлардан келіп түскен өтініштерін қарауының ең ұзақ мерзімі, егер банк пен кредитор арасында жасалған шартта өзге мерзімдер айтылмаса, алынған күннен бастап,  екі аптаны құрайды.

 

Өтініштер жұмыс уақытында жеке өзіне берілуі немесе пошта арқылы “Capital Bank Kazakhstan” АҚ тарату комиссиясының филиалдарына жіберілуі мүмкін (бұл туралы қосымша хабарланатын болады).

Көрсетілген берешектер болған жағдайда, өтемді қолма-қол ақшамен ғана алуға болады.  Заң бойынша банкілердің салықтық берешегі бар клиенттерге кез келген шоттарды ашуға құқығы жоқ.  Өтемді төлеу кезінде проблемаларды болдырмау үшін Мемлекеттік кірістер  комитетінің сайтында берешектің бар-жоғын kgd.gov.kz сайтындатексеруді ұсынамыз, қарыз болған жағдайда, оны жабу керек.

Төленуге жататын кепілдікті өтем клиенттердің «Capital Bank Kazakhstan» АҚ алдындағы қолданыстағы міндеттемелері ескеріле отырып есептеледі  . Осылайша төлеуге жататын кепілдік берілген өтем сомасы сіздің “Capital Bank Kazakhstan” АҚ алдындағы берешегіңіз шегеріле отырып құралады .

Өтеу сұрақтары бойынша төменде беріліп отырған телефондар бойынша Еуразиялық банктің байланыс орталығына жүгінуіңізге болады: қалалық:
+7 (727) 332-77-22.
• Beeline: +7 (771) 000-77-22.
• Tele2/Altel: +7 (700) 000-77-22.
• Kcell: +7 (702) 010-77-22.

Facebook: facebook.com/eurasianbank
Instagram: instagram.com/eurasianbank

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ уақытша әкімшілігі:

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ уақытша әкімшілігіне , сондай-ақ “Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры” АҚ-ға жүгіну үшін төмендегі байланыс телефондарын пайдалануыңызды сұраймыз:

 

1) Алматы қ., Н.Назарбаев к-сі, 187Б. тел.: +7 (727) 331 66 77.

2) Нұр-Сұлтан қ., Байтұрсынов к-сі, 5 “Highvill” ТК, D-2-блогы.

3) info@capitalbank.kz.

 

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры
Call-орталығы: 1460 (Қазақстан бойынша стационарлық және ұялы телефон қоңыраулары тегін . )

Сайт:  kdif.kz

info@kdif.kz электрондық мекенжайы

Facebook пен Instagram-дағы Deposit.kz  қорының ресми парақшалары

Telegram: @kdif_ask

 

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ тарату комиссиясының байланыс деректері ол тағайындалғаннан кейін кейінірек хабарланатын болады.

Карталар

Депозиттер

“Turbo Deposit”

(Мерзімді депозит)

  • жылдық 9,0% дейін
  • 1 000 ₸-ден бастап минималды сома
  • толықтыру және ішінара алу

“Turbo Deposit Жинақтаушы”

(Жинақ салым депозит)

  • жылдық 12,0% дейін
  • 15 000 ₸ дейін минималды сома
  • ақшаны ішінара алу мүмкіндігісіз​

Онлайн очередь в отделениях

Время обновления информации 21:53
Город № Отдел. Адрес филиала Очередь Время ожидания, мин.
Алматы Отделение №623 г.Алматы , ул.Розыбакиева, 247 ТРЦ “Мега-2” Закрыто
Алматы Отделение №621 г. Алматы, ул.Пушкина № 41, уг.ул. Жибек Жолы Закрыто

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.