“Еуразиялық банк” АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халыққа тазартылған алтынның қалыпты құймаларын сату және сатып алу бағдарламасына қатысушылардың арасында алғашқылардың бірі болды.
2017 жылғы “08” маусым “Еуразиялық банк” АҚ ағымдағы жылдың “31” мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен өз бастамасын тапқан бағдарлама аясында халыққа тазартылған алтынның қалыпты құймаларын сатуды бастады.
Құймаларды инвестиция құралы ретінде пайдалану артықшылықтарының бірі – банкпен клиентке “күнбе-күн” ақшаны төлеумен алғашқы талап бойынша халықтан құймаларды сатып алу міндетімен қамтамасыз етілген болжалды жоғары өтімділігі. Сонымен қатар осындай алтынды сатып алудан және сатудан ҚҚС алынбайды, бұл оның инвестициялық тартымдылығын арттырады.
Бағдарламаға қатысатын алтын құймалары Қазақстан теңге сарайымен жасалған және бес түрде ұсынылған: 5, 10, 20, 50 және 100 грамм.
Әрбір құйма қорғаныш элементтерімен жабдықталған (құймалардың жылтыр беті, микромәтін және бедерлі қыры) және құймаларды механикалық бүлінуден қорғайтын және ораудың ашылу-ашылмауын тексеруге мүмкіндік беретін арнайы орауда шығарылады.
Құймалардың бет жағындағы бейнелер:
Жоғарғы бөлігінде – бұғының сұлбасы, «Қазақстан», «Казахстан» деген жазбалар.
Құйманың ортасында «АЛТЫН» жəне «ЗОЛОТО» жазбалары орналасқан, жоғарғы бөлігінде салмағы жəне төменгі бөлігінде металдың тазалығын білдіретін 999,9 цифры бейнеленген.
Төменгі бөлігінде – Қазақстан теңге сарайының логотипі жəне құйма нөмірі орналасқан.
Құймалардың сырт жағындағы бейнелер:
Жоғарғы бөлігінде – Ұлттық Банктің логотипі.
Ортасында – қанатты барыстың стильдендірілген сұлбасы бейнеленген.
Құймаларда және орауда қорғаныш элементтер бар және олар актив сапасының сертификаты болып табылады. Орау тұтастығы құймалар құнының сақталуына кепіл болып табылады. Ұқыпты сақтау қажет. Орауды ашуға болмайды!
Тазартылған алтынның қалыпты құймаларын “Еуразиялық банк” АҚ-тың филиалдарынан сатып ала аласыз. Қалыпты құймалардың бар-жоғын Банктің филиалдарынан анықтау қажет.