Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақтар мен жауаптар
logo

"Еуразиялық банк" АҚ Астана Банкінің салымшыларына
кепілдендірілген өтеуді төлеу бойынша банк-агент ретінде таңдалды

Пресс-релиз, Алматы қ., 10 қаңтар 2019 жыл

 

“Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қоры” АҚ жойылатын “Астана Банкі” АҚ-та орналасқан жеке тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің депозиттері, ағымдағы және карталық шоттары бойынша кепілдендірілген өтеуді төлеу бойынша агент ретінде “Еуразиялық банк” АҚ-ты (бұдан әрі – Банк) таңдады.

 

Еуразиялық банк активтері мен меншікті капиталының мөлшері бойынша қазақстандық үздік 10 ЕДБ-ға кіреді, бөлшек кредит беру нарығында ең ірі ойыншы: 2018 жылдың 1-ші желтоқсанда бөлшек кредит қоржынының мөлшері бойынша 4-ші. 2018 жылдың қарашасында Standard&Poor’s Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Еуразиялық банктің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингтерін “В/В” деңгейінде деп растады. Банктің филиалдары мемлекетіміздің барлық аймақтарында орналасқан, қазіргі таңда желімізде Қазақстан бойынша 126 филиалымыз және бөлімшеміз бар.

“Біз “Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қоры” АҚ-қа білдірген сеніміне және “Еуразиялық банк” АҚ-тың ҚДКҚ агенттеріне қойылатын тұрақты қаржылық жағдайы, пруденциалды нормативтердің бұзылуының жоқтығы, еліміздің барлық жерінде бөлшек клиенттерге қызмет көрсету үшін дамыған филиалдық желінің бар болуы сияқты талаптарына сәйкес екенін растағанына алғысымызды айтамыз. Біз өзіміздің тараптан клиенттерге ыңғайлы болу үшін барымызды салуды, қаражаттарды қайтарудың бірнеше нұсқаларын ұсынуды міндетімізге аламыз”, – деп айтып өтті “Еуразиялық банк” АҚ Басқарма Төрағасы Павел Логинов.  

Жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер “Астана Банкі” АҚ депозиттерінде, ағымдағы және карталық шоттарда орналасқан ақша бойынша өтеуді алуға құқықтары бар.  Өтеу шоттардың қалдықтарының сомасы шеңберінде, бірақ ең жоғарғы кепілдендірілген сомадан артық емес мөлшерде төленетін болады:

  • 10 миллион теңге — ұлттық валютадағы депозиттер бойынша,
  • 5 миллион теңге — шетел валютасындағы депозиттер бойынша.

 

Бір салымшының “Астана Банкі” АҚ-та теңгеде және шетел валютасында қатар орналасқан депозиттері бойынша 15 миллионға дейін жиынтықты өтеу төленеді. Бұл ретте шетел валютасындағы депозит бойынша – 5 миллион теңгенің баламасынан артық емес.
“Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қоры” АҚ арнайы қордың қаражаттары есебінен “Астана Банкі” АҚ салымшыларына өтеуді төлеу үшін Еуразиялық банкті ақшалай қаражаттармен толық көлемде қамтамасыз етеді.

Өтеудің мөлшері максималды кепілдендірілген өтеудің сомасы мен салымшының несие борышына қарай “Астана Банкі” АҚ-тың тарату комиссиясымен белгіленетініне және “Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қоры” АҚ-пен келісілетініне назарыңызды аударамыз.

 

“Астана Банкі” АҚ-тың салымшыларынан өтініштерді қабылдау 2019 жылғы 26-шы қаңтардан басталады және 2019 жылғы 26 шілдеге дейін өз жалғасын табады. Осы күнге дейін Еуразиялық банкте өтініштерді қабылдауға және кепілдендірілген өтеуді төлеуге құқығы жоқ.

Өтеуді төлеу талаптары туралы егжей-тегжейлі ақпарат банкпен өтеулерді төлеудің басталуына қарай, кейінірек жарияланатын болады.

 

Банк туралы

Еуразиялық банк — 24 жылдық тарихы бар, Қазақстандағы әлеуметті маңызды коммерциялық банк.  Қаржы институт бөлшек банкинг нарығында озық позицияларға ие, корпоративтік клиенттерге және ШОБ клиенттеріне сан түрлі қызметтерді көрсетеді.  Банк автокредит беруді, POS-кредит беруді, төлем карталары, мобильді банкингті және жалақы жобаларын белсенді дамытуда.

“Еуразиялық банк” АҚ PR-қызметі:

+7 (727) 259-95-99, ішкі: 3453

press@eubank.kz

eubank.kz

S&P Global ratings «Еуразиялық банк» АҚ рейтингісін растады

2018 жыл желтоқсанның 5-сі, Алматы қ., Пресс-релиз. S&P Global ratings халықаралық рейтингті агентігі «Еуразиялық банк» АҚ эмитентінің (ары қарай – Банк) ұзақ және қысқа мерзімді «В/В» деңгейдегі несиелеу рейтингісін растады. Болжам өзгеріссіз қалады. Одан бөлек банктің рейтингісі халықаралық шкала бойынша «kzBB+» деңгейі расталады.

S&P: «Рейтингтердің расталуы біздің «Еуразиялық банк» АҚ өзінің нарықтағы депозит сегменті және алдыңғы қатарларда тұрған тауар алуға арналған несиелер, әсіресе автонесиелеу бойынша және бірқалыпты қаржыландыру базасы, өз еліндегі брендтің танымалдылығына байланысты артықшылықтарды алады деп ойлаймыз». Одан бөлек агенттіктердің аналитиктері банктің өтімділігін де бағалады – «едәуір тұрақты қаржыландыру базасының аясында өтімділік резервтерінің жеткіліктілігі, оның қаржылық жағдайына байланысты өнеркәсіптік тәуекелдердің артуы тұрғысынан біздің көзқарасымызды қолдайды».

«Еуразиялық банк» АҚ басқарма төрағасы Павел Логиновтың айтуынша: «Рейтингілік іс-әрекет банктің таңдаған даму стратегиясының дұрыстығын көрсетеді, ол банкке тұрақты нарықтық негізді және тәуекелдің бақыланатын деңгейі бар активтердің жоғары сапалы табыс қоржынымен қамтамасыз ететін бөлшек бизнесті дамытуға баса назар аударады. Өкінішке орай, біз ҚР банк секторының тәуекелдерінің жалпы өсуіне куә болып отырмыз, бұл нарық қатысушыларына кері әсерін тигізеді және банктің несие тәуекелдерін ұқыпты қарауды талап етеді».

2017 жылы қыркүйек айында қабылданған жаңа даму стратегиясы өзінің нәтижелерін берді: 2018 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша Еуразиялық банк ҚР ЕДБ арасында несиелеу портфелінің көлемін ұлғайтып, 5-ші орыннан 4-ші орынға орналасты.

«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі:

+7(727) 2599 599 ін.3453

press@eubank.kz

www.eubank.kz

Еуразиялық банк, Mastercard және Apple бірігіп Apple Pay қызметін іске қосты

Алматы қ., 2018 жыл қарашаның 28-і Бүгін, 2018 жылдың қарашаның 28-і Apple Pay қызметі Еуразилық банк клиенттеріне, Mastercard карталарының иелеріне қолжетімді болды. Apple Pay-ге картаны қосу үшін Apple -дағы Wallet қосымшасын ашып, “+” белгісін картаны қосу үшін басу керек. Картаны сканнан өтікізіп немесе картаның номерін енгізу қажет. Одан кейін карта бойынша қосымша ақпаратты: CVV, жарамдылық мерзімі және СМС арқылы келген уақытша парольді енгізу керек. Осы уақыттан бастап пластик картасымен төлем мен қызметтерді төлеуге болады. iPhone-ды төлем терминалына жақындатып, Touch ID төлемді, құрылғыдағы парольмен немесе Face ID көмегімен экранға қарап растау қажет.
«Біз технологияны инвестициялап, клиенттерімізге заманауи иннновацияны ұсынуға тырысамыз. Осы жылдың мамыр айында Еуразиялық банк Android иелеріне NFC көмегімен жанасусыз төлемдер жасау қызметін алғашқы банктердің бірі болып ұсынды. Біз қазақстандықтардың смартфон арқылы төлемдер жасауға қызығушылығын көріп, осы уақытқа дейін «алмашылардан» Apple құрылғыларының иелеріне бұл қызмет қашан шығатыны жайлы көптеген өтініштерді қабылдадық. Бүгін Еуразиялық банк карталарының иелеріне, iPhone және Apple-дың көптеген құрылғыларын қолданатындарға Apple Pay қызметін ұсынамыз. Әлемде танымал төлем жүйесінің Қазақстанда пайда болуы – дәстүрлі «пластиктан» бас тартуына тағы бір қадамға жақындауымыз. Клиенттеріміз жанасусыз төлемнің ыңғайлылығы, қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалайды деп үміттенеміз», – деп Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Павел Логинов айтты.
Төлемдерді iPhone SE, iPhone 6 және жаңа модельдермен, одан бөлек Apple Watch «ақылды» сағатпен, iPad және MacBook арқылы жасауға болады. Еуразиялық банкта карта ашып, өзінің құрылғыңа қосып, жанасусыз төлемдерді қолдайтын терминалдар орналасқан жерде және ғаламторда төлем кезінде кез
келген жерде қолдануға болады. Apple Pay арқылы ғаламторда төлем жасау оңай және ыңғайлы. Онлайн төлем кезінде iPhone, iPad немесе Mac-тағы Safari-да есепке алу жазбасын немесе ұзын жазбаны толтыру қажет емес: Apple Pay-ды қолданыңыз. Ал Touch ID технологиясымен MacBook Air және MacBook Pro-да бір жанасумен төлемуге болады. Айтпақшы, картаның номері құрылғыда, Apple серверінде сақталмайды және төлем кезінде сатушыға да жіберілмейді. Оған құпияланатын және қауіпсіз Secure Element чипінің құрылғысында сақталатын, есепке алу жазбасының бірегей номері беріледі. Қазақстандағы POS-терминалдардың 65%-ы және дүние жүзіндегі 1 миллионнан жоғары саны жанасусыз төлемдерді қолдайды. Еуразиялық банктің картасын тегін жеткізуге үйден шықпай, онлайн  pay.smartbank.kz-те қалдыруға болады.

«Еуразиялық банк» АҚ және «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2018 жылғы 12 қараша, Астана қ., Баспасөз релизі Тараптар құжатқа сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында энергетика, машина жасау, инфрақұрылым және өнеркәсіп салаларындағы жобаларды іске асыруға бағытталған ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастықты орнатуға мүдделік танытады.

 

Ынтымақтастық екі институттың да клиенттері үшін мүмкіндіктер ашады. Өз тарапынан «Қазына Капитал Менеджмент» әрі қарай жаңғырту, өрістету және дамыту үшін қосымша қаржыландыру қажет болатын компаниялардың серіктесі болып, олардың капиталына ене алады. Еуразиялық банк «Қазына Капитал Менеджмент» акционері болып табылатын кәсіпкерлерге жаңғырту, айналым қаражатын толықтыру және басқа да бизнес-мақсаттар үшін қосымша қаржы қажет болған немесе қымбат кредиттерді қайта қаржыландыруға ниет білдірген жағдайда бұл кәсіпкерлер үшін кредит беруге дайын.

 

Еуразиялық Банктің Басқарма төрағасы Шухрат Садыров: «Келісім екі компанияның да клиенттеріне қосымша ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігін береді. Еуразиялық банктің әртүрлі салалардағы кәсіпкерлермен жұмыс тәжірибесі орасан зор, сондықтан біз корпоративтік клиенттерге тек қаржыландыруды ғана емес, барлық есеп айырысу-кассалық қызметтерін де ұсына аламыз. Жинақталған тәжірибенің арқасында біздің қаржы институтымыз компанияларға барлық қаржылық шешімдер бойынша кеңес беру көмегін де көрсетеді.  Осындай жағдайларда «Казына Капитал Менеджментпен» меморандумға қол қою өз компанияларын дамытуда қаржылық мұқтаждық көріп отырған қазақстандық бизнесмендер үшін мүмкіндіктер ашады», – деп атап өтті.

 

Еуразиялық банк өзі жұмыс істеген жылдары корпоративтік сектор мен ШОБ саласында қызмет көрсету бойынша көшбасшылардың біріне айналды, ол ұзақ мерзімді жобаларды қаржыландыру бойынша есеп айырысу-кассалық қызметтерден бастап мәмілелерді құрылымдауға дейінгі кешендік қызметтерді көрсетеді.

 

«ҚКМ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Асет Сагимбеков: «Мұндай ымыра Еуразиялық банк пен «ҚКМ» компаниясының ықтимал және қолданыстағы жобаларына банктік қарыздар түрінде болсын, капиталға қатысу нысанында болсын қосымша қор жинауға мүмкіндік береді. Бұл жобаларды іске асыру жағдайларын жақсартады, ал қазақстандық кәсіпкерлерге бизнесін дамыту және оның бәсекелеске қабілеттілігін арттыру үшін қосымша мүмкіндіктер мен ресурстар береді», – деп түсіндірді.

 

Асет Сагимбеков мемлекеттік-жеке серіктестіктің экономиканың басым салаларын дамытуға ықпал ететінін, өйткені ҚКМ құрамына кіретін көпшілік қорлардың инвестициялау мандаты мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жұмылдырылғанын атап өтті.

 

Тараптар бұл ынтымақтастық ел экономикасының басым секторларының табысты дамуына ықпалын тигізеді деп сенім білдіреді.

 

Анықтама үшін

«Қазына Капитал Менеджмент» («ҚКМ») АҚ – бұл 2007 жылы ұлттық экономиканың тұрақты дамуына көмектесу үшін құрылған тікелей инвестиция (private equity) қорларының қоры.  «ҚКМ» отбасы қорлары экономиканың әртүрлі секторларында әрі қарайғы өркендеу және бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында капитал береді. «Қазына Капитал Менеджмент»  халықаралық институционалдық инвесторлармен бірлесе отырып 13 private equity қорды тиімді басқарады, олардың жалпы капиталдандыруы 2,4 млрд АҚШ долларын құрайды . «ҚКМ» компаниясы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылымына кіреді.

 

«Еуразиялық банк» АҚ – 24 жылдық даму тарихы бар әрі Қазақстандағы әлеуметтік маңызы зор коммерциялық банктердің бірі. Қаржы институты бөлшек банкинг нарығында көшбасшылық жайғасымға ие, корпоративтік клиенттер мен ШОБ клиенттеріне көптеген қызмет түрлерін көрсетеді. 2017 жылғы 4 қыркүйекте Еуразиялық банктің Директорлар кеңесі бөлшек бизнестің дамуын көздеумен жасалған қаржы институтының 2022 жылға дейінгі даму стратегиясын қабылдады. Еуразиялық банк «ERG» ірі әртараптандырылған компаниясының иелері Александр Машкевичке, Алиджан Ибрагимовқа және Патох Шодиевке тиесілі.

 

«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі:

+7(727) 2599 599 ішкі 3453

press@eubank.kz

www.eubank.kz

Еуразиялық банк» АҚ директорлар Кеңесінің құрамы өзгерді

Алматы қ., 2018 жылдың қарашаның 12-сі, Пресс-релиз. «Еуразиялық банк» АҚ (ары қарай – Банк)  Банк директорлар Кеңесінің құрамы өзгергені жайлы хабарлады.

2018 жылдың қарашаның 8-нен Банктің жалғыз ақционерінің шешіміне сәйкес Банк директорлар Кеңесінің мүшесі Борис Григорьевич Умановтың құзырлығы өзінің қалауымен 2018 жылдың қарашаның 8-нен бастап мерзімнен бұрын тоқтатылды.

«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі:

+7(727) 2599 599 ін.3453

press@eubank.kz

www.eubank.kz

Ваш город: Алматы.
Верно?

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо