Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақтар мен жауаптар
logo

Қазақстанның барлық қалаларындағы мемлекеттік бағдарламалар бойынша баспана

Баспасөз-релиз, Алматы қ., 2019 жылғы 15 ақпан

 

Eurasian Bank 2019 жылғы 15 ақпаннан бастап Eurasian Bank барлық филиалдарында «7-20-25» және «Баспана Хит» мемлекеттік ипотекалық бағдарламалары бойынша өтінімдерді қабылдайды.

 

«7-20-25» бағдарламасының талаптары:
1. Сыйақы мөлшерлемесі: 7%.
2. Бастапқы жарна: Баспана құнының 20%.
3. Қарыз мерзімі: 25 жылға дейін.
4. Баспананың ең көп құны: 25 миллион теңге Алматы, Астана, Ақтау, Атырау және Шымкент үшін; 15 миллион теңге — қалған өңірлері үшін.
5. Қарыз мақсаты: бастапқы баспананы сатып алу.
6. Қарызды беру және қызмет көрсету үшін комиссия: жоқ.
7. Жылжымайтын мүлікті сақтандыру: жоқ.
8. Баспана болмауының критерийі: қарыз алушының ҚР аумағында меншік құқығындағы баспанасының болмауы.

 

«Баспана Хит» бағдарламасының талаптары:
1. Сыйақы мөлшерлемесі: базалық мөлшерлеме + 175 базистік тармақ (11% ағымдағы күнге).
2. Бастапқы жарна: баспана құнының кемінде 20%.
3. Қарыз мерзімі: 15 жылға дейін.
4. Баспананың ең көп құны: 26 миллион теңге Алматы, Астана, Ақтау, Атырау және Шымкент үшін; 15 миллион теңге — қалған өңірлері үшін.
5. Қарыз мақсаты: бастапқы және қайталама баспана сатып алу.
6. Қарызды беру және қызмет көрсету үшін комиссия: алынады.
7. Жылжымайтын мүлікті сақтандыру: міндетті.
8. Баспана болмауының критерийі: баспананың болуына рұқсат беріледі.

 

Eurasian Bank өтінімдерді мына мекенжайлар бойынша қабылдайды:

  • №3 филиал Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ., Амангелді Қосжанов к-сі, 7.
  • №4 филиал: Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Н. Әбдіров даңғ., 3/2.
  • № 5 филиал, (503 бөлімше): Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 46.
  • №6 филиал: Алматы қ., Алмалы ауданы, Байтурсынұлы к-сі, 50-52.
  • №7 филиал: Қостанай облысы, Қостанай қ., Дулатов к-сі, 70.
  • №8 филиал: Атырау облысы, Атырау қ., Құлманов к-сі, 107.
  • №9 филиал Шығыс-Қазақстан облысы, Өскемен қ., Е.П. Славский атындағы жағалау, 24/3.
  • №10 филиал: Жамбыл облысы, Тараз қ., Абай даңғ., 142.
  • №11 филиал: Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 5-ықшамаудан, 45.
  • №12 филиал: Павлодар облысы, Павлодар қ., Набережная к-сі, 3.
  • №13 филиал: Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Құрманғазы к-сі, 125.
  • №14 филиал: Солтүстік-Қазақстан облысы, Петропавл қ., Ы. Алтынсарин к-сі, 168а.
  • №15 филиал: Шымкент қ., Абай ауданы, Темірлан тас жолы, 1в.
  • №17 филиал: Ақмола облысы, Көкшетау қ., Бауыржан Момышұлы к-сі, 62/103.
  • №19 филиал: Талдықорған қ., Гагарин к-сі, 136.
  • №20 филиал: Қызылорда облысы, Қызылорда қ., Желтоқсан к-сі, 11а.
  • №22 филиал: Түркістан облысы, Түркістан қ., Тәуке хан даңғ., 228.
  • № 991 бөлімше: Шығыс Қазақстан облысы, Семей қ., Ибраев к-сі, Б. Момышұлы к-сінің қиыл., 153/16.
  • № 1292 бөлімше: Павлодар облысы, Екібастұз қ., Мәшһүр Жүсiп к-сі, 54.
  • № 409 бөлімше: Қарағанды облысы, Жезқазған қ., Ғарышкерлер к-сі (бұрынғы Сейфуллин к-сі) 38.

 

Қарыз алушыға мынадай талаптар қойылады:
1. Еңбек немесе кәсіпкерлік қызмет туралы құжаттамалық расталған табыстың болуы — соңғы жұмыс орнындағы өтілі 12 айдан кем емес.
2.  «7-20-25» бағдарламасы бойынша қарыз алушының/қосалқы қарыз алушының ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша және басқа ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешектерінің болмауы.
3. Қосалқы қарыз алушылар/кепілдік берушілер санының көптігі: 3 жеке тұлғадан көп емес.
4. Банктің кредиттік саясатына сәйкес кредит беру теріс кредиттік тарихы болған кезде, ағымдағы өтелмеген мерзімі кешіктірілген берешегі болған кезде, сондай-ақ коллекторлық компания алдында несие берешегі болған кезде жүзеге асырылмайды.

 

Банк туралы

Еуразиялық банк — 24 жылдық даму тарихы бар Қазақстанның әлеуметтік маңызды коммерциялық банкі. Қаржылық институт бөлшек банкинг нарығында жетекші орын алады және корпоративтік клиенттерге және ШОБ клиенттеріне қызметтердің ауқымды түрлерін ұсынады.  Банк автокредиттеуді, POS-кредиттеуді, төлем карталарының бағытын, ұялы банкинг және жалақы жобаларын белсенді дамытып келе жатыр.

 

«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі:
+7 (727) 259-95-99, ішкі: 3453
press@eubank.kz
eubank.kz

«Еуразиялық банк» АҚ (бұдан әрі — Банк) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Suńqar атты жобасына қатысты.

Баспасөз-релиз, Алматы қ., 2019 жылғы 7 ақпан

 

Suńqar — бұл алушының қарапайым деректемелері бойынша, атап айтқанда — телефон нөмірлері бойынша лезде болатын аударымдар жүйесі.  «Еуразиялық банк» АҚ Suńqar жүйесі бойынша аударымдарды Smartbank ұялы қосымшасында іске асырды. Қазіргі уақытта аударымдарды «Еуразиялық банк» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Altyn Bank» АҚ  (China CITIC Bank Corporation Limited ЕБ) ішінде және арасында жасауға болады.

 

«Іске асырылған Suńqar жобасының арқасында Еуразиялық банк клиенттері ақшалай аударымдарды біздің ұялы қосымшамыздың ішінде, сондай-ақ басқа банктердің клиенттеріне жіберудің тіптен оңай мүмкіндігіне ие болды. Біз Ұлттық Банкке осы жобаны іске асырғаны үшін ризамыз. Мұндай бастама банк саласының дамуына және сервис сапасына жағымды ықпал етеді», — деді «Еуразиялық банк» АҚ басқармасының төрағасы Павел Логинов.

Телефон нөмірі бойынша аударымдардың Smartbank жаңартуларының алғашқы толқынына Android базасындағы смартфон иелері кіреді. iOS үшін релиз 2019 жылғы сәуірде жоспарланады.

 

Жаңартуларды орнатқаннан кейін ақшаны аудару үшін «Телефон нөмірі бойынша аударымдар» бөлімінде алушының телефон нөмірін енгізіп, банк-алушыны таңдап, аударым сомасын көрсету ғана жеткілікті болады. Қалауы бойынша, мәтін хабарламасын қосуға болады.

 

2019 жылғы 7 ақпанда банкаралық аударымдар үшін сома бойынша тәуліктік лимиттерсіз бір операция үшін —  минимум 100, максимум 500 000 теңге; банкішілік аударымдар үшін бір операцияға — минимум 100, максимум 500 000 теңге және күніне максимум 5 000 000 теңге сомасы бойынша шектеулер қолданылады.

 

Банкаралық аударымдар үшін комиссия соманың 0,2% (250 теңге — минимум) құрайды, банкішілік аударымдар үшін комиссия қарастырылмаған.

 

Банк туралы

Еуразиялық банк — 24 жылдық даму тарихы бар Қазақстанның әлеуметтік маңызды коммерциялық банкі. Қаржылық институт бөлшек банкинг нарығында жетекші орын алады, корпоративтік клиенттерге және ШОБ клиенттеріне қызметтердің ауқымды түрлерін ұсынады.   Банк автокредиттеуді, POS-кредиттеуді, төлем карталарының бағытын, ұялы банкинг және жалақы жобаларын белсенді дамытып келе жатыр.

 

«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі:

+7 (727) 259-95-99, ішкі: 3453

press@eubank.kz
eubank.kz

Б.А. Кожраковтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Пресс-релиз, Алматы қ., 5 ақпан 2019 жыл

 

“Еуразиялық банк” АҚ-тың жалғыз акционерінің шешімімен Б.А. Кожраков директорлар кеңесі мүшелерінің қатарынан шығарылды.

Қазіргі сәтте “Еуразиялық банк” АҚ-тың директорлар кеңесі бес адамнан тұрады, олар: А.А. Машкевич, Ш.А. Ибрагимов, П.В. Логинов, И.Ч. Ким, Ж.Т. Бекенов.

Еуразиялық банк Астана Банкі салымшыларына 82% өтемді төледі

Баспасөз-релизі, 2019 жыл 1 ақпан, Алматы қ.,

 

1 ақпанға «Еуразиялық банк» АҚ «Астана Банкі» АҚ клиенттеріне 30,7 миллиард теңге көлемінде кепілді өтемді төледі. Бұл  «Астана Банкі» АҚ салымшыларының алдындағы міндетті төлеу қаражат мөлшерінің 82% құрайды.

 

Қазақстан Республикасының облыстарында міндеттің 75% астам мөлшерін құрайды. «Еуразиялық банк» АҚ «Астана Банкі» АҚ клиентіне орташа қызмет көрсету уақыты 5-тен 15 минутқа дейін құрады.

 

4 ақпаннан бастап төлем орталықтары «Астана Банкі» АҚ клиенттерінің ағыны мен бөлімшелердегі жүктеменің азаюына байланысты «Еуразиялық банк» АҚ «Астана Банкі» АҚ салымшыларына қызмет көрсететін төлем орталықтарының жұмыс кестесін өзгертеді.

 

Жұмыс күндері төлем орталықтары 09:00-ден 19:00-ге дейін, түскі үзіліссіз. Сенбі күндері   09:00-ден 16:00-ге дейін, түскі үзіліссіз. Жексенбі демалыс. 2019 жылдың 18 ақпанда төлем орталықтары жұмысын тоқтатады.

 

«Астана Банкі» АҚ салымшыларына кепілді өтемді төлеу 2019 жылдың 26 шілдеге дейін Еуразиялық банктің жеке тұлғаларға қызмет көрсететін барлық бөлімшелерде кезекті тәртіпте төленеді.

 

Банк жайлы
Еуразиялық банк
— Қазақстандағы әлеуметтік маңызды 24 жылдық тарихы бар коммерциялық банк. Қаржы институты жекелей банкинг нарығында алдыңғы қатарда, ШОБ мен корпоративті клиенттерге ауқымды қызметті көрсетеді. Банк қарқынды түрде автонесиелеуді, POS-несиелеуді, төлем карталары бағытында, мобильді банкинг пен жалақы жобаларын дамытуда.

 

«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі:

+7 (727) 259-95-99, ін.: 3453

press@eubank.kz

eubank.kz

Баспасөз хабарламасы, Алматы қ., 2019 жылғы 1 ақпан
Басқарма төрағасының орынбасары Н. Н.  Аязбаев басқарма мүшесінен шығарылды.
Қазіргі уақытта «Еуразиялық банк» АҚ басқармасы жеті адамнан тұрады: П. В. Логинов, О. В. Печенкин, С. М. Бекбосынов, И. В. Белохвостиков, Ш. А. Садыров, Д. З. Катекова, Н. М. Дружинина.

26-27 қаңтарға «Астана Банкі» АҚ салымшыларының алдындағы міндеттемелердің 62% төленді

Баспасөз-релиз, Алматы қ. 2019 жылғы 28 қаңтар

 

«Астана банкі» АҚ бойынша өтемді төлеу қорытындысы бойынша алғашқы екі күнде, 26 және 27 қаңтарда банк-агент «Еуразиялық банк» АҚ 23,1 миллиард теңгені төледі, бұл 37,5 млрд. теңгедегі өтемнің жалпы сомасының 62% құрайды. 26–27 қаңтарда Еуразиялық банктің бөлімшелеріне «Астана банкі» АҚ-ның 18 925 салымшалары келді.

 

Бөлімшелерде «Астана банкі» АҚ салымшыларының ағынын ұйымдастыру және  мүмкін болатын ажиотажды төмендету үшін Еуразиялық банк бірқатар дайындық іс-шараларын жүргізді.

  1. Клиенттердің күтілетін көптеген ағанына қызмет көрсету үшін «Еуразиялық банк» АҚ демалыс күндері 26 және 27 қаңтарда «Астана банкі» АҚ салымшылары үшін өзінің жеке тұлғаларға қызмет көрсететін барлық бөлімшелерін ашты, сондай-ақ төлем орталықтарын ашу арқылы ірі қалаларды қосымша күшейтті.
  2. «Астана банкі» АҚ клиенттеріне белгілі бір мекенжай бойынша белгіленген күні банк бөлімшелеріне келу ұсынысымен SMS жіберілді. 1000 теңгеден кем өтем сомасымен клиенттер де алдын ала ескертілді, мұндай клиенттердің бөлімшеге келуді төлем жасаудың алғашқы күндері жоспарламауы үшін.
  3. Кезектен күдіктенген клиенттерге шабарманның жеткізуімен онлайн төлем картасына тапсырыс беру және осы картаға өтемді алу мүмкіндігі ұсынылды.
  4. Клиенттер ақпаратты алдын ала тексерулері үшін eubank.kz-ке ЖСН бойынша өтем сомасын онлайн-тексеру сервисі қосылды.
  5. Клиенттердің eubank.kz арқылы бүкіл Қазақстан бойынша бөлімшелердегі кезектер жөнінде ақпаратты көріп отыру мүмкіндігі болды.
  6. Төлемдердің алғашқы күндері бөлімшелердің барлық менеджерлері, сату орындарының (техника, жиһаз, автосалон және т.б.) және фронт-офис кредиттік менеджерлері жұмылдырылды.

26–27 қаңтарда «Еуразиялық банк» АҚ бөлімшелеріне «Астана банкі» АҚ-ның 18 925 салымшысы келді. Барлық түскен өтініштер қабылданды және өтініш берген 18 875 салымшы өтем алды.

Алматы, Астана және Шымкентке өтініштердің 56% түсті. Ажиотаж және кезектер 26 қаңтарда, сенбі күнінің бірінші жартысында байқалды,  — барлық ағымдағы мәселелер жұмыс тәртібінде шешілді. Сенбі күнінің екінші жартысында және жексенбіде банк бөлімшелерінде кезектер болмады.

 

28 қаңтардан бастап «Еуразиялық банк» АҚ барлық бөлімшелері қалыпты режимде жұмыс істейді, сондықтан ірі қалаларда салымшыларға қолайлы болуы үшін банк тек «Астана банкі» АҚ салымшыларына ғана кеңейтілген кесте бойынша қызмет көрсетілетін арнайы төлем орталықтарына өтініш білдіруді ұсынады. Өтемді төлеу мерзімі келесі алты айға ұзартылады — 26 шілдеге дейін және жеке тұлғаларға қызмет көрсетілетін «Еуразиялық банк» АҚ барлық бөлімшелерінде өтеді.

 

Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Павлодар және Атырауда «Астана банкі» АҚ клиенттеріне ғана өтемді төлеу үшін арнайы құрылған орталықтардың көбісі төлем аяқталғанға дейін кеңейтілген кесте бойынша сағат 09:00 бастап 21:00 дейін жұмыс істейтін болады.  «Астана банкі» АҚ салымшылары кез келген күні өтініш бере алады.

 

«Еуразиялық банк» АҚ eubank.kz сайтында «Астана банкі» АҚ салымшылары онлайн режимінде кезек күтіп тұрған клиенттердің санын көруіне, сондай-ақ бөлімшеге келер алдында төлем сомасымен алдын ала танысуына болады.

2019 жылдың 26 шілдесінен кейін «Еуразиялық банк» АҚ бөлімшелеріне өтініш білдірмеген «Астана банкі» АҚ салымшылары Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына тікелей өтемді төлеу туралы өтініш бере алады және өтемді қолма-қол ақшасыз аударыммен ала алады.

 

Банк туралы

Еуразиялық банк — 24 жылдық даму тарихы бар қазақстандық коммерциялық әлеуметтік маңызды қаржылық банктердің бірі.  Қаржылық институт бөлшек банкинг нарығында жетекші орын алады және корпоративтік клиенттерге және ШОБ клиенттеріне қызметтердің ауқымды түрлерін ұсынады.  Банк автокредиттеуді, POS-кредиттеуді, төлем карталарының бағытын, ұялы банкинг және жалақы жобаларын белсенді дамытып келе жатыр. Еуразиялық банк активтерінің және меншік капиталының мөлшері бойынша 10 ірі қазақстандық ЕДБ қатарына кіреді, бөлшек кредит беру нарығының ірі қатысушысы:  2018 жылғы 1 желтоқсанға кредиттік портфелінің мөлшері бойынша 4-ші. 2018 жылғы қарашада Standard&Poor’s Global Ratings халықаралық рейтингтік агентігі Еуразиялық банктің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингтерін «B/В» деңгейінде растады.  Банк филиалдары еліміздің барлық аймақтарында орналасқан, қазіргі сәтте желінің Қазақстан бойынша 126 филиалы және бөлімшелері бар.


«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі:

+7 (727) 259-95-99, ішкі: 3453

press@eubank.kz

eubank.kz

"Еуразиялық банк" АҚ Астана Банкінің салымшыларына
кепілдендірілген өтеуді төлеу бойынша банк-агент ретінде таңдалды

Пресс-релиз, Алматы қ., 10 қаңтар 2019 жыл

 

“Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қоры” АҚ жойылатын “Астана Банкі” АҚ-та орналасқан жеке тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің депозиттері, ағымдағы және карталық шоттары бойынша кепілдендірілген өтеуді төлеу бойынша агент ретінде “Еуразиялық банк” АҚ-ты (бұдан әрі – Банк) таңдады.

 

Еуразиялық банк активтері мен меншікті капиталының мөлшері бойынша қазақстандық үздік 10 ЕДБ-ға кіреді, бөлшек кредит беру нарығында ең ірі ойыншы: 2018 жылдың 1-ші желтоқсанда бөлшек кредит қоржынының мөлшері бойынша 4-ші. 2018 жылдың қарашасында Standard&Poor’s Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Еуразиялық банктің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингтерін “В/В” деңгейінде деп растады. Банктің филиалдары мемлекетіміздің барлық аймақтарында орналасқан, қазіргі таңда желімізде Қазақстан бойынша 126 филиалымыз және бөлімшеміз бар.

“Біз “Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қоры” АҚ-қа білдірген сеніміне және “Еуразиялық банк” АҚ-тың ҚДКҚ агенттеріне қойылатын тұрақты қаржылық жағдайы, пруденциалды нормативтердің бұзылуының жоқтығы, еліміздің барлық жерінде бөлшек клиенттерге қызмет көрсету үшін дамыған филиалдық желінің бар болуы сияқты талаптарына сәйкес екенін растағанына алғысымызды айтамыз. Біз өзіміздің тараптан клиенттерге ыңғайлы болу үшін барымызды салуды, қаражаттарды қайтарудың бірнеше нұсқаларын ұсынуды міндетімізге аламыз”, – деп айтып өтті “Еуразиялық банк” АҚ Басқарма Төрағасы Павел Логинов.  

Жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер “Астана Банкі” АҚ депозиттерінде, ағымдағы және карталық шоттарда орналасқан ақша бойынша өтеуді алуға құқықтары бар.  Өтеу шоттардың қалдықтарының сомасы шеңберінде, бірақ ең жоғарғы кепілдендірілген сомадан артық емес мөлшерде төленетін болады:

  • 10 миллион теңге — ұлттық валютадағы депозиттер бойынша,
  • 5 миллион теңге — шетел валютасындағы депозиттер бойынша.

 

Бір салымшының “Астана Банкі” АҚ-та теңгеде және шетел валютасында қатар орналасқан депозиттері бойынша 15 миллионға дейін жиынтықты өтеу төленеді. Бұл ретте шетел валютасындағы депозит бойынша – 5 миллион теңгенің баламасынан артық емес.
“Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қоры” АҚ арнайы қордың қаражаттары есебінен “Астана Банкі” АҚ салымшыларына өтеуді төлеу үшін Еуразиялық банкті ақшалай қаражаттармен толық көлемде қамтамасыз етеді.

Өтеудің мөлшері максималды кепілдендірілген өтеудің сомасы мен салымшының несие борышына қарай “Астана Банкі” АҚ-тың тарату комиссиясымен белгіленетініне және “Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қоры” АҚ-пен келісілетініне назарыңызды аударамыз.

 

“Астана Банкі” АҚ-тың салымшыларынан өтініштерді қабылдау 2019 жылғы 26-шы қаңтардан басталады және 2019 жылғы 26 шілдеге дейін өз жалғасын табады. Осы күнге дейін Еуразиялық банкте өтініштерді қабылдауға және кепілдендірілген өтеуді төлеуге құқығы жоқ.

Өтеуді төлеу талаптары туралы егжей-тегжейлі ақпарат банкпен өтеулерді төлеудің басталуына қарай, кейінірек жарияланатын болады.

 

Банк туралы

Еуразиялық банк — 24 жылдық тарихы бар, Қазақстандағы әлеуметті маңызды коммерциялық банк.  Қаржы институт бөлшек банкинг нарығында озық позицияларға ие, корпоративтік клиенттерге және ШОБ клиенттеріне сан түрлі қызметтерді көрсетеді.  Банк автокредит беруді, POS-кредит беруді, төлем карталары, мобильді банкингті және жалақы жобаларын белсенді дамытуда.

“Еуразиялық банк” АҚ PR-қызметі:

+7 (727) 259-95-99, ішкі: 3453

press@eubank.kz

eubank.kz

Құрметті клиенттер!

Кеше, 2018 жылдың 5 желтоқсанында, акция шарттарын орындаған қатысушылар арасында басты ұтыс сыйлығы – 1 000 000 бонусты құрайтын «Smartbank-тегі миллионерлер күзі» акциясы өтті.

 

Еске сала кетсек, акция  шарты бойынша 2018 жылдың 1 қазаны мен 2 желтоқсан аралығында Smartbank*  мобильді қосымшасында тіркелу керек болатын.

 

Акция барысында 1000, 2000, 5000, 10 000, 20 000 және 50 000 бонустық номиналдары  ойнатылды. Жеңімпаздар тізімін келесі сілтемелер арқылы көруге болады:

1-ші апта

2-ші апта

3-ші апта​

4-ші апта​

5-ші апта​

6-шы апта​

7-ші апта​

8-ші апта

 

Еуразиялық банкі барлығы 17 000 000 бонус ойнатқан болатын.

S&P Global ratings «Еуразиялық банк» АҚ рейтингісін растады

2018 жыл желтоқсанның 5-сі, Алматы қ., Пресс-релиз. S&P Global ratings халықаралық рейтингті агентігі «Еуразиялық банк» АҚ эмитентінің (ары қарай – Банк) ұзақ және қысқа мерзімді «В/В» деңгейдегі несиелеу рейтингісін растады. Болжам өзгеріссіз қалады. Одан бөлек банктің рейтингісі халықаралық шкала бойынша «kzBB+» деңгейі расталады.

S&P: «Рейтингтердің расталуы біздің «Еуразиялық банк» АҚ өзінің нарықтағы депозит сегменті және алдыңғы қатарларда тұрған тауар алуға арналған несиелер, әсіресе автонесиелеу бойынша және бірқалыпты қаржыландыру базасы, өз еліндегі брендтің танымалдылығына байланысты артықшылықтарды алады деп ойлаймыз». Одан бөлек агенттіктердің аналитиктері банктің өтімділігін де бағалады – «едәуір тұрақты қаржыландыру базасының аясында өтімділік резервтерінің жеткіліктілігі, оның қаржылық жағдайына байланысты өнеркәсіптік тәуекелдердің артуы тұрғысынан біздің көзқарасымызды қолдайды».

«Еуразиялық банк» АҚ басқарма төрағасы Павел Логиновтың айтуынша: «Рейтингілік іс-әрекет банктің таңдаған даму стратегиясының дұрыстығын көрсетеді, ол банкке тұрақты нарықтық негізді және тәуекелдің бақыланатын деңгейі бар активтердің жоғары сапалы табыс қоржынымен қамтамасыз ететін бөлшек бизнесті дамытуға баса назар аударады. Өкінішке орай, біз ҚР банк секторының тәуекелдерінің жалпы өсуіне куә болып отырмыз, бұл нарық қатысушыларына кері әсерін тигізеді және банктің несие тәуекелдерін ұқыпты қарауды талап етеді».

2017 жылы қыркүйек айында қабылданған жаңа даму стратегиясы өзінің нәтижелерін берді: 2018 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша Еуразиялық банк ҚР ЕДБ арасында несиелеу портфелінің көлемін ұлғайтып, 5-ші орыннан 4-ші орынға орналасты.

«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі:

+7(727) 2599 599 ін.3453

press@eubank.kz

www.eubank.kz

Еуразиялық банк, Mastercard және Apple бірігіп Apple Pay қызметін іске қосты

Алматы қ., 2018 жыл қарашаның 28-і Бүгін, 2018 жылдың қарашаның 28-і Apple Pay қызметі Еуразилық банк клиенттеріне, Mastercard карталарының иелеріне қолжетімді болды. Apple Pay-ге картаны қосу үшін Apple -дағы Wallet қосымшасын ашып, “+” белгісін картаны қосу үшін басу керек. Картаны сканнан өтікізіп немесе картаның номерін енгізу қажет. Одан кейін карта бойынша қосымша ақпаратты: CVV, жарамдылық мерзімі және СМС арқылы келген уақытша парольді енгізу керек. Осы уақыттан бастап пластик картасымен төлем мен қызметтерді төлеуге болады. iPhone-ды төлем терминалына жақындатып, Touch ID төлемді, құрылғыдағы парольмен немесе Face ID көмегімен экранға қарап растау қажет.
«Біз технологияны инвестициялап, клиенттерімізге заманауи иннновацияны ұсынуға тырысамыз. Осы жылдың мамыр айында Еуразиялық банк Android иелеріне NFC көмегімен жанасусыз төлемдер жасау қызметін алғашқы банктердің бірі болып ұсынды. Біз қазақстандықтардың смартфон арқылы төлемдер жасауға қызығушылығын көріп, осы уақытқа дейін «алмашылардан» Apple құрылғыларының иелеріне бұл қызмет қашан шығатыны жайлы көптеген өтініштерді қабылдадық. Бүгін Еуразиялық банк карталарының иелеріне, iPhone және Apple-дың көптеген құрылғыларын қолданатындарға Apple Pay қызметін ұсынамыз. Әлемде танымал төлем жүйесінің Қазақстанда пайда болуы – дәстүрлі «пластиктан» бас тартуына тағы бір қадамға жақындауымыз. Клиенттеріміз жанасусыз төлемнің ыңғайлылығы, қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалайды деп үміттенеміз», – деп Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Павел Логинов айтты.
Төлемдерді iPhone SE, iPhone 6 және жаңа модельдермен, одан бөлек Apple Watch «ақылды» сағатпен, iPad және MacBook арқылы жасауға болады. Еуразиялық банкта карта ашып, өзінің құрылғыңа қосып, жанасусыз төлемдерді қолдайтын терминалдар орналасқан жерде және ғаламторда төлем кезінде кез
келген жерде қолдануға болады. Apple Pay арқылы ғаламторда төлем жасау оңай және ыңғайлы. Онлайн төлем кезінде iPhone, iPad немесе Mac-тағы Safari-да есепке алу жазбасын немесе ұзын жазбаны толтыру қажет емес: Apple Pay-ды қолданыңыз. Ал Touch ID технологиясымен MacBook Air және MacBook Pro-да бір жанасумен төлемуге болады. Айтпақшы, картаның номері құрылғыда, Apple серверінде сақталмайды және төлем кезінде сатушыға да жіберілмейді. Оған құпияланатын және қауіпсіз Secure Element чипінің құрылғысында сақталатын, есепке алу жазбасының бірегей номері беріледі. Қазақстандағы POS-терминалдардың 65%-ы және дүние жүзіндегі 1 миллионнан жоғары саны жанасусыз төлемдерді қолдайды. Еуразиялық банктің картасын тегін жеткізуге үйден шықпай, онлайн  pay.smartbank.kz-те қалдыруға болады.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо