logo
Қз

Еуразиялық банк Қазақстанда алғаш рет 10 %-ға дейін кэшбэк функциясы бар MasterCard кредит карталарын қолданысқа енгізеді

Еуразиялық банк MasterCard халықаралық төлем жүйесімен бірлесе отырып, қазақстандық нарық үшін түбегейлі  жаңа өнім – CashBack MotoGP кредит карталарын қолданысқа енгізеді.        
Кэшбэк мөлшері (ағылш. cashback – клиентке қайтарылатын қолма-қол ақшасыз транзакция сомасының бір бөлігі) операция мен картаның түріне байланысты: мысалы, жанар-жағармай құю бекеттерінде MasterCard® MotoGP кредит карталарымен есеп айырысқан кезде картаның иесі 4%-ды үнемдейді; автотұрақтар қызметтеріне картамен төлем жасағанда кэшбэк 10%-ды құрайды, басқа да сатып алынған заттар үшін клиентке  сыйлықақы карталары бойынша 1,5% және стандартты карталар бойынша 1% сома қайтарылады. Кэшбэк сомасы клиенттің карт-шотына лезде қайтарылады. 
Еуразиялық банктің MasterCard® CashBack MotoGP жаңа чиптік карталары MasterCard® PayPassTMинновациялық технологиясымен жабдықталған, ол карталарды бөтен қолға бермей-ақ, оқитын терминалға картаны жай ғана тигізу – бір жанасу арқылы төлем жасауға мүмкіндік береді. 
Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Майкл Эгглтонның айтуынша: «Еуразиялық банк Қазақстанда алғашқы болып өзінің клиенттеріне бонустар мен балдар емес, «нақты» ақша түрінде нағыз кэшбэк ұсынды. Біз қаржылық өнімдер көмегімен клиенттерімізге уақыты мен ақшасын үнемдеуге жағдай жасай отырып, олардың мүмкіндіктерін арттырамыз. Біздің міндетіміз – батыс елдері мен технологиялық шешімдермен жабдықтаушылардың үздік тәжірибелерін пайдалана отырып, қолайлы және технологиялық өнімдер мен қызметтер жиынтығын құру».
«Қазақстан – MasterCard үшін маңызды нарық. Біз Еуразиялық банкпен ынтымақтастығымызды дамытуға және бүгінде контактісіз төлеу технологиясымен   MasterCard инновациялық заманауи картасын нарыққа шығару және Еуразиялық банктің клиенттері үшін қызығарлық ұсынысы туралы жариялауға өте қуаныштымыз. MasterCard – бұл технологиялық компания, біз әлемде ең жылдам төлемдерді өңдеу желісін басқарамыз және үнемі өзіміздің серіктестеріміз бен карта ұстаушыларға төлемдерді қауіпсіз, жылдам әрі оңай жүзеге асыратындай жаңа мүмкіндіктерді ұсынамыз, – дейді Қазақстандағы, Беларусьтегі және Армениядағы MasterCard басқарушы директоры Александр Дунаев.
Еуразиялық банк MotoGP кредит карталары бойынша барынша тиімді талаптарды ұсынады: жаңғыртылатын кредиттік лимит сомасы 3 000 000 теңгеге дейін, кез келген шығыс операциясы кезінде  лимит автоматты түрде кемиді және төлем жасалғанда қалпына келеді. Сондай-ақ барлық карта ұстаушыларға 50 күнге дейін жеңілдік кезеңі қолжетімді, жалпы берешекті төлем күніне дейін өтеген жағдайда жеңілдікті пайдаланған кезде сатып алуға жұмсалған кредиттік қаражат үшін пайыз төлемеуге болады.   

  Анықтама:
«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банк Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс істейді, Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирск қ. филиалы бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+, KZRating: халықаралық шкала бойынша ВВ+, ұлттық шкала бойынша А+, болжам «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы. Еуразиялық банк 2013 ж. қаңтар айынан бері халықаралық MasterCard төлем жүйесінің принципиалды мүшесі,   MasterCard® және Maestro® сауда белгілерімен тіркелген карточкаларды шығаруға және қызмет көрсетуге лицензиясы бар. Банк MasterCard® PayPassТМ контактісіз карталарын шығаруға және қызмет көрсетуге лицензия алған.     
Банктің табысты қызметі «Қазақстанның үздік банкі» (EMEA Finance – 2013), 2012ж. және 2013ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» (Asian Banking & Finance), «Қазақстанның үздік банкі» (Euromoney) және 2012ж. «Қазақстандағы жыл банкі» (The Banker) номинацияларындағы марапаттармен расталған.

MasterCard  (NYSE: MA) –  жаһандық төлем индустриясында жұмыс істейтін технологиялық компания. Біз 210-нан артық ел мен аумақта тұтынушыларды, қаржы институттарын, сауда ұйымдарын, үкіметтік және іскерлік құрылымдарды біріктіруші әлемдегі ең жылдам төлемдерді өңдеу желісін басқарамыз. MasterCard өнімдері мен шешімдері күнделікті міндеттерді оңай, қауіпсіз және тиімді шешуге мүмкіндік береді, мысалы, сатып алу, саяхаттау, бизнес жүргізу және қаржыны басқару. Бізді Twitter@MasterCardNews және MasterCard Facebook желілерінде қадағалай аласыздар, Cashless Pioneers Blog блогында талқылауларға қосылыңыздар және Engagement Bureauжаңалықтарға жазылыңыздар.    
MasterCard PayPass туралы:
MasterCard контактісіз технологиясы дүниежүзі бойынша белсенді таралуда – 66 елде 2,5 миллионға жуық сауда алаңы MasterCard PayPass бойынша төлем қабылдайды. Қазақстанда да осындай төлем түрін қабылдау инфрақұрылымы аясын кеңейтуде. MasterCard PayPass-ты пайдалану оңай, тез әрі қауіпсіз. Осы инновацияның арқасында керек соманы іздеуге уақыт жұмсаудың, купюраларды немесе монеталарды ұзақ іздеудің қажеті жоқ. Кассалық терминалдағы соманы тексеріп, оған картаны жанастырсаңыз болғаны, одан соң төлемді растау ретінде жарық индикаторлары жанады және процесс аяқталғаны туралы дабыл даусы естіледі. Сомасы 4000 теңгеге дейінгі төлемдерді жүргізуге ДСН-код енгізілмейді. Аталған технологиямен төлем бұрынғыдан да тез жасалады! 

Еуразиялық банктің Баспасөз қызметі:
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 3288)
press@eubank.kz 
www.eubank.kz

Қазақстандағы, Армениядағы, Беларусьтегі және Ресейдегі PR директор  
Елена Пророкова
Тел: +7 (495) 937-77-10
elena_prorokova@mastercard.com 
www.mastercard.com


Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.