logo
Қз

Еуразиялық банк капиталын 6 млрд теңгеге дейін көбейтті

30.11.2015, Алматы. Еуразиялық банктің акционерлері Банк капиталын 6 млрд. теңгеге көбейтті, осының салдарынан Банктің меншікті реттеуші капиталы 92 млрд. теңгеден асты. Капиталды көбейту туралы шешім Директорлар кеңесінің Хаттамасында 12 қазанда тіркелді.  
Көбейту нәтижесінде Еуразиялық банк капиталының жеткіліктілік коэффициенті  К1-1 8,6%-ға дейін өсті, бұл тарихи мәнді минимум болып табылады және тіркеушінің ең төменгі талаптарынан анағұрлым асып түседі (2015 жылы 5% және 2016 жылы 5,5%).
Акционерлер салған қаражат Еуразиялық банкке ағымдағы жылдың 1 қарашадағы жағдайы бойынша 320 млрд. теңгеден асып кеткен кредит портфелін одан әрі белсендірек ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұған қоса, тартылған өтімділік Банкке өз клиенттерін қиын кезеңде қолдауға жағдай жасап, осы арқылы кредит портфелінің сапасының көрсеткішін нарықтағы ең жоғарғылардың бірі ретінде ұстап тұруға мүмкіндік береді. Еуразиялық банк басшылығының болжамы бойынша 2015 жылдың соңында мерзімі кешіктірілген қарыздарды бірінші деңгейлі капиталмен және провизиялармен орнын толтыру коэффициенті 100% деңгейінде болады.
«Біз акционерлердің Банктің даму және бизнесті ұлғайту мүмкіндігін қамтамасыз ете көрсетіп отырған қолдауларына дән ризамыз», – деді Еуразиялық банктің Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі Майкл Эгглтон.
 
Анықтама:
«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс істейді. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі бар, Новосибирск және Омск қалаларында филиалы бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+. KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі келесі аталған номинацияларындағы марапаттармен расталған: «Қазақстанның үздік банкі» – IAIR, 2014ж., «Қазақстанның үздік банкі» – EMEA Finance, 2013ж., 2014ж., «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» – Asian Banking & Finance, 2012, 2013 және  2015ж.ж., «Қазақстанның үздік банкі» – Euromoney, 2012ж. және «Қазақстандағы жыл банкі» – The Banker, 2012 және 2014жж.
Еуразиялық банктің Баспасөз қызметі:
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 3288)

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.