logo
Қз

Еуразиялық банк алаяқпен «қалжыңдасудың» өзі— қаржылық қауіпке бастайтын жол екендігін ескертеді

Еуразиялық банк клиенттерге телефон алаяқтарымен «ойнау» немесе қызығушылық танытып, диалог орнату қосымша қауіп-қатерге әкелуі мүмкіндігін еске салады.  Киберқауіпсіздік саласындағы сарапшылардың басым бөлігі кез келген өзара іс-қимылды біржола үзу — қауіпсіздіктің басты кепілі екендігімен келіседі.

 

Сөйлесуді неліктен жалғастыруға болмайды
TSARKA (2015 жылдан бастап жұмыс істейтін кибершабуылдарды талдау және зерттеу орталығы) мамандарының бағалауынша, адам банктік деректемелерін бермесе де, алаяқтарға құнды мәліметтерді аңдаусыз ұсынуы мүмкін. Сөйлесу барысында мыналар талданады:

  • сөйлеу мәнері мен эмоционалдық реакциялары,
  • хабардар болу деңгейі,
  • байланысты қолдауға дайындығы,
  • шешім қабылдау стилі.

 

Бұл деректер кейіннен қайталама шабуылдарды дербестендіру үшін, соның ішінде автоматтандырылған құралдар мен жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы  пайдаланылады.
Орталық Азиядағы Docrobot компаниясының сарапшылары да осы пікірді қолдайды: қоңыраудың шынайылығына күмән туындаған бойда, сөйлесуді дереу тоқтату керек. Алаяқты «сабасына түсіру»  немесе әңгімені созу іс жүзінде ешқандай пайда әкелмейді, керісінше жәбірленушінің нөміріне деген қызығушылықты арттыруы мүмкін.

 

Қайталама шабуылдар мен цифрлық қысым қаупі
Тәжірибе көрсеткендей, белсенді диалог келесі салдарларға әкеп соғуы мүмкін:

  • нысаналы қайталама қоңыраулар;
  • жаппай спам-хабарламалар;
  • нөмірді қажетсіз қызметтерге тіркеу;
  • әлеуметтік инженерияның қосымша әрекеттері.

 

Алаяқтарға әрі қарай қысым көрсету үшін пайдалануға болатын кез келген ақпарат, яғни ақша, дербес деректер мен байланыс мәліметтері қажет.

 

Еуразиялық банк ұсынымдары
Тәуекелдерді азайту мақсатында Еуразиялық банк қарапайым мінез-құлық моделін ұстануды ұсынады
1.  Бейтаныс нөмірлерден шалынған қоңыраулар күмән тудырса, жауап бермеу.
2. Қысым көрсетілген, қоқан-лоққы жасалған немесе шұғыл әрекеттер талап етілген жағдайда сөйлесуді дереу тоқтату.
3. Күдікті нөмірлерді бұғаттау.
4. Байланыс операторларының спам және алаяқтық қоңыраулардан қорғайтын қолжетімді функцияларын пайдалану.
5. Цифрлық қауіпсіздік туралы білімді жүйелі түрде жаңартып отыру және дербес деректерді қорғаудың негізгі ережелерін сақтау.

 

Қауіпсіздіктің басты қағидаты
Алаяқпен кез келген диалог — бұл клиентке қарсы қолданылуы мүмкін байланыс нүктесі. Ең сенімді стратегия — әңгімеге кіріспеу, сөйлесуді жалғастырмау және арандатушылыққа бой алдырмау.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.