Қазақстанда жеке деректер мен ақша қаражаттарын ұрлауға бағытталған құйтырқы тәсілдер көптеп кездеседі. Алаяқтар көбінесе бейкүнә өтініш жасау арқылы немесе шұғыл тиімді мәмілемен бүркемеленген психологиялық тәсілдерді жиі қолданады.
«Кіріс қоңырауы скриншотталған» схема
Қаскүнемдер сізге мессенджер арқылы шұғыл түрде көмек қажет адам ретінде жазып, қазір сізге қоңырау шалынатынын, сол жердегі нөмірдің скринін жасап, өзіне қайта жіберуін сұрайды. Алғашқыда қорқатын ештеңе жоқ болып көрінгенмен, шын мәнінде кейбір сервистер SMS орнына автоматты түрде шалынатын қоңыраудың соңғы төрт әрпі растау коды болып табылатын кодты жібереді. Скриншотты алғаннан кейін алаяқ осы сандарды енгізіп, сіздің аккауынтыңызға қол жеткізеді.
Автокөлік сатумен байланысты алаяқтық
Алаяқтық құрбаны интернеттен бағасы нарық бағасынан төмен автокөліктің сатылатындығы туралы хабарламаны тауып алады.
“Сатушы” сол автокөлікті сатып алуға ниеттілердің көп екеніне сендіріп, көлікті “брондап қою үшін” алдын ала төлем жасауын сұрайды. Ақша аударылған сәттен бастап ол байланысқа шықпайды, ал ол жариялаған хабарлама жоғалып кетеді.
Дәл осындай жағдай Ақмола облысында орын алған: 23 жастағы тұрғыны 750 мың теңге ақша аударған, бірақ көлікті сол күйі ала алмаған.
Өзіңді қалай қорғау керек
Еуразиялық банк қарапайым, дегенмен маңызды ережелерді сақтауды ұсынады:
- кіріс қоңырауларының скриншоттары мен растау кодтарын бөгде адамдарға ешқашан бермеңіз.
- Алдын ала төлемді сенімді кепілдіктерсіз және сатушыны тексермей аудармаңыз.
- Бағасы нарық бағасынан төмен мәмілелерден сақ болыңыз.
- Сату және сатып алу үшін тек ресми және тексерілген алаңдарды ғана пайдаланыңыз.
- Егде туыстарыңыз бен таныстарыңызды осы сияқты схемалар туралы ескертіңіз.
Алғашында болмашы ақпараттың өзі алаяқтар үшін аккаунтыңызды бұзатын немесе қаражатыңызды ұрлайтын алтын кілтке айналуы мүмкін екенін есте сақтаған жөн.