logo
Қз

Еуразиялық банк телефон алаяқтығы қаупінің үдеп бара жатқандығын ескертеді

Алаяқтар барған сайын күрделі схемаларды қолдануды жалғастыруда және құрбан болғандар саны күн сайын өсуде. Тек Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында бір айда тұрғындар 150 миллион теңгеден астам шығынға ұшырады.

 

Соңғы жағдайлардың бірінде алаяқтар Ақтөбе тұрғынын екі пәтерін және автокөлігін сатуға көндірген. Алаяқтар келесі схеманы қолданған, яғни жәбірленушіге өзін «Болашақ» бағдарламасының президентімін деп таныстырған адам қоңырау шалып, оның шоттарына қауіп төніп тұрғанын хабарлаған. «Шығындарды» болдырмау үшін, әйелге «ҰҚК қызметкерінің» нұсқауларын орындау ұсынылды. Нәтижесінде ол әйел қаскүнемдердің шотына 53 миллион теңге аударған.

 

Батыс Қазақстан облысындағы жағдай да осал емес. Мұнда бір айда алаяқтар жергілікті тұрғындарды 100 миллион теңгеге, оның ішінде телефон алаяқтарының құрбаны болған зейнеткерлерді алдады. Қаскүнемдер өздерін банктердің және ұялы байланыс операторларының қызметкерлері ретінде таныстырып, мессенджер арқылы келіп түскен кодты хабарлауға немесе кредиттерді ресімдеуге көмек ұсынуға көндірді. Нәтижесінде зиянкестер банктік шоттар мен депозиттерге қол жеткізіп, қарт адамдарды 11 миллион теңгеден астам ақша аударуға мәжбүр етті.

 

Тағы бір жағдай, ерлі-зайыптылар алаяқтардың арбауына түсіп, 9 миллион теңгеден астам шығынға ұшырады, алаяқтар қарыздарын өтеуге және ақша табуға көмектесу сылтауымен оларды кредит алуға және ақша аударуға көндірген.

 

Еуразиялық банк өзінің барлық клиенттеріне сақ болуды ескертеді және алаяқтықтан қорғану үшін қарапайым, бірақ маңызды ережені ұстануды ұсынады:

 

Кез-келген қоңырауға, кез-келген ұсынысқа, кез-келген уәдеге, қорқытуға немесе тіпті бопсалауға күмәнмен қарау, телефонмен сөйлесуді “жоқ” деп тоқтату.

 

Еуразиялық банк өз клиенттерін қолдау мақсатында шығарған «Менің жауабым — “жоқ” сөзі» білім беру бейнероликтерінің сериясын көруді ұсынамыз.

 

Бейнероликтерде алаяқтардың ең көп тараған айла-тәсілдері егжей-тегжейлі көрсетіледі және «Егер сізге қауіпсіздік қызметінен, күштік органдардан, курьерлік жеткізілімнен деп кез келген адам қоңырау шалып, SMS-тегі кодты хабарлауды, ақша аударуды немесе жеке деректерді беруді сұраса — күмәнданыңыз.

 

Осы ақпаратты барлық қол жетімді чаттар мен әлеуметтік желілер арқылы жақын адамдарыңызға, достарыңызға және әріптестеріңізге жіберіңіз.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.