Еуразиялық банк клиент назарын алаяқтардың аккаунттарды бұзбастан, SIM-картаны айырбастамай және басқа да айқын шабуыл белгілерінсіз WhatsApp қол жеткізе алатын жаңа кибералаяқтық схемасына аударады.
Алаяқтар мессенджердің қосымша құрылғыларды қосу функциясын пайдаланады. Пайдаланушыға аккаунтқа қолжетімділікті растау ұсынысы бар қызметтік хабарламамен бүркемеленген хабарлама жолданады. Бұл ресми сервистің интерфейсін визуалды түрде толығымен қайталайтын жалған парақшаның сілтемесі болып табылады.
Телефон нөмірі мен растау кодын енгізгеннен кейін, алаяқ өз құрылғысын пайдаланушының аккаунтына білдіртпей байластырады. Бұл ретте телефон әдеттегідей жұмыс істеп тұрады, ал аккаунт иесі тіпті телефонға біреудің рұқсатсыз кіргені туралы хабарлама да алмайды. Алаяқ хат-хабарларды оқып, медиафайлдарды қарап, контактілерді көру және пайдаланушы атынан хабарлама жіберу мүмкіндігіне ие болады.
WhatsApp баптауларындағы “Байланысты құрылғылар” бөлімін өздігінен тексеру — қолды болғанын анықтайтын жалғыз тәсіл. Кез келген белгісіз қосылған құрылғы бөгденің қол жеткізгенін білдіреді және оны дереу жою керек.
Еуразиялық банк цифрлық қауіпсіздіктің базалық ережелерін еске салады:
- кез келген күдікті хабарламаларға сақ болу;
- ешқашан бөгде сайттарда WhatsApp растау кодтарын енгізбеу;
- екі факторлы аутентификацияны қосу;
- байланысты құрылғылардың тізімін үнемі тексеріп отыру;
- мобильді құрылғылардағы қорғаушы бағдарламалық жасақтаманы пайдалану.