logo
Қз

Еуразиялық банк жаңа онлайн-алаяқтық ағыны туралы хабарлайды

Онлайн-қызметтер мен цифрлық транзакциялардың қарқынды өсуімен бірге кибер алаяқтардың белсенділігі де қатар өсуде. Жаңа алдау схемалары күн сайын пайда болуда, тіпті ең қырағы азаматтар да тұзаққа түсуі мүмкін. Жаңа алаяқтық схемалары туралы айтып, өзіңізді және ақшаңызды қалай қорғауға болатындығы туралы нұсқаулармен бөлісеміз.

 

1. Ешқандай қоңыраулар мен хакерлерсіз — атыңызға кредит ресімдеу
Ең қауіпті әрі жаңа схемалардың бірі — ескі телефон нөміріне кредит ресімдеу. Алаяқтар бұрын басқа адамдарға тиесілі болған SIM карталарын сатып алады, олардың банктік қосымшалармен байластырылғандығын тексереді — егер қолжетімді болса, SMS-құпия сөздердің көмегімен қарыз ресімдейді.

 

Не істеу керек?
Ескі нөмірден бас тартпас бұрын, оны барлық қаржылық және цифрлық сервистерден ажыратыңыз. Ал ең дұрысы — кредит ресімдеуге өзіңізге тыйым салуды қосыңыз. Мұндай функция қосымша қорғаныс деңгейі болып табылады.

 

2. Жылжымайтын мүлікпен айла-шарғы жасау және деректерді ауыстыру
Қазақстанда тұрғын үй немесе жер телімінің меншік құқығы туралы ақпарат жалған болып шыққан бірнеше рет жағдайлар тіркелген – жүйедегі деректер өзгертілуі мүмкін, бұл объектіні нақты иесінің хабарынсыз сату қаупін тудырды.

 

Не істеу керек?

  • Үй немесе жер сатып аларда ресми арналар арқылы құжаттар мен ашықтықты мұқият зерттеңіз.
  • Ауыртпалықтардың, сот даулары мен “тіркелген” тұрғындардың жоқтығына көз жеткізіңіз.
  • Лицензиясы бар нотариустармен және заңгерлермен ғана жұмыс жасаңыз.

 

3. Телефон арқылы жүзеге асырылатын қауіпті әңгімелер
Тіпті бейтаныс нөмірден шалынған қоңырауға бір рет қана абайсыз жауап берсеңіз, ол сізге қымбатқа түсуі мүмкін. Қаскүнемдер сіздің дауысыңызды әсіресе егер сіз “иә” немесе “жоқ” деп айтсаңыз жазып алады да, оны операцияларды растаған кезде  қолдана алады.

 

Не істеу керек?

  • Кіммен сөйлесіп тұрғаныңызға сенімді болмасаңыз, дауыстап ештеңені растамаңыз.
  • “Иә” және “жоқ” деген сөздердің орнына “растамаймын”, “жауап бере алмаймын” секілді бейтарап сөздерді қолданыңыз.
  • Ал ең дұрысы бейтаныс нөмірлермен мүлдем диалогқа түспеу.

 

Банк барлық клиенттерге мұқият болып, арандатушылыққа берілмеуге және болмашы күмән туындаған жағдайда банкке жүгінуге кеңес береді.

 

Өзіңізді және қаржыңызды қорғаңыз!

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.