1. ЖСН бар жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы.
2. Сондай-ақ Еуразиялық банктің бөлімшесіне барған кезде сізге толтыру үшін арнайы өтініш беріледі. Қажеттілік туындаған болса, банк қосымша құжаттарды сұрауы мүмкін*.
Егер сіз сенімді адам болсаңыз, қандай құжаттар қажет?
1. ЖСН бар жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы, сенімді адамның.
2. «Астана Банкі» АҚ ашылған депозиттер бойынша «Еуразиялық банк» АҚ кепілді өтеуді алу құқығына сенімхаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған сенімхат.
3. Сондай-ақ Еуразиялық банктің бөлімшесіне барған кезде сізге толтыру үшін арнайы өтінішті беріледі. Қажеттілік туындаған болса, банк қосымша құжаттарды сұрауы мүмкін*.
Кепілді өтеуді мұрагерлік арқылы алған кезде қандай құжаттар қажет?
1. Мұрагердің ЖСН-і бар жеке басын куәландыратын жеке куәлік.
2. Мұра құқығына берілген куәлік (немесе нотариалды куәландырған көшірме) немесе сот шешімін оның заңды күшіне енуі туралы куәлік.
3. Салымшының қайтыс болғандығы туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі және «Еуразиялық банк» АҚ-ның заңнамасында және ішкі құжаттарында көзделген өзге де құжаттар.
4. Сондай-ақ Еуразиялық банктің бөлімшесіне барған кезде сізге толтыру үшін арнайы өтінішті беріледі. Қажеттілік туындаған болса, банк қосымша құжаттарды сұрауы мүмкін*.
Тегі, аты және әкесінің аты өзгерген жағдайда қандай құжаттар қажет?
1. ЖСН бар жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы.
2. Тіркеу бөлімі берген неке туралы куәлік немесе атын, әкесінің атын өзгерту туралы куәлік.
3. Сондай-ақ Еуразиялық банктің бөлімшесіне барған кезде сізге толтыру үшін арнайы өтінішті беріледі. Қажеттілік туындаған болса, банк қосымша құжаттарды сұрауы мүмкін*.
Егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз (шаруа немесе фермерлік шаруашылық субъектілері, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, заңгер немесе Қазақстан Республикасының кәсіби медиаторы), қажетті құжаттар:
1. ЖСН бар жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы.
2. Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, шаруа (фермер) қожалығын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе нотариалды-адвокаттық қызметті немесе жеке сот орындаушысының қызметін жүзеге асыруға лицензия.
3. Сондай-ақ Еуразиялық банктің бөлімшесіне барған кезде сізге толтыру үшін арнайы өтінішті беріледі. Қажеттілік туындаған болса, банк қосымша құжаттарды сұрауы мүмкін*.
* Қосымша құжаттардың тізімі
1. Сенімді тұлға болған жағдайда: жеке тұлғаны куәландыратын құжаттарда салымшының жеке басын анықтайтын мәліметтер болмаған жағдайда, салымшының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (ЖСН).
2. Басқа да даулы жағдайлар туындаған жағдайда (көрсетілген құжаттардың кез келген түрлеріне жол беріледі): «Астана Банкі» АҚ мен салымшы арасында жасалатын банктік шот шарты (салымы), Астана Банкінің салымшының алдындағы міндеттемелерін растайтын құжаттар, ақшалай міндеттемесі бар төлем құжаттары, шоттардағы ақшаны орналастыруды растайтын ақшалай төлемдер туралы нұсқаулық, түбіртектер, қолма-қол ақшалар және фискалдық чектер Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес немесе салымшының немесе өтініш берушінің заңдық негізділігін растайтын басқа да құжаттар.
«Астана Банкі» АҚ салымшы шотының номері белгісіз болған жағдайларда, сенімхаттың үлгісін жүктеп алу.
«Астана Банкі» АҚ ашылған салымшының барлық шоттарын басқару құқығына мүмкіншілік беретін сенімхаттың үлгісін жүктеп алу.
«Астана Банкі» АҚ ашылған салымшының нақты шоттарын басқару құқығына мүмкіншілік беретін сенімхаттың үлгісін жүктеп алу.