logo

«Даму Оптима» мемлекеттік бағдарламасы аясында кепілдік беру

Максималды сомасы

180 млн теңгеден артық емес

Кепілдік мөлшері:

кредит сомасының 50%-нан артық емес.

Мерзімі

бағдарламада шектеу қойылмаған, банктік қарыз шартында / кредит желісін ашу туралы келісімде анықталады.

Қарыз мақсаты

- негізгі құралдарды сатып алу; айналым қаражатын толықтыру

Қалай өтінім беру керек

1

Кеңес беру

2

Құжаттарды дайындау

3

Өтінім беру

4

Мақұлдау

Мақсатты сегменті:

шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері.

Кепілдік берілетін кредиттің шарттары

Кредиттің максималды сомасы: 180 000 000 теңгеден (қоса алғанда) артық емес.

Кредиттің мақсатты тағайындамасы:
инвестициялар, айналым қаражатын толықтыру, ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыру.

Кредит мерзімі:
бағдарламада шектеу қойылмаған, банктік қарыз шартында / кредит желісін ашу туралы келісімде анықталады.

Сыйақыны және негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдік кезеңі: бағдарламада шектеу қойылмаған, банктік қарыз шартында / кредит желісін ашу туралы келісімде анықталады.

Негізгі қарызды және сыйақыны өтеу тәртібі: бағдарламада шектеу қойылмаған, банктік қарыз шартында / кредит желісін ашу туралы келісімде анықталады.

Шектеулер:

1. Келесі кредиттер бойынша кепілдік берілмейді:

1) қор жүзеге асыратын мемлекеттік кепілдік беру бағдарламаларының талаптарына сай келетін*;

2) «65-66 – Қаржы және сақтандыру қызметі» экономикалық қызмет түріне сай келетін.

 

2. Кәсіпкердің жобаны жүзеге асыруға жобаны жалпы жүзеге асыру құнының кемінде 20%-ы мөлшеріндегі өз қаражаты (ақша; жылжымалы/жылжымайтын мүлкі, соның ішінде жобаға қатысушы үшінші тұлғалардың мүлкі) есебінен қатысуы.

Жобаға қатысатын кез келген мүлік жеке қатысу ретінде қарастырылады.

Кепілді қамсыздандыру ретінде ақша кепілінің болуы жобаға жеке қатысу ретінде қарастырылады.

 

*Басқарманың шешімімен тиісті аймақтағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға бөлінетін ағымдағы жылдың бюджеттік қаражатының (трансферттерінің) болмауы және/немесе толық игеріліп кетуі себебінен мемлекеттік бағдарламалардың

Кредит валютасы: теңге.

Кәсіпкердің кредит бойынша банк алдындағы міндеттемелерін орындауын кепілді қамсыздандыру:

1. Кредит бойынша кепілді қамсыздандыруға қойылатын талаптарды банк өздігінен банктің кепіл саясатына сәйкес белгілейді.

2. Банктің уәкілетті органының шешімінде көрсетілген кредит сомасының кепіл құнының кемінде 50%-ы мөлшеріндегі кепілді қамсыздандыру.

3. Кәсіпкер банк белгілеген мерзімде қосымша қамсыздандыру ретінде инвестициялық мақсаттар үшін берілген банк кредиті есебінен алынған барлық жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлікті беруге міндетті.

Кепілдік беру шарттары

Кепілдік мөлшері: кредит сомасының 50%-нан артық емес.

Кепілдік мерзімі: кредит мерзімінен аспайды.

Кәсіпкердің кепілдік бойынша қор алдындағы міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету:

1. Кәсіпкер кепілдік бойынша міндеттемелерін орындауын қамсыздандыру ретінде Қор жылжымалы/жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ құрылтайшылар мен үшінші тұлғалардың кепілдіктерін қабылдай алады.

2. Қор кепілдік бойынша қамсыздандыру ретінде кәсіпкерден Банктің кепіл саясатына немесе кредит бойынша қамсыздандырудың жеткіліктілік шартына сәйкес келмеуі себебінен кредит бойынша қамсыздандыру ретінде қабылдамаған жылжымалы/жылжымайтын мүлкін қабылдай алады.

Қордың кәсіпкер төлейтін комиссиясы:

1. Кәсіпкер кепілдік шартына қол қойған күннен кешіктірмей, Қорға берілетін кепілдік сомасының 2,5%-ы мөлшерінде біржолғы комиссия төлейді.

2. Кепілдік шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кәсіпкер жыл сайын қорға берілген кепілдік сомасы қалдығының 2,5%-ы мөлшерінде комиссия төлейді.

3. Кәсіпкер қорға кепілдік шартының бүкіл мерзімі үшін жыл сайынғы комиссияны бір мезетте толық төлей алады.

4. Банк қорға оның кәсіпкерге есептеген кез келген комиссиясын және/немесе айыппұлдарын бір уақытта немесе жыл сайын төлеуге құқылы.

Айрықша шарттар:

1. Кепілдік шартында басқасы көрсетілмесе, кредит бойынша негізгі қарызды толық/ішінара өтеу кезінде кепілдік сомасы қатысу мөлшеріне көбейтілген негізгі қарызды өтеу сомасына тең сомаға азаяды.

2. Уәкілетті органның шешімі бойынша қосымша талаптар мен шарттар, соның ішінде орындалмауына байланысты кепілдік тоқтатылатын/жойылатын шарттар белгіленуі мүмкін.

Кеңес беру үшін байланыс нөмірлері:

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.