logo
Қз

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында кепілдік беру

Максималды сомасы

8000 АЕК (Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент);
басқа қалалар – 6500 АЕК;

Кепілдік мөлшері

Кредит сомасының 85%-нан артық емес

Мерзімі

5 жылға дейін

Қарыз мақсаты

негізгі құралдарды сатып алу;
айналым қаражатын толықтыру

Қалай өтінім беру керек

1

Кеңес беру

2

Құжаттарды дайындау

3

Өтінім беру

4

Мақұлдау

Өнімнің сипаттамасы және жалпы шарттары:

Мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетіндердің мақсатты сегменті шағын қалаларды қоспағанда, барлық қалаларда өз жобаларын жүзеге асыратын, салалық шектеулерге тәуелсіз және кәсіпкердің тіркелген орны есепке алынбай жұмыс жасайтын кәсіпкерлер болып табылады.

Жұмыс жасайтын кәсіпкер — кредит алу үшін ЕДБ/МҚҰ-ға жүгінген уақытта жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі үш жылдан асатын шағын кәсіпкерлік субъектісі.

Кепілдік мөлшері — кредит сомасының 50%-нан артық емес, бұл ретте ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге немесе үшінші тұлғаларға кепіл құны кредит сомасының 50%-ын өтеу үшін жеткілікті қамсыздандыру беріледі. Қамсыздандыру мөлшерінің жеткілікті екенін есептеу кезінде талап ету құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестердің жарғылық капиталына қатысу үлесінің кепілі есептелмейді.

Кепілдік беру мерзімі — кредит мерзімінен аспайды.

Қордың жобаны қарастыру мерзімі — 5 жұмыс күні.

Банктер/ШҚҰ кәсіпкерлердің жобаларын өздігінен іріктеп, қаржыландыру туралы шешім қабылдайды.

Кепілдік берілетін кредит бойынша жалпы шарттар:

Кепілдік беруге бағдарлама жүргізілетін қалаларда кредит беру/шағын кредит беру ережелерінің талаптарына сай кредиттер алатын кәсіпкерлер жіберіледі.

Бір кәсіпкерге кепілдік берілетін кредиттің сомасы 8 000 АЕК аспайды. Осы ретте кредиттің (-тердің) сомасы бір кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың кредит (-тер) бойынша берешегін ескерместен есептеледі.

Кредит беру мақсаттары: инвестициялар және/немесе жаңа негізгі құралдар алу және/немесе оларды жаңарту және/немесе айналым қаражатын толықтыру.

Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі — жылына 6%-дан аспайды.

Кредит мерзімі — ЕДБ/ШҚҰ-ның кредит беру шарттарына сай.

Кепілді қамсыздандыру және олар бойынша өтімділік коэффициенттері — ЕДБ/ШҚҰ-ның кепіл саясатының талаптарына сай. Осы ретте кепілді қамсыздандыру мөлшерінің жеткілікті екенін есептеу барысында талап ету құқықтарының кепілі, шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің кепілі есепке алынбайды. Болашақта түсетін кепіл және үшінші тұлғалардың кепілдері кепілді қамсыздандырудың жеткілікті екенін есептегенде ескеріледі.

Кредит валютасы — теңге.

Өнім бойынша айрықша шарттар:

Алдын ала кепілхат беру, сонымен қатар кепілдік шартына қол қою қордың уәкілетті органы кәсіпкердің жобасын мақұлдаған соң жасалады.

Кепілдік берілетін кредит жеке кредит шарты/кредит желісін ашу туралы келісім түрінде ресімделуі тиіс.

Қордан алдын ала кепілхат алған соң ЕДБ/ШҚҰ өзінің қарауымен кредиттің 50%-на дейін ішінара беруі мүмкін.

Қор кепілдік шартының талаптарын тиісті түрде орындауды қамтамасыз ету мақсатында үшінші тұлғалардың кепілдік міндеттемелерін қабылдауға құқылы.

Қордың шешімімен кредит (-тер) бойынша қамсыздандыру ретінде берілетін мүлік сақтандырылуы мүмкін.

Кеңес беру үшін байланыс нөмірлері:

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.