logo
Қз

Құйтырқы "сыйлық"

Жаңа алаяқтық түрлерінің бірі — туған күн құрметіне сыйлық жеткізетін “курьердің” қоңырауы. Қаскүнемдер ашық көздерден туған күннің қашан екенін біліп алады да, өздерін жеткізу қызметінің қызметкерлері ретінде таныстырып, әр түрлі сылтаулар арқылы паспорт деректерін, мекенжайын немесе SMS-пен келген бір реттік кодты айтуды сұрайды. Мұндай ақпаратты алып алғаннан кейін айтқан адамның картасындағы ақшаны есептен шығаруы немесе тіпті кредит ресімдеуі мүмкін.

 

Ондай схеманың құрбаны болмас үшін:

  • Паспорт деректерін, карта нөмірлері мен CVV-кодтарын, бірреттік кодтарды (ОТР) телефоннан болсын немесе хабарлама жіберу арқылы болсын айтпаңыз.
  • Егер жеткізу туралы қоңырау шалып, кодты айтып жіберуіңізді сұраса, тұтқаны қойып, жеткізу қызметінің ресми нөміріне хабарласыңыз.
  • Бейтаныс адамдардың өтініштері бойынша операцияларды растамаңыз және кодтарды жібермеңіз.

 

Кейде клиент алаяқтық туралы орын алған фактіден кейін біледі. Бұл жағдайда жылдам әрекет ету керек.


1. Банкке немесе МҚҰ-ға хабарлаңыз.
Контакт-орталыққа хабарласып, алаяқтық жолмен ресімделген туралы хабардар етіңіз.  Өтінішіңізді тіркеп, барлық активтеріңіз бен мобильді қосымшаға қолжетімділік құқықтарын бұғаттауын сұраңыз.

 

2. Полицияға өтініш беріңіз.
Оны Eurasian Bank, eGov, eOtinish қосымшалары арқылы немесе полиция бөлімшесіне арнайы бару арқылы жасауға болады.  Ұйым атауын, күнін, сомасын көрсетіп, SMS, скриншоттарды, үзінді көшірмелер сияқты барлық дәлелдемелерді қоса беріңіз.

 

3. Полициядан құжат алыңыз.
Бұл сіздің жәбірленуші ретінде тану туралы қаулы немесе алаяқтық себептерін жоюға бағытталған шараларды қабылдау жөніндегі ұсынымыңыз болуы мүмкін.  Аталған құжаттардың негізінде кредитор пайыз есептеуді және берешекті өндіріп алу шараларын уақытша тоқтатуға міндетті.

 

4. Алаяқтық жолмен ресімделген кредитті есептен шығаруға қол жеткізіңіз.
Егер банк немесе МҚҰ бұзушылығы расталатын болса берешек жойылады.   Соттан тыс есептен шығару процесі 3 жұмыс күні ішінде болады, сот арқылы болса-сот шешімінен кейін 10 күн ішінде жүзеге асырылады.

 

Ақпарттылық -ақшаңызды қорғаудың ең жақсы тәсілі. Бұл жайлы жақындарыңызға, әсіресе егде туыстарыңызға айтыңыз. Ескертілген-демек қорғалған дегенді білдіреді.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.