logo

Өзіңізді алаяқтардан қалай қорғауға болады

Соңғы екі-үш жылда алаяқтар әлеуметтік инженерияның жетілдірілген әдістерін пайдалана отырып, электронды шоттардан ақша ұрлаудың жаңа тәсілдерін қолдануда.

Олар ұялы телефоныңызға қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, сіздің жалған сайтқа өтуіңізге  себепкер болуы мүмкін немесе ерекше сылтаулар айтумен деректеріңізді жіберуді сұрайды.

 

Фишингтік сайттар — карта деректерін, логиндерді, сіздің жеке кабинетіңіздің құпия сөздерін, құпия кодтарды және басқа да құпиялы ақпаратты ұрлаудың кең таралған тәсілдерінің бірі. Мұндай сайттардың әдетте мекенжайлары мен домендері қате болып келеді (.ru, .kz, .com).

 

Фишинг сайтына өтпеудің қандай тәсілдері бар?

Ақпарат көздерін мұқият тексеріңіз. Егер сізге поштаға немесе мессенджерге сілтеме жіберілген болса, банктің ресми сайтымен танысып, сілтеменің мекенжайы мен домені сәйкес келетіндігін тексеру керек.
Тіпті бұл сіздің жақын танысыңыз болса да тексеріңіз — оның әлеуметтік желілердегі парақшасын бұзып кірулері мүмкін.
Қаскүнем сіздің ұялы телефоныңызға қоңырау шалып, сізден басқа елге немесе қалаға жүргізілмеген транзакциялар туралы сұрайтын жағдайлар жиі кездеседі, бұдан әрі алаяқтар сіздің деректеріңізді ұрлап, қаражатты басқа шоттарға аударуда және қазіргі уақытта бұл сома банктің “резервінде” тұрғанын айтады. Осылайша, адамды шатастырып, стресстік жағдайға душар ете отырып, ол барлық логиндерді, құпия сөздерді және дсн-кодтарды алып алады.

 

Алаяқтардан қалай қорғануға болады?
Ешқандай жағдайда:
— төлем картасының деректемелерін ешкімге бермеңіз (нөмірі, қолданылу мерзімі, CVV/CVC, ДСН-код);
— SMS-пен келген кодтарды хабарламаңыз;
-біреудің өтініші бойынша Smartbank-ғы телефон нөмірін өзгертпеңіз;-
егер сізге банктің байланыс орталығының нөміріне ұқсас телефон нөмірінен қоңырау шалып, жеке деректерді сұраса дереу сөйлесуді үзіңіз және Smartbank-қа кіретін құпия сөздерді  өзгертіңіз
;— Smartbank-тің логині мен құпия сөзін ешкімге бермеңіз;
— Smartbank-қа кіретін құпия сөзіңіз бірегей және күрделі болсын;
— белгісіз жіберушілердің хаттарымен келген сілтемелер бойынша өтпеңіз;
-өз компьютеріңізде және смартфоныңызда вирусқа қарсы бағдарламаларды орнатыңыз және жиі жаңартып отырыңыз;
— белгісіз дереккөздерден белгісіз бағдарламалар мен қосымшаларды орнатпаңыз;-
Smartbank-ты пайдалану үшін ғаламторға тегін кіру нүктелеріне (интернет-кафелер мен сауда орталықтары) қосылмаңыз; –
https://my.smartbank.kz ресми сайтымен қорғалған SSL-байланысы орнатылғанын тексеріңіз.

 

Егер сіздің деректеріңіз қаскүнемдердің қолына түсті деп күдіктенсеңіз немесе шоттарда сізге беймәлім әрекеттер болып жатқанын байқасаңыз:

 

+7 (727) 332-77-22 — қалалық;
+7 (771) 000-77-22 — Beeline;
+7 (700) 000-77-22 — Altel/Tele2;
+7 (702) 000-77-22 — Kcell/activ.

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо