logo
Қз

12.05.2022                                                                                                                 

Қазақстан Space Tech саласындағы таланттарға іздеу жариялайды

11 мамырда Ташкентте мәресіне жеткен Space Technology Сonference.Central Eurasia шеңберінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетінің Төрағасы Баубек Оралмағамбетов Қазақстанда ESV HUB деп аталатын аэроғарыш өнеркәсібі жобаларына арналған SpaceTech халықаралық акселераторын іске қосу жоспарланғанын жария етті.

 

“Қазақстан Республикасының аэроғарыш индустриясын дамыту мақсатында “Қазақстан Ғарыш Сапары” ҰК “Eurasian Space Ventures” (ESV) жеке ғарыш компаниясымен, Франция мен Қазақстанның “Ghalam” бірлескен кәсіпорнымен және “Astana Hub” технопаркімен бірге Қазақстанда отандық және халықаралық жобаларды іздеуге, ауқымдауға бағытталған ESV HUB стартаптарының Space Tech акселераторын құру жұмысын жүргізуде”, – деп айтып өтті “Қазақстан ҒАРЫШ САПАРЫ” ҰК” АҚ басқарма төрағасы Айдын Айымбетов.

 

ESV HUB ғарыш саласындағы стартап жобалардың акселераторы және инкубаторы ретінде геотехнологиялар, спутниктер, олардың жиынтықтауыштарын жасау сияқты салаларды қамтитын болады.

 

Бұл акселератор стартап жобаларға қаржыландыру, сарапшылардан кеңестер алу, жұмыс орнын, зертханаларды ұсыну тұрғысынан және стартаптарды ілгерілету жағынан көмектеспек. Хабқа ESV негізін қалаушы, Еуразиялық банктің директорлар кеңесінің мүшесі Шухрат Ибрагимов қолдау көрсететін болады, оның өткен жылы іске асырған бірқатар жарқын ғарыштық жобаларының халықаралық қауымдастық Қазақстанды “ғарыштық” картадағы жаңа нүкте ретінде тани бастады.

 

Акселератордың іске қосылатын күні жақын арада жарияланады. Ол өтінімдерді “Astana Hub” арқылы қабылдайтын болады.

 

Маруф Мадраимов,

Biteeu PR-қызметі m.madraimov@biteeu.com

 

Эвелина Тян,

«ҚАЗАҚСТАН ҒАРЫШ САПАРЫ» ҰК» АҚ PR-қызметі,

+7 (701) 780-10-25, etyan@gharysh.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.