logo
Қз

Кепілдендірілген табыс па әлде кепілді түрде ақшадан айрылу ма?

Қазақстанда инвестицияларға байланысты алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Алаяқтар “құпия” табыс стратегияларына қол жеткізу арқылы кепілдендірілген табысты уәде етеді. Алайда, шынтуайтында жәбірленушілер ақшасынан айрылады, ал кейде –  жеңіл пайда аламын деген үмітпен кредит алады.

 

Алаяқтарды қалай тануға болады?

 

Көбінесе алаяқтар бірнеше негізгі амалдарды қолданады:

  • Манипуляциялар. Сізге шұғыл ақша салу ұсынысымен телефонға қоңырау шалуы мүмкін, кері жағдайда «ерекше мүмкіндікті» жіберіп аласыз
  • Тәуекелсіз кепілдендірілген пайда. Инвестицияларда табысқа 100% кепілдік болмайды. Егер сізге тәуекелсіз ақша салу уәде етілсе, бұл алаяқтықтың айқын белгісі.
  • Ашық ақпараттың болмауы. Егер компанияда лицензия, ресми сайт, заңды мекенжай және нақты пікірлер болмаса, онымен ынтымақтасу өте қауіпті.
  • Ақшаны күмәнді шоттарға аудару туралы өтініштер. Алаяқтар қаражатты жеке карталарға, крипто әмияндарға немесе белгісіз банктердегі шоттарға жіберуді сұрайды.

Оңай табыс – ауыр нәтиже

 

Жақында Ақмола облысының 55 жастағы тұрғыны тез ақша табу мүмкіндігіне сеніп, алаяқтардың құрбаны болды. Салым ақша  үшін ол 6 миллион теңгеге кредит рәсімдеген, бірақ ақша сол күйде қайтарылмады – қаражат алаяқтардың уысына түсті.

Бұл жағдай проблеманың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

 

Өзіңді қалай қорғауға болады?

 

  • Ақпаратты тексеріңіз. Ақшаны инвестицияламас бұрын, ұйымның лицензиясы бар екеніне көз жеткізіңіз. Ресми брокерлердің тізімін ҚНДРА веб-сайтынан табуға болады.
  • Қысымға берілмеңіз. Егер сізге мүмкіндікті жіберіп алмау үшін шұғыл түрде ақша салу керек десе, – бұл сақ болуға себеп болады.
  • Инвестиция үшін кредит алмаңыз. Егер сізді ақша салу үшін кредит алуға сендіріп жатса – бұл жүз пайыз алаяқтық.
  • Интернеттегі жарнамаларға сенбеңіз. Көптеген алаяқтар өздерінің схемаларын әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы белсенді түрде насихаттайды.

 

Еуразиялық банк есіңізге салады: қаржылық қауіпсіздік сіздің қырағылығыңыздан басталады. Өзіңізді және қаржыңызды қорғаңыз!

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.