Алаяқтар өздерінің жаңа схемаларын үнемі бейімдеп, жаңа алдау жолын іздестіруде. Олар мектеп оқушыларына қоңырау соғады, әлеуметтік желілерде тікелей эфирді пайдаланады, жалған айыппұлдарды жібереді, мемлекеттік органдардың құжаттарын қолдан жасайды. Сондықтан бүгінгі күні кез келген жеке ақпарат сұратуларына мұқият болу өте маңызды.
Алаяқтар мектеп оқушыларына қоңырау шалады
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті алаяқтар өздерін мұғалім ретінде таныстырып, мектеп оқушыларына қоңырау шалған жағдайларды тіркеді. “Электрондық күнделікті қайта шығару” деген сылтаумен олар балалардан SMS-кодтарын талап етеді, бұл ата-аналардың банктік шоттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Есте сақтау керек: бірде бір мұғалім немесе мектеп қызметкері баладан мұндай мәліметтерді сұрамайды. Ата-аналар балаларына қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, баласының күдікті қоңырау туралы айтудан қорықпауы үшін сенімді байланыста болуы керек.
Әлеуметтік желілердегі қауіпті стримдер
Шығыс Қазақстан облысында тікелей эфир арқылы жаңа алдау схемасын ойлап тапқан жас жігіт ұсталды. Ол кадрға мессенджерлерге кіруді растайтын SMS-кодтары бар кездейсоқ түскен стримдерді бақылап отырды. Бөтен аккаунттардың авторизациясынан өтіп, ол зардап шегуші байланыс тұлғаларына қарызға ақша беруін өтінетін хабарламалар жіберген.
Кеңес: онлайн-эфир кезінде телефон экранын көрсетпеңіз және аккаунттарды екі факторлы қорғау тәсілін іске қосыңыз.
Мемлекеттік органдар атынан салынған жалған айыппұлдар
Бас прокуратура Жол қозғалысы ережелерінің бұзылғаны туралы жалған қаулылар жіберілімі жайында ескертті. Хаттар мен хабарламаларда жүргізушілерідің мәліметтері, сондай-ақ “айыппұлды төлеуге” арналған сілтеме бар. Бұл шын мәнінде фишингтік шабуыл: деректемелерді енгізген кезде алаяқтар банктік шотқа қол жеткізе алады.
Есіңізде болсын: ресми хабарламалар тек 1414 нөмірінен ғана келеді және олардың сілтемелері болмайды. Айыппұлдарды тек egov.kz, qamqor.gov.kz сайттары немесе банктердің мобильді қосымшалары арқылы ғана тексеріңіз.
ҚРА атынан келетін жалған хаттар
Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) жаңа алаяқтық түрін тіркеді, ол жерде алаяқтар өздерін ҚМА қызметкері ретінде таныстырып, қоңырау соғып, хат жолдайды. Олар дербес деректерді ұсынуды немесе ақша аударуды талап етеді. Сенімдірек болу үшін қаскүнемдер жалған бланкілер мен мөрлерді пайдаланады.
Білу керек: ҚМА азаматтарға телефон соқпайды, телефон арқылы деректерді сұратпайды және ақша аударуды талап етпейді.
Еуразиялық банк клиенттерді мұқият болып, сәл күдік туындаған жағдайда бірден банкке немесе полицияға хабар беру қажеттілігі туралы ескертеді.