logo

Түрік телехикаяларының жұлдызы Мерьем Узерли Азия әлемдік кинофестивалінің тұсаукесеріне Қазақстанға келмекші

“Ғаламат ғасыр” түрік сериалындағы Хюррем Сұлтан рөлімен танымал болған неміс-түрік актрисасы Мерьем Узерли келесі жылдың басында Азия әлемдік кинофестивалінің (Aitysh Asian World Film Festival) жаһандық таныстырылымы және жыл сайын Ыстамбұлда өтетін Азия өңірі телехикаяларына арналған сыйлық үшін Қазақстанға келуді жоспарлап отыр.

 

Бұл туралы кинофестиваль ұйымдастырушылары өткен дүйсенбіде Бішкекте өткен телехикаяларға берілетін дүниежүзілік сыйлық тұсаукесерінде жариялады. Азия халықаралық кинофестивалін басқарушы Шухрат Ибрагимов жобада Азия, Орталық, Шығыс және Солтүстік Африкадағы 50-ден астам ел қамтылғанын айтты.

 

“Осы жоба арқылы біз бүкіл әлемге өңірлердегі хикая түсіру өндірісінің шығармашылық және техникалық мүмкіндіктерін көрсеткіміз келеді”, — деп атап өтті Ибрагимов.

 

Мерьем Узерлиден басқа қазақстандық тұсаукесерге Корея, Ресей, Қытай және басқа да елдердің танымал телехикаяларының жұлдыздары шақырылмақшы.

 

Asian World TV Series Awards жүлдесін тапсыру рәсімі 2022 жылы мамыр айының басында Ыстамбұлда өтеді. Үш күн бойы таңдаулы телехикаялар (жаңа телехикаялардың превьюлары) көрсетіліп, бүкіл Азия өңірі мен Голливуд киноиндустриясы жұлдыздары мен сарапшылардың қатысуымен өзекті тақырыптар бойынша баспасөз конференциялары өтетін болады.

 

Сериалдар үшін берілетін жүлде Aitysh USA қорының екінші ірі халықаралық жобасы болмақ. Алты жыл қатарынан Лос-Анджелесте Азия киносының әлемдегі ең ірі кинофестивалі -Aitysh Usa Asian World Film Festival өткізіліп келеді. Фестиваль Голливуд киносының ең маңызды іс-шараларының біріне айналды.

 

Оны тағайындау идеясын Asian World Film Festival қамқоршылық кеңесінің мүшесі, Голливуд Шетелдік Баспасөз Қауымдастығының (Алтын Глобус) шет тіліндегі фильмдер комитетінің төрағасы Сергей Рахлин ұсынған болатын. Жобаның негізін қалаушылар қоғам қайраткері, қазір Қырғызстанның Франциядағы елшісі және ЮНЕСКО өкілетті өкілі -Садық Шер-Нияз, қазақстандық кәсіпкер, Еуразиялық банк директорлар кеңесінің мүшесі Шухрат Ибрагимов, Asian World Film Festival атқарушы директоры Джордж Шамшум, фестивальдің негізін қалаушылардың бірі Әсел Шерниязова болып табылады.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.