logo
Қз

"Мерзімі өткен декларациядан" бастап, жалған айырбастаушыларға дейінгі осы күздің өзекті схемалары

Осы күзде мамандар интернеттегі жаңа және өзгертілген алаяқтық схемаларының өршіп кеткенін тіркеді. Алаяқтар еппен әрекет етіп, қоңырау соғу, SMS, мессенджерлер, жалған сайттар мен тіпті синтетикалық дауыстар мен бейнелерді бір мезгілде пайдалана бастады.

 

1. “Мерзімі өткен декаларация”

Қалай жұмыс істейді. Қаскүнемдер мемлекеттік орган атынан қоңырау шалып, қоңырау соғып тұрған азаматтың салық декаларациясын өткізетін мерзімінің өтіп кеткенін хабарлайды.  Оны шоттарының бұғатталатынымен қорқытып, “жеке басын растау арқылы” SMS-кодын айтуын сұрайды. Содан кейін қаскүнемдер оның шотына қол жеткізіп, оның қаражатын есебінен шығарып алады.

 

Не істеу керек. Кодты айтпай, сілтеме бойынша өтпей, сөйлесуді доғарыңыз.  Салықтар туралы барлық хабарламаларды тек ресми арналар арқылы ғана тексеру қажет.

 

2. “Жаңа салық” туралы жалған хабарламалар мен фишингтік хаттар.
Қалай жұмыс істейді.  Жаппай жіберілімдер мен хаттарда қаскүнемдер жалған сайт сілтемесін бере отырып, “жаңа салық” енгізілгенін немесе баж салығын төлеу қажеттілігін талап етеді. Жалған парақшада телефон нөмірін енгізуді сұрайды да, банктегі нақты кабинетіне қол жеткізеді.

 

Не істеу керек. Хат мәтінінде сұралып отырған сілтемеге өтсеңіз де, деректемелерді немесе кодтарды ешқашан енгізбеңіз. Егер сізге банк атынан хат келсе, сайтта көрсетілген банктің ресми нөміріне хабарласыңыз.

 

3. “Мектеп атынан шалынған қоңыраулар мен хабарламалар”, жалған конкурстар мен “қате жасалған аударым”

Қалай жұмыс істейді. Алаяқтар мектеп қызметкерлері немесе конкурс ұйымдастырушылары ретінде хабарласып, фишингтік сілтемелерін жібереді немесе “қате жасалған аударым” туралы хабарлап, ақшаны сілтеме/QR бойынша қайтаруды өтінеді.  Кейде органдарға жүгінетінін айтып, қорқытып бопсалайды.

 

Не істеу керек. Ата-аналар: “мектептен” келген сілтемелерге өтпеңіз, ақпаратты тікелей мектеп әкімшілігінен нақтылаңыз.  “қате жасалған аударым” деген жағдайларда, ақшаны қайтармас бұрын банкпен хабарласыңыз.

 

4. “Газ жабдығын қайта баптау” және басқа телефон тәмсілдері
Қалай жұмыс істейді. ТКШ немесе газ қызметі қызметкерлерінің атын жамылып, фишингтік ресурстар арқылы шарт жасауды немесе жабдықты қайта баптауды ұсынады. Содан кейін олар SMS-пен келген кодты растауды немесе қаражатты “қауіпсіз” шотқа аударуды талап етеді.

 

Не істеу керек. Жұмыс пен қызмет туралы хабарламаларды қызмет көрсететін жеткізушінің ресми телефоны арқылы тікелей тексеріңіз.

 

5. Маркетплейстер мен төлем қызметтерінің фишингтік клондары

Қалай жұмыс істейді. Қаскүнемдер маркетплейс сайттарының, жеткізу қызметтері мен төлем формаларының нақты көшірмелерін жасайды-пайдаланушы карта деректерін жалған бетке енгізгенде, оларды бірден ұрлап алады.

 

Не істеу керек. Сайт доменін тексеріңіз, танымал қызмет бетбелгілерін қолданып, сатып алатын затыңызды тек ресми қосымшалар арқылы төлеңіз.

 

6. Инвестициялық және криптовалюталық “жалған старттар”

Қалай жұмыс істейді. Жабық чаттар немесе жалған токен жобалары арқылы “кепілдендірілген кіріс” ұсынады; жеке ұсыныс жасау арқылы және “танымал” адамдардың қатысуымен жалған фейк-бейне арқылы қызықтырады.  Мұның соңы көбінесе крипто аккаунттарға немесе айырбастаушыға ақша салу туралы ұсынысқа жалғасады.

 

Не істеу керек. Табысы жоғары уәделерге сақтықпен қараңыз.  Тек лицензияланған сайттар арқылы инвестициялаңыз және жобаның беделін тексеріңіз.

 

7. Көлеңкелі крипто айырбастау мен “дропперлер”

Қалай жұмыс істейді. Ақшаны жылыстату үшін заңсыз айырбас пен әмиян желілері қолданылады: қаражат аударым тізбегінен өтеді де жоғалады. Жақында тергеу нәтижесінде ондаған заңсыз сайттар жабылып, жылыстатылған сомалар миллиондаған USDT-ге тең болды.

 

Не істеу керек. Тек лицензияланған криптовалюталарды пайдаланыңыз; “дропперге” айналмаңыз — басқа адамдардың шоттарына қаражат қабылдап, аударғаныңыз үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мүмкін.

 

Кибералаяқтар жасампаз бола бастағандықтан, мұқияттылық танытып, негізгі ережелерді білгеніңіз – кез келген алдау схемасынан жақсы қорғаныс.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.