logo

Moody's рейтингтерге сүйеніп, Еуразиялық банктің болжамын "Тұрақты" деңгейге дейін жақсартты

2021 жылғы 29 қыркүйек

 

Moody ‘s Investors Service (Moody’s) рейтинг агенттігі ұлттық және шетел валютасындағы депозиттердің ұзақ мерзімді көрсеткіштері бойынша Еуразиялық банкке қатысты болжамды «тұрақты» деңгейіне дейін жақсартты. Банк бұрынғы рейтингтерін сақтап қалды. Бұл туралы ресми хабарлама Moody’s сайтында жарияланды.

 

Агенттіктің баспасөз релизінде жария етілгендей, болжамның жақсаруы тұтынушылық кредиттер сегментіндегі қарыздардың тиімділігі мен сапасының жоғары көрсеткіштерінің арқасында банктің қаржылық орнықтылығын көрсетеді.

 

Агенттіктің айтуынша, коронавирус індетінен кейін қолайсыз экономикалық орта мен күрделі бизнес-кеңістіктің қалыптасуына қарамастан, Еуразиялық банк резервтерді есептегенге дейін 10 миллиард теңгеден асқан тоқсандық кіріс көрсеткішін тұрақтандыруға мүмкіндік алды. Бұл банктің проблемалық қарыздары үшін резервтер қалыптастыруға аударымдар жасауына жағдай туғызады.

 

Банктің жалпы несие портфеліндегі ХҚЕС халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары бойынша проблемалық кредиттердің үлесі 2021 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша 2020 жылғы 31 желтоқсандағы 28,8%-дан 55,4%-ға азайды. Сонымен қатар проблемалық қарыздарды резервтер есебінен жабу көрсеткіші 64,7%-дан 81,1%-ға дейін өсті.

 

«Біз қиын пандемия кезеңіндегі банк жұмысының нәтижелеріне оң баға берілгеніне қуаныштымыз және осындай бағаны күткен болатынбыз. Жаңа бизнес-стратегияны енгізудің және тәуекелдерді сауатты басқарудың арқасында банк кредиттерді белсендіруге тез оралды. Біз технологиялық трансформацияға бет бұрып, жаңа цифрлық сервистерді іске қостық, бұл бизнестің көптеген сегменттерінде жайғасқан мықты нарықтық орнымызда қалуға және жақсы қаржылық көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Мұны рейтинг агенттігінің сарапшылары да атап өтті. Биылғы жылы портфельдің рентабельділігі мен сапасын арттыру жұмысты жалғастырудамыз», — деді Еуразиялық банк Басқармасының төрағасы Валентин Морозов.

 

Moody’s Еуразиялық банктен төлемге қабілеттілігіне төнетін қауіп-қатерлерді елеулі азайта отырып, бұдан әрі пайданы тек молайтуды күтеді.

 

Оның үстіне реттеуші тәуекелдер айтарлықтай төмендеді, өйткені банк 2019 жылғы активтерді бағалау рәсімі (AQR) барысында реттеуші және халықаралық сарапшылар тарапынан сапасы тексерілген кейбір корпоративтік кредиттер бойынша резервтеу өлшемшарттарына сәйкес деп танылды.

 

Агенттік банк жоғары рентабельділігін сақтап, активтердің сапасын арттыру жұмысын жалғастырған жағдайда, Еуразиялық Банктің ұзақ мерзімді рейтингтері әлі де көтерілуі мүмкін деп есептейді.

 

Еуразиялық банк — қазақстандық банктердің ішінде активтері жөнінен 8-ші орында тұрған әлеуметтік-маңызды әмбебап қаржы институты. Банктің қызмет көрсету желісіне бүкіл ел бойынша 17 филиал мен 114 бөлімше кіреді.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.