1) «Еуразиялық банк» АҚ-та 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған, қарызды қайта қаржыландыру туралы өтініш берілген сәтте шетел валютасында қызмет көрсетілген ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз);
2) 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шетел валютасымен берілген, 2015 жылғы 18 тамыздан кейін Бағдарламаның 1-бөлімінің 4-тарауы аясында Ұлттық Банктің қайта қаржыландыру күніндегі ресми бағамы бойынша ұлттық валютада қайта қаржыландырылған ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз);
3) 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шетел валютасымен берілген, 2015 жылғы 18 тамыздан кейін «Еуразиялық банк» АҚ-тың ішкі бағдарламалары бойынша ұлттық валютада қайта қаржыландырылған ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз);
4) 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шетел валютасымен берілген, ол бойынша сот актісі шығарылған ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз)