logo
Қз

Қазақстан Республикасы бейрезидент клиенттері үшін валюталық операцияларды жүргізуге енгізілетін өзгерістер туралы

2025 жылғы 14 наурыздан бастап “Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысына өзгерістер күшіне енеді.

 

Валюталық операцияларға енгізілген өзгерістерге сәйкес жүргізілуі Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптарын орындаудан жалтаруға бағытталуы мүмкін валюталық операцияларға, оның ішінде, егер ұлттық валютадағы ақшаның шығу көзі бейрезиденттің резидентке тауарларды сатудан (жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден), ұлттық валютаға өзге де қаржы активтерін сатудан, Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметтен ұлттық валютада дивидендтер алудан, бейрезидент бұрын төлеген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді Мемлекеттік кірістер органдарының қайтаруынан және ұлттық валютаның пайда болуының өзге де экономикалық негізделген көздері болса, бейрезиденттің (заңды/жеке тұлға) бір уәкілетті банктен ұлттық валюта үшін бір жұмыс күні баламасында елу мың АҚШ долларынан асатын сомаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу бойынша жүргізілген операциялары жатады.

 

Банк Қазақстан Республикасы заңнамасының жоғарыда көрсетілген талаптарын орындау мақсатында, 2025 жылғы 14 наурыздан бастап:

1. Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғалары банктен ұлттық валютаға (теңгеге) қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу үшін қызмет көрсететін менеджерге жүгіну қажет (“SmartBusiness” қашықтан банктік қызмет көрсету жүйесіндегі бұл операциялар қолжетімді болмайды);

2. Қазақстан Республикасының бейрезидент жеке тұлғалары банк бөлімшелерінде ұлттық валютадан (теңгеден) басқа шетел валютасына қолма – қол ақшасыз айырбастау операцияларын жүргізген кезде (операция сомасына қарамастан) Банк қызметкеріне ұлттық валютаның (теңгенің) шығу көзін растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

 

Қазақстан Республикасының бейрезидент клиенттері растайтын құжаттар ретінде банкке төмендегілермен шектелмей, ұлттық валютаның (теңгенің) шығу тегіне байланысты келесі құжаттарды ұсына алады:

  • резидентке тауарларды сатудан (жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден);
  • өзге қаржы активтерін ұлттық валютаға (теңгеге) сату;
  • Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметтен ұлттық валютамен (теңгемен) дивидендтер алу;
  • Мемлекеттік кірістер органдарының бұрын бейрезидент төлеген салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді қайтаруы;
  • ұлттық валютаның (теңгенің) шығуының өзге де экономикалық негізделген көздері.

 

Сұрақтар туындаған жағдайда, Банк бөлімшелеріне хабарласуға болады, олардың ақпараты мен мекенжайлары Банктің https://eubank.kz/maps/ интернет-ресурсында орналастырылған.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.