Еуразиялық банк Бизнес-клиент төлем карточкасын шығару және қызмет көрсету, шот ашу жөніндегі стандартты талаптарға (Қосылу шарты) өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы хабарлайды.
Енгізілген өзгерістер Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес енгізілді және ол:
– Қор банктің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысуы туралы куәлігін беруді тоқтатуға;
– “депозитор” ұғымын бекітуге қатысты.
Өзгерістер сайтқа орналастырылған күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.
Қосылу шартының жаңартылған редакциясымен келесі сілтеме бойынша танысуға болады