logo
Қз

Smartbank мобильді қосымшасы 2026 жылдың 1 ақпанынан бастап өз жұмысын тоқтатады

Еуразиялық банк клиенттерге 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап Smartbank мобильді қосымшасының жұмысы аяқталатынын хабарлайды. Қашықтан көрсетілетін банк қызметтерін алу үшін клиенттер Eurasian Bank жаңа мобильді қосымшаларына өтуі керек.

 

Біз сіздің бізге артқан сеніміңізді жоғары бағалағандықтан, ыңғайлы, қауіпсіз әрі жылдам қызмет көрсететін заманауи талаптарды ескере отырып, жаңа нұсқаны әзірледік.  Smartbank қосымшасының барлың негізгі сервистері жаңа қосымшаға ауыстырылып жақсартылды.

 

Жаңа Eurasian Bank қосымшасында не жаңарды?

  • жаңартылған, интуитивті тұрғыда түсінікті интерфейс;
  • жеделдетілген операциялар және жақсартылған іздеу жүйесі;
  • кеңейтілген қауіпсіздік құралдары;
  • жоғары жұмыс тұрақтылығы;
  • транзакциялар мен маңызды оқиғалар туралы заманауи push хабарламалары.

 

Уақытша қолжетімсіз қызметтер

Жаңа қосымшаның кеңейтілген функционалына қарамастан, жеке сервистер ауысу кезеңінде шектеулі режимде жұмыс істейді:

  • Валюталарды жеке айырбастау бағамдары.

 

Әзірге әзірленуде. Валюта айырбастау операцияларын жаңа қосымшада қолжетімді Forex платформасы арқылы жасауға болады.

 

  • Халықаралық SWIFT-аударымдары.

 

Техникалық үзіліс кезінде халықаралық аударымдар банк бөлімшелерінде ресімделеді. Private Banking клиенттері қызметтерді дербес менеджерден ала алады.

 

Жаңа қосымшадағы сервистердің қолжетімді жұмыстары туралы банк қосымша хабарлайтын болады.

 

Біз Сізге жайлы жағдай жасаймыз және сізді жаңа мобильді қосымшаны бағалауға шақырамыз!

 

Жиі қойылатын сұрақтарға берілетін жауаптар

 

Менің шоттарым, карталарым мен кредиттерім сақтала ма?

Иә, сіздің барлық өнімдеріңіз жаңа қосымшада автоматты түрде қолжетімді.

 

Шарттарды қайта ресімдеу керек пе?

Жоқ, шарттарды қайта ресімдеу талап етілмейді.

 

Жаңа қосымшаға кіре алмағанда не істеу керек?

Нұсқаулықты пайдалануды немесе банктің байланыс орталығына хабарласуды ұсынамыз:

+7 (771) 000-77-22

+7 (700) 000-77-22

WhatsApp: +7 (777) 000-77-22

 

Кредит төлемдерін жалғастыруға бола ма?

Иә, кредиттерді жаңа қосымшада толық көлемде төлеуге болады.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.